Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №10 хаттама



Дата25.02.2016
өлшемі38.35 Kb.
#24475
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 10 хаттама

2014 жылы қызметтік автокөлікпен көліктік қызмет көрсету және кесте бойынша қалалық және қала маңындағы жолаушы тасымалдау бойынша түрлі және өзге де көлік қызметтерін мемлекеттік сатып алу




Астана қ.


2014 жылғы 25 ақпан сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 100 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» шеңберінде 2014 жылы қызметтік автокөлікпен көліктік қызмет көрсету және кесте бойынша қалалық және қала маңындағы жолаушы тасымалдау бойынша түрлі және өзге де көлік қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 1 607 142,86 (бір миллион алты жүз жеті мың жүз қырық екі) теңге сексен алты тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 12-4/64 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2013 жылғы 28 желтоқсандағы негіздемесінің негізінде, егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;

4. «Автобусный парк №3 Sk.» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- «БТА Банкі» АҚ «Астана» филиалының «Сарыарқа» 18-19 бөлімінің бастығы Г.Т. Молдағалиеваның және «БТА Банкі» АҚ «Астана» филиалының «Сарыарқа» 18-19 бөлімінің бас контролері А. С. Бекболатованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «БТА Банкі» АҚ «Астана» филиалының 2014 жылғы 30 қаңтардағы Акм20№3568 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2014 жылғы 27 қаңтардағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ-мен берілген 2014 жылғы 29 қаңтардағы анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;

- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Автобусный парк №3 Sk.» ЖШС, Астана қ., Алаш 29 және мұндай шарттардың бағасы 1 607 142,86 (бір миллион алты жүз жеті мың жүз қырық екі) теңге сексен алты тиын (ҚҚС-сыз).

6. Сараптамалық комиссия тартылған жоқ.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2014 жылы қызметтік автокөлікпен көліктік қызмет көрсету және кесте бойынша қалалық және қала маңындағы жолаушы тасымалдау бойынша түрлі және өзге де көлік қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Алаш 29, мекен-жайы бойынша орналасқан «Автобусный парк №3 Sk.» ЖШС-нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2014 жылғы « 28 » ақпанға дейін «Автобусный парк №3 Sk.» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.



3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы

А.Қ. Евниев










Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының м.а.


Б. С. Аймбетов




Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы


Г.Ж. Баймаханова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет