Бірманова Қ. И. №7 орта мектебінің директоры


«Эмоциональды сүрлеу жол» конфликтісі



бет2/3
Дата09.05.2023
өлшемі28.78 Kb.
#473418
1   2   3
Мақала Басқару бағытындағы кездесетін конфликт жағдай

«Эмоциональды сүрлеу жол» конфликтісі
Кез келген конфликті жағдай кезеңдер ретімен жүреді.Біз «Эмоциональды сүрлей жол» конфликтісін құрап көрелік.
1-і кезең. Біз оны «Бәрі, тамаша!» деп атадық,себебі бұл кезеңде бір—бірімізге, парталас көршімізбен, сыныптастарымызбен ортақ көзқараспен жақсы қарым-қатынас орнатамыз.
2-і кезең. «Қара жинақ сандықша». Уақыт өте келе адамдар арасындағы кикілжіңдер, реніш жинала келе туындайды. Ондай адамдар өмірде бар. Сондықтан да жағымсыз, қайшы сезімдер сандықшаға жинала береді.
3-і кезең «Төзім шегінде». Бұл кезеңде адамдар бір-біріне деген өкпе, реніштерін айта бастайды, кикілжің барысында жек көретіндіктерін көрсетеді
4-і кезең. Бұл кезеңді біз «Жарылу» деп атадық. Жүйкесінің тозғандығы, сәл нәрсені көтере алмау, адамдар арасындағы бір-біріне деген жек көрініштік.
5-і кезең. «Кім кінәлі?» Бұдан әрі қарай эмоциональды жағдайға душар болады. Бұл кезеңде адамдар конфликтіге қатысушыларды кешіре алмайды. Сонымен қатар өткен жағдайға байланысты ойланады, іштей талқылайды, ненің дұрыс, бұрыс екенін таразыға салады, бұл жағдайда кімнің кінәлі екенін шешеді.
6-ы кезең. «Мен сағынамын». Бұл кезеңде адам татуласуға әлі дайын емес, бірақ өз досын көруге сағынып жүр. Конфликт адамдар арасында өте ұзаққа созылуы мүмкін емес. Сондықтан да адам- бұл ақылмен қонымды етіп ойлайтын, парасатты жан. Ол конфликтіден шығу жолдарын қарастырады. Ал, бұл дегеніміз, жаңа қарым-қатынас бастау кезеңі, адамдар бірін-бірі эмоциональды сүрлеу жол» арқылы бірін-бірі жақындай түседі, іздейді..
7-і кезең. «Кел, татуласайық!» Конфликтінің бұл кезеңі ең маңызды болып табылады. Өйткені осы кезеңде адамдар арасындағы бір-бірімен сөйлесуі,бір-бірінен кешірім сұрау, татуласуға әкеліп соғады.
Бұдан шығарар қорытынды, әрқашанда конфликтіні шешу жолдарының әдістерін дұрыс үйрену керек.
Конфликтіні шешу жолдары

Әр адам кез-келген өмірдегі қиыншылыққа қарамастан конфликтіні бейбіт жолмен , мәмлеге келе отыра , ақылмен шешуге тырмысу керек екенін түсінуі керек. Сондықтан да адам алдымен конфликтілі жағдайда өзінің мінез-құлқын тани алуы керек. Бұл үшін түрлі рөлдік ойындар, жаттығулар көмектеседі.


Конфликтіні шешудің көптеген әдістері бар. Кейбіреуінен мысал келтірсем:
«Рөлдік тренинг».
Адам қайғы, уайым, азап яғни,ешкімге зияны тимейтіндей,азап тартпайтындай конфликтіні болдырмау жолдарын үйрену керек. Сөйлесу барысында айтушы тұлғаның бет- қимылы, кескін –келбеты, ым, ишара, дауыс қарқынына әсер етуі тиіс. Адамдар арасында сөйлескен уаққытта ым, ишара, дауыс қарқыны, бет-қимыл аралықтарының айырмашылығын түсіну керек. Басқа адамдармен сөйлескен кезде осы белгілерді қолдануға болады.
Әр келіспеушіліктердің өзінің себебі болады. Солардан аулақ қашудан нақты ұстанымдырды сақталу керек. мысалға айтқанда: Іскерлік кездесу де өзіне тән этикет, іс әрекет ұстанымы бар. Іскерліктің маңызды принциптеріне сенім жатады. Сенім адамдардың қарым қатыныстардың мүмкін екенін білдіру факторы. Сенім жоғалтқан жағдайда үміт үзіледі, үміт үзілсе бәрі бітеді. Үміт өте маңызды нәрсе. Қандай да ұжым қарым қатынас адамның көңілінен басталады. Ашық, жарқын көңіл күйде болу керек. айналаға нұрын себу керек. Ұрыс керіс , айқай, шу шығару қажет емес.
Қандай жағдай болса да сабыр сақтап кесдесулерде бәріне жағымды атмосфера орнату керек. Маңызды әдеп -ол амандасу. Адамдардың бір біріне деген ықыласын , мейрімін көрсету белгісі. Жақсы, сыпайы сөйлесу әдептіліктің маңызды шарты. Еркін және сенімді сөйлеу, елдердің тілдерін білу іскер адамға пайдалы және маңызды. Кездесулерде тыңдай білу -үлкен өнегелік.
Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс. Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда тең еместігінен туындайды. Ұлық болсаң, кішік бол! деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш айтса жөн. Бұл—оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.
Рөлдік тренингтер үшін жағдаяттар:

  1. Мұғалім оқушыларға дауыс көтеріп айтады: «Не,болды ынжық! Үнемі дәптеріңді ұмытып жүресің!», сосын баяу дауыспен: «Не, болды дәптеріңді қайда қойғаныңды білмей тұрсың ба?»

  2. Оқушылар өздерінің парталас достарына: «Ей,тағы да хан сияқты отырсың ғой! Маған орын да қалмапты!», содан кейін бәсең дауыспен, нақты: «Тыңдашы, сен әрірек жылжысаң қайтеді, әйтпесе маған орын болмайын деп тұр.».

  3. Оқушы қаталдықпен дөңгелек үстел басында өзінің орнына отырып қойған жолдасына айтады: «Ей! Қысқасы! Бұл менің орным! Кет бұл жерден» ал содан кейін бәсең дауыспен: «Бұл менің орным. Мен қағазды қоқысқа тастайын деп, бір минутқа кетіп қалғанмын. Басқа жерге отыршы, өтінемін!»

Тренинг қорытындысы:
- Сіздер бір-бірлеріңізбен жиі сөйлесесіз бе? Өшпенділікпен бе , әлде жақсы қарым-қатынаспен бе? Ал басқалардан сізге не қажет? Бұл кімге байланысты?
- Қандай жағдайда конфликтіден қашуға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет