«Бірлескен құрылыс корпорациясы» Акционерлік Қоғамының «Бірлескен құрылыс корпорациясы» АҚ акцияларын шығару проспектісі



Дата25.02.2016
өлшемі224.68 Kb.
#20738
«Бірлескен құрылыс корпорациясы»

Акционерлік Қоғамының

«Бірлескен құрылыс корпорациясы» АҚ

акцияларын шығару проспектісі

“Жарияланған акцияларды шығаруды өкілетті органның мемлекеттік тіркеуге алуы проспектіде сипатталған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсыныстар жасауды білдірмейді. Жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуге алған өкілетті орган осы құжатта көрсетілген ақпараттардың растылығына жауап бермейді. Акцияларды шығару проспектісі тек Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігіне ғана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде көрсетілген ақпараттардың растылығы үшін жауап береді және онда көрсетілген барлық ақпараттар расталған және инвесторлардың қоғамға және оның таратылған акцияларына қатысты жаңылысуына әкеліп соқтырмайтындығын растайды ”


Алматы 2005 жыл.

1-тарау. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер.


Проспект тексті бойынша қоғам аталуын қолдану мақсатында - «БҚК» АҚ қысқартылу енгізілген.

2. Акционерлік қоғамның атауы.



Толық атауы


Қысқартылған атауы

Мемлекеттік тілде


«Бірлескен құрылыс корпорациясы» акционерлік қоғамы

«Бірлескен Құрылыс корпорациясы» АҚ

Орыс тілінде


Акционерное общество “Объединенная строительная корпорация”

АО «Объединенная строительная корпорация»


Акционерлік қоғамның осының алдындағы атауы



Толық атауы


Қысқартылған атауы

Мемлекеттік тілде


«Бірлескен құрылыс корпорациясы» жабық акционерлiк қоғамы

«БҚК» ЖАҚ

Орыс тілінде


Закрытое акционерное общество «Объединенная строительная корпорация»

ЗАО «ОСК»

Акционерлік қоғамның атауы өзгертілген күн: 04.10.2004 жыл.

«Бірлескен құрылыс корпорациясы» АҚ 12.10.2004ж. қосылу туралы шартымен сәйкес қосылу жолымен өткен қайта құрылуына байланысты ЛУКойл-Нефтегазстрой-К АҚ құқықтық мирасқоры болып табылады.


3. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.

04.10.2004 жыл, № 36017-1910-АҚ, Алматы қаласының Әділет басқармасы.


4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 600700214507.
5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері туралы ақпараттар, телефондар мен факстың нөмірлері, электронды поштаның мекен жайы.

  • Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тәжібаев көшесі, 184;

  • Телефон: 78-35-20; 78-34-45; Факс: 78-35-30

  • E-mail: -Mkarbayev@osk.kz-


6. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері.

«Банк Тұран Әлем» АҚ АФ Алматы қаласы, Самал-3 шағын ауданы, Жолдасбеков көшесі, 97, БЖК 190501306, ИЖК 920467193.

«АТФБанк» АҚ АФ Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 183, БЖК 190501956, ИЖК 066467429.
7. Акционерлік қоғам қызметінің түлері:


  • жобалық жұмыстар, құрылыс салу учаскелерін, жұмыстардың көлемдері мен құнын анықтауға, инженерлік желілерге қосылуын анықтауға, құрылыс салуға рұқсат беретін құжаттарды алуға қалпына келтірілетін объектілерді зерттеу;

  • жобалауды, сараптама жүргізуді басқаруды ұйымдастыру және жобалық шешімдерді келісу, жобалық құжаттамаларды шығару;

  • құрылысты және жұмыстардың өндірісін ұйымдастыруды жобалау;

  • жобалау мен құрылыс салудың барлық қатысушыларының жұмысын үйлестіру және басқару;

  • инжиниринг;

  • құрылыс алаңын игеру және жабдықтау;

  • алаң ішіндегі жолдарды орналастыру;

  • жер құрылыстарын орналастыру;

  • алаңдарды тігінен жоспарлау кезінде топырақты өңдеу;

  • қазу мен топырақ үюді жасау;

  • табандар мен іргетастарды жасау;

  • тірек іргетастары мен қоршауларды жасау;

  • тастан жасалған құрылымдарды тұрғызу;

  • бетон және темірбетон құрылымдарын тұрғызу;

  • опалубкаларды жасау;

  • арматураны жасау және жинау;

  • бетон қоспалары мен ерітінділерін өнжіру, тасымалдау және жаю;

  • құрылымдарды бетондау;

  • құрылыс құрылымдарын жинау;

  • ағаш, металл, металл пластикті құрылымдарды дайындау және жинау;

  • шатырларды жасау, соның ішінде жеке дана материалдардан жасау;

  • құрылымдарды оқшаулау және коррозияға қарсы қорғау;

  • құрылымдарды жылумен және шуылдан оқшаулау;

  • ғимараттар мен құрылыстарды өңдеу;

  • ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы және ішкі беттерін қаптау;

  • әр түрлі мақсаттағы едендерді жабу;

  • резервуарлық парктерді және мұнай құю терминалдарын дайындау және жинау;

  • компрессорлық және сорғы станцияларын жинау және іске қосу-оңалту жұмыстары;

  • көпірлер мен өткелдердің құрылысын салу;

  • табиғи монополияларға жатпайтын, кіріп тоқтауға арналған темір жолдар және автомобиль жолдары;

  • табиғи монополияларға жатпайтын жасылдандыру, жайғастыру және ландшафттық жұмыстар;

  • табиғи монополияларға жатпайтын, сумен жабдықтау және канализация жүйелерін құрау, құрғату жүйелері;

  • маркетингтік зерттеулер мен қызметтер.


8. Акционерлік қоғамға немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингтік агенттіктердің және/немесе Қазақстан Ресмпубликасының рейтингтік агенттіктерінің берген рейтингтерінің болуы туралы мәліметтер.

Акционерлік қоғамға немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингтік агенттіктер және/немесе Қазақстан Ресмпубликасының рейтингтік агенттіктері рейтинг берген жоқ.


9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілдіктерінің атаулары, тіркелген уақыты, орналасқан жерлері және пошталық мекен жайлары.

Филиалдар мен өкілдіктің атауы

Тіркелген уақыты

Орналасқан жері мен пошталық мекен жайы

«БҚК» АҚ Астана қаласындағы филиалы

15.11.2004 ж.

Астана қаласы, Сарыарқа ш/а Бетонная көшесі, 1

«БҚК» Шымкент қаласындағы филиалы

16.03.2005 ж.

ОҚО Шымкент қаласы, Ақпан-Батыр көшесі, 60А


10. Акционерлік қоғамның қаржылық есебіне аудит жүргізуші (жүргізген) аудиторлық ұйымның толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, бар болса - әкесінің аты).

«Сапа-Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (25.02.2000 жылғы № 0000057 аудиторлық қызметпен айналысуға берілген мемлекеттік лицензия). «Сапа-Консалтинг» ЖШС директоры - Нұрғазиев Талғат Елубайұлы.



2. Қоғамның органдары мен құрылтайшылары (акционерлері).



11. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі.


Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің аты-жөні, туылған жылдары

Осы уақыттағы және соңғы 3 жылдағы, соның ішінде қатар атқару арқылы атқарған лауазымы

Акционерлік қоғам таратқан акциялардың жалпы көлеміне акциялардың пайыздық қатынасы

Еншілес және тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталын-дағы үлестер (%)

Сабиржанов Хабибулла Лутфуллаевич 1947 жылы туылған – Директорлар кеңесінің төрағасы

14.01.2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы.

01.06.2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін - «БҚК» АҚ аппараты басшысының бас директордың бірінші орынбасары.



-


-


Карбаев Мухамеджан Сейтешевич 1949 жылы туылған- Директорлар кеңесінің мүшесі

14.01.2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі.

18.10.2000 жылдан бастап осы уақытқа дейін - «БҚК» АҚ Президенті;




17


-


Айтмуханбетов Берикбол Мухатаевич - Директорлар кеңесінің мүшесі

14.01.2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін – қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі. 20.05.1998ж. бастап осы уақыт бойы «ФСК Құрылыс» ЖШС атқарушы директоры



-


Директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелері қандай да бір басқа лауазымды бірге атқару жолымен атқармайды.
Алда өткен екі жыл ішіндегі директорлар кеңесінің құрамында болған өзгертулер:

Директорлар кеңесінің құрамындағы екі жыл ішіндегі өзгерістер:

Карбаев М.С. 07.08.2001жылдан бастап 14.01.2005 жыл бойы директорлар кеңесінің төрағасы; 14.01.2005ж. бастап осы уақытқа дейін директорлар кеңесінің мүшесі.

Кун В.Г. 07.08.2001жылдан бастап 14.01.2005 жыл бойы директорлар кеңесінің мүшесі, 2000 жылдан бастап осы уақытқа дейін «БҚК» АҚ Бас директоры;

Ергалиева А.А. 07.08.2001жылдан бастап 14.01.2005 жыл бойы директорлар кеңесінің мүшесі.
12. Акционерлік қоғамның алқалы (дара) атқарушы органы.


Басқарма мүшелерінің аты-жөні, туылған жылы

Осы уақыттағы және соңғы 3 жылдағы, соның ішінде қатар атқару арқылы атқарған лауазымы

Акционерлік қоғам таратқан акциялардың (пайыздардағы) жалпы көлеміне жарғылық капиталдағы үлес

Карбаев Мухамеджан Сейтешевич 1949 жылы туылған – Директорлар кеңесінің мүшесі

14.01.05 жылдан бастап осы уақытқа дейін қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі. 2000 жылдан бастап осы уақытқа дейін - «БҚК» АҚ президенті.


17



13. Директорлар кеңесің мүшелеріне, атқарушы органның мүшелеріне және басқа да басқарушы жұмыскерлерге төленетін сыйақылар.

теңге


Лауазымы

Соңғы үш жылдағы сыйақы мен еңбек ақының жалпы сомасы

Соңғы қаржылық жылдағы сыйақы мен еңбек ақының жалпы сомасы

Директорлар кеңесінің төрағасы Сабиржанов Х.Л.

400636

1812225

«БҚК» АҚ Президенті, Директорлар кеңесінің мүшесі Карбаев М.С.

880331

2310331

Бас директор

Кун В.Г.


571456

1855000

Экономика және қаржы директоры

Ергалиева А.А.



405000

1800464

Проспектің 11 және 12 бөлімшелерінде көрсетілген басқа тұлғаларға сыйақы және еңбекақы қарастырылмаған.

14. Акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық құрылымы.


  1. құрылымдық бөлімшелер:

Схема

2) акционерлік қоғам қызметкерлерінің, соның ішінде акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктері жұмыскерлерінің жалпы саны: 1014 адам;

  1. акционерлік қоғамның акцияларын иеленген акционерлік қоғам қызметкерлерінің жалпы саны: бір;

олардың таратылған акциялардың жалпы санындағы пайыздардағы жиынтық үлесі: 17%;

  1. Акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәліметтер:


Лауазымы


Аты-жөні



Туылған жылы

Басшылық

Кун Валерий Генрихович

Бас директор

27 шілде 1944 жыл

Сабиржанов Хабибулла Лутфуллаевич

Бас директордың бірінші орынбасары

15 маусым 1947жыл

Моисеева Салима Бектемировна

Вице-президент – Батыс Қазақстан бойынша жобалардың үйлестірушісі

02 желтоқсан 1960жыл

Искаков Кусаин Камалович

Бас директордың орынбасары – орталық аймақты дамыту жөніндегі бағдарламалардың бас үйлестірушісі

01 қаңтар 1951жыл

Брусиловский Виктор Моисеевич

Өндіріс жөніндегі директор



24 сәуір 1950жыл

Ергалиева Алтын Ахметовна

Экономика және қаржылар жөніндегі директор

28 наурыз 1956 жыл

Аргимбаева Шолпан Мустафаевна

Жарнама жұмысы жөніндегі директор

27 қазан 1957жыл

Сагимбаев Булат Магзумович

Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер

27 қараша 1948жыл

Әкімшілік

Касанаева Калима

Сапа және еңбекті қорғау менеджменті жүйелерінің бөлім бастығы

14 ақпан 1953жыл

Попов Геннадий Павлович

Техникалық департаменттің директоры

05 маусым 1937жыл

Мищенко Анатолий Иванович

Өндірістік департаменттің директоры

6 маусым 1949жыл

Бухгалтерлік есепке алу және есеп беру департаменті

Карипбаева Сандугаш Хамзиновна

Бухгалтерлік есепке алу және есеп беру департаментінің директоры – бас бухгалтер

02 қаңтар 1955жыл

Бурьян Александра Харлампьевна

Бас бухгалтердің орынбасары

23 қазан 1952жыл

Ким Эльвира

Бас бухгалтердің орынбасары

15 ақпан 1955жыл

Саклис Елизавета Харлампьевна

Шығындары есепке алу жөніндегі жетекші бухгалтер

18 ақпан 1951жыл

Мамырханова Айгул Ахметовна

Қызметкерлер жөніндегі бухгалтер

30 наурыз 1960жыл

Сакмарова Любовь Викторовна

Қызметкерлер жөніндегі бухгалтер

15.01.1950жыл

Елюбаева Жанар Сериковна

Салық салу және есеп беру жөніндегі бухгалтер

08 қаңтар 1977

Мамажан Галина Елубайқызы

Бухгалтер-кассир

26 тамыз 1955жыл

5) Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары туралы мәліметтер.


Лауазымы


Аты-жөні



Туылған жылы

1.

Астана қаласындағы «БҚК» АҚ филиалының директоры

Садыров Ғапур Теипұлы

13.07.1958 жылы

2.

Шымкент қаласындағы «БҚК» АҚ филиалының директоры

Тасанбаев Халижан Егемқұлұлы

20.07.1948 жыл

15. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары (акционерлер).



Акционер

Мекен жайы

Қоғам таратқан акциялардан акционерлердің үлестері (%)

1

«ЛУКойл-Нефтегазстрой» ЖАҚ

Ресей Федерациясы, 628482, Қоғалым қаласы, Тюмень облысы, Широкая көшесі, 40

83

2


Қарбаев Мұхамеджан

Қазақстан Республикасының азаматы, Алматы қаласы, Попов көшесі, 37

17

Қоғамның дауыс беруші акцияларын сатып алуға жасалған опциондар туралы ақпарат жоқ.

16. Акционерлік қоғам үлкен акционер болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер – ұйымның таратылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлестер) он және одан көп пайыздарын иеленеді.

Акционерлік қоғамның басқа ұйымдарда акциялары (жарғылық капиталдағы үлестері) бар, «Қарағанды Өнерқұрылысжоба» ААҚ-да 32,78% пайызды құрайды.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Нүркен Абдиров көшесі, 3.

Қызметінің түрі: 1) Жобалық, ғылыми-зерттеу, конструкторлық және басқа да жұмыстарды орындау, ғылыми-техникалық сипаттағы жұмыстар.

2) Өндірістің тауар, құрылыс, өнеркәсіптік және басқа да түрлері.

Басшысы: Президент Шәріпов Абдунаби Абдухалилұлы

және «Интергазстрой» ЖАҚ 39%.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Батыс – Қазақстан обл. Ақсай қаласы, Дружба Народов көшесі, 2.

Қызметтердің түрлері: 1) газ мұнай өнімдерінің құбырларының құрылысын салу.

2) Қазақстанның мұнай газ кен орындарындағы және халық шаруашылығы салаларының басқа да объектілеріндегі кешенді жайғастыру, елді мекендерді қамтамасыз ету және газдандыру.

Басшысы: Президент Қуанышалиев Нұрлан Жаңабайұлы.

және «Промтехмонтаж» ААҚ 49%

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Тажібаевой көшесі 184

Қызметтердің түрлері:Өнеркәсіптік жене жалпы пайдалымдағы ғимараттыр салу

Басшысы:Бас директор Ткаченко В.Г.

«Казнефтегазсервис» ЖШЖ 95%

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Алматы қ. Азаттық данғылы 61

Қызметтердің түрлері Қазақстанның мұнай газ кен орындарындағы және халық шаруашылығы салаларының басқа да объектілеріндегі кешенді жайғастыру, елді мекендерді қамтамасыз ету және газдандыру.

Басшысы:Бас директор Моисеев Н.Ф.

«Нұр -пласт» ЖШЖ70%

Орналасқан жері: Астана қ. Промышленный ауданы

Қызметтердің түрлері металл пластиктен өнімдер шығару

Басшысы Директор Искаков К.К.

«Проммонтаж – ЛК - Кульсары» ЖШЖ 22 %

Орналасқан жері:Атырау облысы Кулсары қ.

Қызметтердің түрлері:Өнеркәсіптік жене жалпы пайдалымдағы ғимараттыр салу

Басшысы:Жумагалиев Б.Т.

17. Қоғам қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, ассоциациялар, консорциумдар туралы ақпарат.

Акционерлік қоғам қатыспайды.



18. Акционерлік қоғамның басқа да аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер.

Акционерлік қоғамның басқа аффилирленген тұлғалары жоқ.



18-1. Қоғамның аффилирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер.

Акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғалары жоқ. Мәмілелер жасалған жоқ.


3-тарау. Акционерлік қоғамның қызметін сипаттау.


19. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлерін қысқаша сипаттау, акционерлік қоғамның бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер.

  • жобалық жұмыстар, құрылыс салу учаскелерін, жұмыстардың көлемдері мен құнын анықтауға, инженерлік желілерге қосылуын анықтауға, құрылыс салуға рұқсат беретін құжаттарды алуға қалпына келтірілетін объектілерді зерттеу;

  • жобалауды, сараптама жүргізуді басқаруды ұйымдастыру және жобалық шешімдерді келісу, жобалық құжаттамаларды шығару;

  • құрылысты және жұмыстардың өндірісін ұйымдастыруды жобалау;

Бәсекелестер: «Имсталькон» ААҚ

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10А

Қызметінің түрі: 1) Құрылыстық металлқұрылымдарын жасау және құрау.

2) Өнеркәсіптік ғимараттардың құрылысын салу.

Басшысы: Бас директоры Кананыкин Владимир Тимофеевич.

«Компания Монтажспецстрой» ЖАҚ

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10А

Қызметінің түрі: Азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс.

Басшысы: Президент Ежиков – Бабаханов Евгений Георгиевич.



20. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сатудың (жұмыстардың, қызметтердің) табыстылығына оң және теріс әсер ететін факторлар.

Сұраныс және ұсыныс;

Бәсекелестік;

Макроэкономикалық жағдайлар.



21. Соңғы екі жылда немесе акционерлік қоғамның нақты құрылғанынан бергі кезеңде сатылған өнімдердің (орындалған жұмыстардың, қызметтердің) көлемдері.

мың теңге






2003 ж.

2004 ж.

Сатылған өнімнің көлемі –

2402351

3979670

Соңғы екі жылдағы сатылған өнімдердің (атқарылған жұмыстардың, қызметтердің) көлемдеріндегі өзгертулерді талдау көлемнің 2003 жылы 41.89%, 2004 жылы 30.36% өткенін көрсетті.

22. Өз өнімін (жұмыстар, қызметтер) сатуды ұйымдастыру жөніндегі акционерлік қоғамның қызметі.

Қоғамның негізгі жеткізушілері мен тұтынушылары туралы мәліметтер

Жеткізушілер

Жеткізілулер үлесі %

Тұтынушылар

Жалпы табыстағы үлес, %

«Fitech engineering» ЖШС

13,2

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ

48

23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:

  1. мезгілдік сипатқа ие қызметтердің түрі, акционерлік қоғамның жалпы табысындағы олардың үлесі:

акционерлік қоғамның қызметінде мезгілдік сипат жоқ;

  1. сатылатын өнімнің жалпы көлеміндегі акционерлік қоғамға көрсетілетін жұмыстардағы, қызметтердегі импорттың үлесі және акционерлік қоғам экспортқа сататын жұмыстардың, қызметтердің үлесі:

акционерлік қоғамға көрсетілетін жұмыстардағы, қызметтердегі импорттың үлесі және акционерлік қоғам экспортқа сататын жұмыстардың, қызметтердің үлесі жоқ;

3) акционерлік қоғамның сот процестеріне қатысуы туралы мәліметтер:

Акционерлік қоғам осы уақытта сот процестеріне қатысқан жоқ;



4) соңғы жыл ішіндегі барлық әкімшілік өндіртіп алу шаралары туралы мәліметтер:

Соңғы жыл ішінде акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына сотпен және (немесе) мемлекеттік өкілетті органмен әкімшілік өндіртіп алу шаралары тағайындалған жоқ.



  1. Тәуекел факторлары:

  • Акционерлік қоғам бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына қатыспайды және нарықтағы өнім құнының өзгеруі акциялардың құнына әсер етпейді.

  • Инфляциямен байланысты тәуекел төмен, сондықтан Қоғамның қызметіне әсер етпейді; ұлттық валютаның бірден болған девальвациясының тәуекелі долларлық баламадағы Қоғамның табыстарының азаюына әкеліп соқтыруы мүмкін;

  • Елдегі саяси ақуалдың өзгеруімен және заңдардың өзгеруімен байланысты тәуекелге қатысты айтылатын болса, бұл тәуекел салықтық және үкіметтік мекемелердің Қоғамның бизнесіне әсер ету дәрежесіне байланысты болады. Мемлекеттегі немесе заңдардағы өзгерістер бүкіл кәсіпорынның әрі қарайғы операциялық қызметіне теріс ықпал етуі мүмкін және бизнестің немесе клиенттердің жоғалуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ, қазіргі уақытта үкіметтің күш-қуаты Алматы, Алматы облысының инфра құрылымын жетілдіруге, шетелдік инвестиция мен бизнесінің үлкен көлемін тартуға, сондай-ақ жұмыс орындарын құру мен көбейтуге бағытталған. Осы уақыттағы ҚР заңдары Қоғамның қызметі үшін барынша қолайлы және өзара тиімді жағдай туғызуда.

  • Әлеуметтік факторларға байланысты тәуекелдер. Қоғамның қызметі өндірістік саланың негізгі түрлерінің бірі болып табылады, ол өз кезегінде ҚР саясатының басты бағыты болып табылады және сондықтан онда көрінуі мүмкін барлық әлеуметтік тәуекелдер мемлекетке тән болуы мүмкін әлеуметтік тәуекелдерге сәйкес келеді. Бүгінгі таңда ҚР ТМД елдерінің арасындағы ең әлеуметтік қолайлы мемлекеттердің бірі болып табылады, сондықтан әлеуметтік тәуекелдер жеткілікті түрде төмен.

  • Әлеуметтік факторларға және елдің экономикалық дамуына тәуелділік:

компанияның бизнесін дамыту ел экономикасының әрі қарай дамуына, өмір сүру жағдайына және басқа да экономикалық индикаторларға тікелей байланысты. Әйтпесе, Республиканың экономикалық құлдырауы компанияның табысы мен оның міндеттемелерді өтеу кезіндегі төлем қабілеттіліген теріс әсер береді.
4-тарау. Қаржылық емес ұйымдардың қаржылық жағдайы.

24. Инвестициялар.

Акционерлік қоғамның басқа ұйымдардың капиталында ұзақ мерзімді инвестициялары:

Акционерлік қоғамның басқа ұйымдарда акциялары (жарғылық капиталдағы үлестері) бар, «Қарағанды Өнерқұрылысжоба» ААҚ-да 32,78% пайызды құрайды және «Интергазстрой» ААҚ 39%.

«Казнефтегазсервис» ЖШЖ 95%

«Нұр -пласт» ЖШЖ 70%

«Проммонтаж – ЛК - Кульсары» ЖШЖ 22 %



25. Дебиторлық қарыздар.

Активтің баланстық құнының бес және одан жоғарғы пайыздағы Дебиторлық қарыздары жоқ



25-1 Акционерлік қоғамның активтері , теңдік құны қоғам активтерінің 5 және одан да көп пайызын құрайды.

Активтердің атауы
Баланстық құны, мың теңге




Бетондық зауыты Астана қ.

86459

Мұңайтпасова көш. офис ғимараты

134113

Өндірістік базасы

177016

26. Қоғамның жарғылық капиталы – 2001 жылдың 11 шілдесінде бекітілген акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есебіне сәйкес 100 000 ( жүз мың) теңге. Жарғылық капиталға қосымша салуларды қосу және «ЛУКойл – Нефтегазстрой – К» АҚ қосылу нәтижесінде проспект күніне жарғылыұ капиталдың мөлшері 189.700.000 (жүз сексен тоғыз миллион жеті жүз мың) теңгені құрады.

27. Қарыздар.

мың тенге



Қарыз берү

Қарыздардын соммасы

Куаліктің №

Пайыз ақы

сөңдірүі

Банк Туран Алем

110 000

тенге

17%

110 000

сөңдірүі:

мамыр 2005ж. - 7 483; тамыз 2005ж. - 7483;

қараша 2005ж. - 7483; 2006 ж. – 29 932;

2007 ж. – 29932;

2008 ж. – 27 687


28. Қоғамның негізгі қызметті атқаруымен байланысты несиелік қарыздары (жеткізушілердің алдындағы қарыздары, алынған аванстар).

Активтің баланстық құнының бес және одан жоғарғы пайыздағы несиелік қарыздары:





Ұйымның атауы


Қарыз сомасы (мың теңге)

Орналасқан жері



Өтеу мерзімі

«Астана Недвижимость» ААҚ

71482

Астана қаласы, Абай даңғылы, 44

2005 жылдың 2 тоқсаны.

5-тарау. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы

Акционерлік қоғам қаржылық ұйым болып табылмайды


6-тарау. Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәліметтер.


43. Акциялардың тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер.

1) Акциялардың бірінші шығарылымы:

жалпы саны – 10 дана; олардың ішінде: 10 жай атаулы акция, номинальды құны – 10.000 теңге; қоғам артықшылығы бар акцияларды шығарған жоқ; шығарылу түрі – құжатсыз; мемлекеттік тіркеуді атқарған органы (ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру) – Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы; мемлекеттік бірдейлендіру нөмірі – А4432; ұлттық бірдейлендіру нөмірі берілген күн – 12.02.2001 жыл;


  1. акциялардың бірінші шығарылымының таратылу күні - 12.02.01 жыл;

акциялардың бірінші шығарылымы таратылуының аяқталған күні – 15.05.2001жыл;

  1. қоғамның бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер: қоғамның бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері орын алған жоқ;

  2. бағалы қағаздардың таратылуын немесе айналымын тоқтата тұру, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын атқарылмаған деп тану жағдайлары: бағалы қағаздардың таратылуын немесе айналымын тоқтата тұру, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын атқарылмаған деп тану жағдайлары болған жоқ;

  3. облигациялар: акционерлік қоғам облигациялар шығарған жоқ;

  4. бір акцияға дивидендтің сомасы және соңғы екі қаржылық жылдың әр жылындағы акцияның әрбір түріне дивидендтердің жалпы сомасы – дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған жоқ;

  5. саудаларды ұйымдастырушылардың атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарының саудасы атқарылған негізгі нарықтар:

  • нарықтарда акционерлік қоғамның бағалы қағаздарының саудасы атқарылған жоқ.

7-тарау. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәліметтер.


44. Акциялар туралы мәліметтер:

  1. акциялардың саны, түрлері – 18 970 жай акциялар;

  2. құрылтайшылардың арасында таратылған акцияларды саны, түрлері: 10 жай акциялар;

  3. құрылтайшылар төлейтін бір акцияның номиналды құны: 10 000 (он мың) теңге;

  4. артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген көлемі: қоғам артықшылығы бар акцияларды шығарған жоқ.

45. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары: қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары қарастырылмаған.

45-1. Төлем агенті туралы мәліметтер.

Төлем агенті қарастырылмаған.



46. Акционерлік қоғамды тіркеу туралы мәліметтер:

“Бағалы қағаздардың тіркеушілік жүйесі” АҚ («БҚТЖ» АҚ), 53-57-90, Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі 75, Лицензия № 0406200345 10 наурыз 2005 жыл, Қазақстан Республикасының қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша Агенттігімен берілген. Реестрді жүргізу шарты 19.01.2001 жыл № 000-В-2136.


8-тарау. Қосымша ережелер.


47. Акцияларды шығару шығындарының сомасы.

Қоғамның бағалы қағаздарын шығаруға арналған қаржылық есепті бекіту жөніндегі қызметтерді көрсеткен «Сапа-Консалтинг» ЖШС аудиторының сыйақы көлемі 40 000 (қырық мың) теңгені құрады.



Акцияларды шығаруға жұмсалған басқа да шығындар (соның ішінде сарапшылар мен қаржылық кеңес берушілердің сыйақысы) жоқ.

48. Инвесторларға арналған ақпарат.

  • Потенциалды инвесторлар жарғының көшірмесімен және акцияларды шығару проспектісімен «Бірлескен құрылыс копорациясы» АҚ-ның офисінде таныса алады, оның орналасқан мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 480060, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тәжібаев көшесі, 184; Телефон: (3272) 78-35-20; 78-34-45; Факс: 78-35-30.



Президент Қарбаев М. С.

Бас бухгалтер Кәріпбаева С.Х.

мо

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет