Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №25 хаттама



Дата25.02.2016
өлшемі44.78 Kb.
#24427
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 25 хаттама

2014 жылы рентгентелевизиондық жиынтықты мемлекеттік сатып алу




Астана қ.


2014 жылғы 6 маусым сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 074 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы рентгентелевизиондық жиынтықты бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Тауарды сатып алуға бөлінген сомасы 6 023 214,29 (алты миллион жиырма үш мың екі жүз он төрт) теңге жиырма тоғыз тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 11-4/275 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2014 жылғы 15 мамырдағы негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.

4. «IBC-IT-КАЗАХСТАН» ЖШС («Ай-Би-Си-КАЗАХСТАН» ЖШС) Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- мемлекеттік лицензия;

- «Казкоммерцбанк» АҚ Алматылық филиалы бойынша банкінің директорының орынбасарының А. М. Казованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Казкоммерцбанк» АҚ Астаналық филиалы бойынша банкінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 69014863 анықтамасының түпнұсқасы;

- «БТА банк» АҚ АФ бойынша банкінің «Шебер» бөлімшесінің бастығы Ю. В.Акимжанованың және «БТА банк» АҚ АФ бойынша банкінің «Шебер» бөлімшесінің бас контролер А. С. Бекмурзинаның қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «БТА банк» АҚ бойынша банкінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 9503 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2014 жылғы 23 мамырдағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ-мен берілген 2014 жылғы 27 мамырдағы анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған тауарларға берілетін бағалардың негіздемесі;

- тауарлардың техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «IBC-IT-КАЗАХСТАН» ЖШС («Ай-Би-Си-КАЗАХСТАН» ЖШС), Алматы қ., Орбита-1 шағын ауданы, 35 үй 81 пәтер және мұндай шарттардың бағасы 6 023 214 (алты миллион жиырма үш мың екі жүз он төрт) теңге (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 21 мамырдағы № 12-4/275 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2014 жылы рентгентелевизиондық жиынтықты бір көзден алу тәсілімен Алматы қ., Орбита-1 шағын ауданы, 35 үй 81 пәтер, мекен-жайы бойынша орналасқан «IBC-IT-КАЗАХСТАН» ЖШС («Ай-Би-Си-КАЗАХСТАН» ЖШС)-нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2014 жылғы « 12 » маусымға дейін «IBC-IT-КАЗАХСТАН» ЖШС-мен («Ай-Би-Си-КАЗАХСТАН» ЖШС) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.

3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы

А.Қ. Евниев









Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының м. а.



Б. С. Аймбетов



Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы


Г.Ж. Баймаханова


Приложение к протоколу об итогах
Экспертное заключение

по предлагаемым потенциальным поставщиком товарам (рентгенотелевизионный комплекс) на соответствие

требованиям конкурсной документации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 16.04.14 г. №11-4/198

Эксперт, определенный приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства РК от 21.05.14 г. №11-4/275, рассмотрев техническую спецификацию ТОО «Ай-Би-Си-ИТ-КАЗАХСТАН» по государственным закупкам товаров (рентгенотелевизионный комплекс), способом из одного источника сообщает, что техническая спецификация соответствует требованиям Конкурсной документации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 16.04.14 г. №11-4/198.



Эксперт Саусканов Евгений Игорьевич

02.06.14

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет