Бір мақсат, бір мүдделі іргелі елміз, Айдынында өмірдің бір кемеміз



Дата09.06.2016
өлшемі8.73 Kb.
#124501
Ірі елміз

Бір мақсат, бір мүдделі іргелі елміз,

Айдынында өмірдің бір кемеміз.

Ұстанымы- татулық, бірлік, елдік,

Жүрегі бар кеудеде күнмен егіз.
Тарылмаған ақ пейіл, керегеміз,

Сан ұлтты ұйыстырған ғажап елміз.

Өз нанын өзгеменен бөліп жеген,

Бауырмал қазағымның көңлі семіз.


Жай жатқанда жайдары жайсаң елміз,

Сілкінсе, жолын жайпар бейне селміз.

Арманды ақиқатқа айналдырған

Бодандықтың бұғауын бұзған ерміз.


Шүкір алла, шүкір, шүкір, кімнен кембіз,

Кереге кең, тең біздің тереземіз.

Үмітін болашаққа үкілеген

Сан сынаққа сынбаған сірі елміз.

Сірі елміз, әу бастан тірі елміз !
Біз осындай әу бастан «тірі» елміз,

Ширалған сынақтармен шымыр елміз

Қолдаған «Мәңгілік ел» идеясын

Тірі елміз, сірі елміз, ірі елміз.

Жаңақорған ауданы

Сунақата ауылы



№ 194 орта мектебі

Қансейтова Шолпан Икатқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет