«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»



жүктеу 139.65 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі139.65 Kb.


9


Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы «24» сәуір

№ 120/4 қаулысымен

бекітілді



«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысының қалалық және аудандық білім беру бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалының бөлімдері (бұдан әрі – ХҚО), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін, банктерге кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету туралы анықтама беру.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызмет беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз:

ХҚО-ға жүгіну кезінде: Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынумен осы Стандарттың 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;

Портал арқылы жүгіну кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұрау және баланың туу туралы куәлігі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің (әрекетінің) құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, ұзақтығы мен оны орындау реттілігі, соның ішінде рәсімдердің (әрекеттердің) өту кезеңі:

1) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжатты берген сәттен бастап қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды бұрыштама қоюға жібереді (20 минуттан аспайды);

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады, жауапты маманды анықтайды (1 жұмыс күні ішінде);

3) жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды қарастырады, бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, iшкi iстер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін берiлетiн анықтама дайындайды (1 жұмыс күні ішінде);


  1. 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтаманы қарастырады және қол қояды (1 жұмыс күні ішінде);

  2. 5) жауапты орындаушы есепке алу журналына көшірмені тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚО-ға береді (1 жұмыс күні ішінде).

3. Нәтижесі – бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, iшкi iстер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн, iшкi iстер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшiн, банктерге кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету берiлетiн анықтама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара әрекет тәртібін сипаттау


  1. 1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

  2. 1) кеңсе қызметкері;

  3. 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

  4. 3) жауапты орындаушы.

  5. 2. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2 және 3-қосымшаларына сәйкес кестемен және блок-сызбамен қоса беріледі.



4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара әрекет тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау
1. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, ХҚО-ға жүгіну тәртібін сипаттау:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ХҚО операторына Стандарттың қосымшаларына сәйкес қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;

2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін ХҚО операторының Халыққа қызмет көрсету орталығы Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);

3) 2-үдеріс – ХҚО операторының қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;

4) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұрауды жіберу;

5) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің бар болуын тексеру;

6) 4-үдеріс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

7) 5-үдеріс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) ХҚО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.

ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеті осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

2. Әрбір рәсімді (әрекетті) көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ХҚО арқылы алу рәсімін (әрекетін) сипаттау:

1) 6-үдеріс – ӨЭҮШ АЖО-да электрондық құжатты тіркейді;

2) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі;

3) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

4) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы.

3. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы үдерістерінің (әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен Порталда тіркелуді жүзеге асырады;

2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының Порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);

3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын Порталда тексеру;

4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты Порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұрау нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрауда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;

7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші сұрауды өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ӨЭҮШ АЖО-ға жіберу;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі;

10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет диаграммасы осы регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша



Павлодар облысы білім беру бөлімдерінің

тізімі


Р/с№

Білім беру бөлімі

Мекенжайы

Телефоны

e-mail

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97

2-12-07

aktogairoo3@mail.ru

2

Баянауыл аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Әуезов көшесі, 19

9-20-73

bayanaul_roo@mail.ru

3

Железин аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Пятков көшесі, 7

2-14-29

zhelezroo@mail.ru

4

Ертіс аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы,

И. Байзақов көшесі, 14



2-11-40

irt.plan.roo@mail.ru

5

Качиры аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Качиры ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 124

2-29-06

roo_kashir@mail.ru

6

Лебяжі аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Баймолдин көшесі, 13

2-13-03

Lebroo@list.ru

7

Май аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34

9-21-27

raioo@mail.ru

1

2

3

4

5

8

Павлодар аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22


32-96-80

pvroo_2008@mail.ru

9

Успен аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Успен ауданы, Успенка ауылы, Ленин көшесі, 71

9-19-55

usproo@mail.ru

10

Шарбақты аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 53

2-17-01

cherbroo@mail.ru

11

Павлодар қаласының білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

32-21-67


pavl-goo@yandex.ru

12

Екібастұз қаласының білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 101А

77-16-92

ekibastuz-goroo@yandex.ru

13

Ақсу қаласы-ның білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 42

6-71-77

aksu_gorono@mail.ru

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау

блок-сызбасы





Кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және құжаттарды басшыға жібереді

(20 минуттан аспайды)







Көрсетілетін қызметті алушы: өтініштерді және құжаттарды беру

















Жауапты орындаушы құжаттарды тексеруді жүзеге асырады, сұрауларды жібереді, анықтама дайындайды

(1 жұмыс күні)






Жауапты орындаушы анықтаманы журнал-ға тіркейді және ХҚО-ға жібереді




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет