Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №12 хаттама



Дата23.02.2016
өлшемі35.97 Kb.
#3211
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 12 хаттама

2015 жылы сайттардың техникалық қолдау бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алу




Астана қ.


2015 жылғы 13 наурыздағы сағат 17:00


1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында, шеңберінде 2015 жылы сайттардың техникалық қолдау бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 464 285,71 (төрт жүз алпыс төрт мың екі жүз сексен бес) теңге қырық тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 11-4/133 бұйрығының және Қоғаммен байланыс басқармасының 2015 жылғы 5 қаңтардағы негіздемесінің негізінде, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейінгі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік.

4. «BK.KZ STUDIO» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- «Альфа-Банк» АҚ ДБ филиалы бойынша банкінің операционның басқармасының бастығы М. Д. Лебединскидің қолы және филиалдың бас бухгалтердің «Альфа-Банк» АҚ ДБ филиалы Н.В. Серованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Альфа-Банк» АҚ ДБ филиалы бойынша банкінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 38/1091 анықтамасының түпнұсқасы;-

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2015 жылғы 24 ақпандағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық мемлекеттік Комитеті Астана қаласы бойынша Алматы ауданы қазынашылық мемлекеттік басқармасы» берілген 2015 жылғы 25 ақпандағы анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған тауарларға берілетін бағалардың негіздемесі;

- тауарлардың техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11-4/209 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «BK.KZ STUDIO» ЖШС, Астана қ., Абай 44 А көшесі, 11 үй және мұндай шарттардың бағасы 464 285,71 (төрт жүз алпыс төрт мың екі жүз сексен бес) теңге қырық тиын (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2015 жылы сайттардың техникалық қолдау бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Абай 44 А көшесі, 11 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «BK.KZ STUDIO» ЖШС -мен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қоғаммен байланыс басқармасы 2015 жылғы « 20 » наурызғаға дейін «BK.KZ STUDIO» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.



3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы м.а

Ж.Е. Аманбаев








Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасары




Р. А. Тукишева









Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы


А.Т. Амантаева


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет