Біршоғыр селолық округінің әкімі Т. С. Назаровтың 2013 жылдың тоғыз айына атқарған жұмыстары туралы есебі



Дата07.07.2016
өлшемі96.67 Kb.
#183619
Біршоғыр селолық округінің әкімі Т.С.Назаровтың 2013 жылдың

тоғыз айына атқарған жұмыстары туралы ЕСЕБІ

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған облыс, аудан, округ әкімдерінің сол басқару аймақтарында әлеуметтік және саяси-экономикалық даму жоспарларымен қамтылған бағдарламаларды орындау, ҚР Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы заңына сәйкес әкімдердің өз құзыреті шегіндегі міндеттерді атқару болып табылады.

Округ әкімінің 2013 жылға жұмысының негізгі басымдылық жақтары, жалпы округ көлемінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайларына қолдау көрсету, шағын кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту, әлеуметтік нысандарды жөндеу, қалпына келтіру, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығын дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын дамыту, құқық қорғау, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, округтің санитарлық тазалығын қалпына келтіру, әлеуметтік аз қамтылғандарға қолдау көрсету мәселелерін толық қамтыды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында, аудан әкімі жанынан құрылған ақпараттық насихаттық топ мүшелері ағымдағы жылы бірнеше рет округ тұрғындарымен кездесіп баяндамалар жасады.

Ауданымыздың өндірісті өңіріне айналған Біршоғыр селолық округінде қазіргі күні бірнеше қиыршық тас ұнтау зауыттары, Біршоғыр жол дистанциясы жұмыс жасайды. Осы өндіріс орындарымен аудан әкімі арасында өзара мемарандумға қол қойылып, онда округ көлемінде кезек күттірмейтін әлеуметтік нысандарды жөндеу, қалпына келтіру, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндіріс көлемін қалыпты жағдайда ұстау, еңбек ақылардың уақытылы төленуін, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту көзделген.

Осыған орай округ көлемінде жұмыс жасап жатқан «Жаңатас-Продактс» ЖШС демеушілігімен округ орталығынан жастар спорт алаңы, «Ынтымақ» мөлтек ауданы мен «Шығыс» мөлтек ауданы арасына қиыршық тас төселіп, «Шат-2004» ЖШС демеушілігімен, жалпы құны 9,5 млн теңгеге Бершүгір орта мектебі жанынан типтік жобадағы ашық спорт алаңы пайдалануға берілді. Бұл ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізуге, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, сонымен бірге округімізде спорттың жекелей түрлерін дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Алдағы жылы округ орталығындағы су айдау насостарын және ауыз су құбырларын толық күрделі жөндеу жопарланып отыр. Сонымен қатар өткен жылдың аяғында Біршоғыр селолық округі «Жыланды» жер қойнауынан бағалы пайдалы қазбалар өңдейтін жаңа өндіріс орны «Ақтөбе Кен» ЖШС бой көтеріп, алдағы жылдың алғашқы тоқсанында іске қосылып, оған 15-20 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

-1-

Жалпы алғанда зауыттар бойынша өндірілген өнім өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен.



Ауылшаруашылығы саласы бойынша округ көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазіргі күні округ бойынша 24 шаруа қожалығы тіркеліп, жұмыс жасауда. Оның ішінде «Бекжан», «Жандос», «Абылхан» шаруа қожалықтары мал өсірумен, мал басын көбейтумен айналысса, қалған шаруа қожалықтары мал азығы, қысқы жем шөп дайындаумен айналысады. Қазіргі күні ауыл шаруашылығын дамытуға, мал басын асылдандыруға, жаңа ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз етуге толық мүмкіндіктер бар. «Сыбаға» бағдарламасымен төменгі пайызбен асыл тұқымды ірі қара, қой алуға несие берілуде. Биылғы жылы «Абылхан» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды ірі қара мал алуға құжаттары дайындалды, жыл соңына қарай 8-10 млн теңге несие алу жоспарланып отыр. «Айдана» шаруа қожалығы төрағасы Игесинова Бибігүл лизингіге МТЗ-82 тракторын алып, игілігіне пайдаланып отыр. Сонымен бірге «Бекжан» шаруа қожалығы, төрағасы Балмұратов Қабидолла, «Досым» шаруа қожалығы, төрағасы Өңешбай Жалгас, «Абылхан» шаруа қожалығы, төрайымы Игисенова Гүлзада «Сыбаға» бағдарламасымен асыл тұқымды бұқа алуға ниет білдіріп отыр.

Биылғы жылы мал басын бірдейлендіру жұмыстары өз мәнінде жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталды. Мал басы өткен жылға мүйізді ірі қара 1872 бас, қой- ешкі 3137 бас толық сырғаланып, бірдейлендірілді. жылқы 86 бас, түйе 6 оның ішінде 6 таңбаланып отыр. Өндірілген өнім көлемі 1820 цн ет, 5240цн сүт, 11 мың дана жұмыртқа, 18 га картоп, 3 га бау- бақша, 27 га көкөніс.



Міндеттер:

  1. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы асыл тұқымды мал сатып алу, мал басын асылдандыру жұмысын одан әрі жандандыру.

  2. Тері, жүн өнімдерін өндіруді ұйымдастыру

  3. Шаруа қожалықтарының жер телімдерін тиімді пайдалануды бақылауға алу, кешенді шаралар жүргізу.

  4. Лизингіге жаңа ауыл шаруашылығы техникасын алуды насихаттау, ұйымдастыру.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша округ көлемінде бірқатар

жұмыстар атқарылуда. Жалпы округ бойынша 11 азық түлік дүкені, 1 тойхана, 1 шайхана, 1 наубайхана, 2 монша, 3 ұсақ түйек сауда нүктелері, жалпы саны 20 субъекті тіркеліп, 37 адам қызмет жасауда. Өндірілген өнім көлемі 9,8 млн теңгені құрап отыр. Кәсіпкер Сарсен Ербол жаңа дүкен құрылысын аяқтап, пайдалануға берілді. Кәсіпкер Рысбаева Зару жаңа әмбебап дүкен құрылысын аяқтау үстінде, алдағы жылы іске қосу жоспарланып отыр. Мұнан бөлек ауыл тұрғыны Күзенбаев Мақсатқа округ территориясынан, шағын тойхана, көп орындық монша салу үшін жер беріліп, құжаттары дайындалуда.

-2-
Азық түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында округ көлемінде жұмыс жасайтын сауда орындарымен өзара келісім жасалып, халыққа қажетті азық түлік өнімдері тиімді бағамен сатылуда. Ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен округ көлемінде бірнеше іс шаралар «қарттар күні», «мүгедектер күні» , «халықаралық әйелдер күні» атап өтіледі, Кәсіпкер Жұбаназаров Айтқали «Рамазан» ЖШС-мен өзара келісім шарт жасалып, арзан жеммен қамтамасыз етсе, кәсіпкер Күзенбаев Асылхан ауыл тұрғындарын арзан ұнмен, нан өнімдерімен, қатты отынмен ұдайы қамтамасыз етіп отырады. Аталған шаралар биыл да жалғасын табады.

Міндеттер:



  1. округ көлемінде шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету.

  2. кәсіпкерлердің шағын несие алуына қолдау көрсету, несие көлемін

ұлғайту.

  1. азық түлік бағасын тұрақтандыру, халықты арзан азық түлік

өнімдерімен қамтамасыз ету,

  1. кәсіпкерлер арқылы әлеуметтік жұмыс орындарын арттыру.

Білім беру саласы бойынша: Округ бойынша 1орта, 2 негізгі мектеп,

«Балбұлақ» және «Аружан» «Балбала» бала бақшалары жұмыс жасайды. Барлық әлеуметтік нысандар қажетті құрал жабдықтармен, жаңа жылыту қазандықтарымен, тәуелсіз электрогенераторлармен қамтамасыз етіліп отыр. Биылғы жылы Бершүгір орта мектебінің жылу қазандығы жаңартылып жергілікті бюджеттен 1.5 млн теңгеге жаңа жылыту қазандықтары сатып алынды. Сонымен бірге осы келер жылы аталған мектепті күрделі жөндеуден өткізуге сметалық құжаттар дайындалуда. Республикалық «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 2 млн 373 мың теңге бөлініп, «Балбұлақ» бала бақшасы жанынан балалар ойын алаңы салынды.



Денсаулық сақтау саласы бойынша: Қазіргі күні округте типтік жобадағы 1 амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, 1 туберкулезден емдеу санаториясы жұмыс жасайды. Округ көлемінде ана мен бала денсаулығын қорғау, туберкулезге қарсы күрес, тұмауға қарсы күрестің шаралары алынуда. Округ әкімі тарапынан бірнеше рет тұрғындарға жедел жәрдем көмегі көрсетіліп, науқастар аудан орталығына жеткізілді. Сонымен бірге Біршоғыр туберкулезге қарсы емдеу санаториясында жыл бойына облыстың түкпір түкпірінен 100-120 емделуші келіп, тұрақты ем алып кетеді. Қазіргі күні Біршоғыр туберкулезге қарсы күрес санаториясын күрделі жөндеуден өткізуге Республикалық бюджеттен 40 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Ағымдағы жылдың қараша айында жөндеу жұмыстарын толық аяқталады. Округте қазіргі күні 2509 адам, 4 елді мекен, бірнеше ірі өндіріс орындары жұмыс жасайды. Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету, жұқпалы аурулардың алдын алу, науқастарға уақытылы медициналық жәрдем көрсету үшін, округке жабдықталған жедел жәрдем автокөлігі қажеттілік туғызып отыр.

-3-
Міндеттер:



  1. Тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын арттыру.

  2. Жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етуге ұсыныс жасау.

  3. Ана мен бала денсаулығын қорғауда жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі жандандыру.

Мәдениет және спорт саласын дамыту бойынша: Жыл басында мәдени және спорттық шаралар өткізудің іс шаралар жоспары бекітіліп, осыған орай селолық клуб, мектептер, жалпы ауыл тұрғындарымен бірлескен жұмыстар жүргізілді.Жаңа жылдық кеш, наурыз мерекесі, әйелдер мерекесіне арналған концерт, мектепшілік сайыстар жүйелі жүргізілуде. Бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында округ бойынша «Президенттік қашықтық денсаулыққа апарар жол» жалпыұлттық жүгіріс ұйымдастырылды. Мұнан басқа ауыл жастары аудан көлемінде ұйымдастырылған мәдени спорттық шараларға белсене қатысып, өз шеберліктерін шыңдауда. Бершүгір орта мектебі жанынан грек-рим күресі секциясы бірнеше жылдан бері жұмыс жасап, жасөспірімдер аудандық, облыстық жарыстарда жеңістің биік тұғырынан көрінуде. Сарысай негізгі мектебі жастары волейболдан, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел тенисі сияқты спорт түрлерін ауыл жастары арасында кеңінен дамытуда. Округ жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Шат-2004» демеушілігімен салынған ашық спорттық алаңда қазіргі күні елуге жуық жастар спортпен тұрақты айналысуда.

Міндеттер:



  1. Округ көлемінде жастардың мәдени спорттық шараларға атсалысуға белсенділіктерін арттыру.

  2. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануды, жаман әдеттен аулақ болуды кеңінен насихаттау.

  3. Бұқаралық спортты дамыту

  4. Балалардың жазғы демалыс лагерін ұйымдастыру

Әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау мақсатында округ көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Өздеріңізге белгілі округімізде бірнеше ірі өндіріс орындары жұмыс жасайды Жыл басынан округ көлемінде жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары арқылы 37 адам әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылса, 12 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Облыс әкімінің 26 қаңтар 2005 жылғы №11 қаулысына сәйкес тылда еңбек еткен ардагерлерімізге 50 пайыз жеңілдікпен коммуналдық төлемдер төленуде. Біршоғыр туберкулезге қарсы күрес санаториясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті тұрғындардан 15 адам уақытша жұмыспен қамтылды, айлық табыс көлемі 40000 мың теңге көлемінде. Округ әкімінің ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасыларына 9 тонна көмір тегін таратылды. Сонымен бірге жыл ішінде «Мектепке барар жол», «Барлық жақсылық балаларға» атты қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, ауыл кәсіпкерлері, «Шат-2004» ЖШС, «Біршоғыр шағылтас зауыты» ЖШС, «Тау Кен» ЖШС, тұрғындар демеушілігімен аз қамтылған отбасы балаларына киім кешектер, мектеп оқу құралдары берілді.

-4-


Міндеттер:

  1. Жұмыссыздықты болдырмау мақсатында алдын ала шаралар қабылдау.

  2. Әлеуметтік жұмыс орындарын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу.

  3. Аз қамтылған отасыларына әрдайым қолдау көрсету.

Инфрақұрылым және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша:

Өткен жылы Біршоғыр стансасындағы жүз жылдық тарихы бар екі қабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізу мақсатында сол тұрғын үйдің тұрғындарымен кондоминиум құрылып, құжаттар жинақталды. Қазіргі күні тұрғын үйдің техникалық паспорты дайындалуда. Құжаттар толық дайын болған жағдайда, тұрғын үйдің сыртқы келбетіне, төбесіне және қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда. -

Ауылда санитарлық тазалықты ұйымдастыру мақсатында «Өңірлерді дамыту бағдарламасына» ауылдық тұтыну кооперативі арқылы 3500 тонна күл қоқыс сыртқа шығарылды. «Көркейе бер туған жер» акциясы аясында көшелер тазартылып, саябақтар қалпына келтірілді. Ағаш көшеттері отырғызылып, гүлзарлар жасалды. «округ әкімінің көгалдандыру бағдарламасына сәйкес 100 түп қара ағаш, 30 түп терек, 30 түп жүзгін ағаштары отырғызылды. Елді мекендерді байланыс жүйесімен қамту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ арқылы ВОЛС жүйесі жүргізіліп, округтің барлық елді мекендері сымсыз байланыс жүйесімен толық қамтамасыз етіліп, ғаламдық интернет мегалин жүйесі жұмыс жасауда. Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында ақысыз телефон жүйесі қондырылды. Қазіргі күннің өзінде округ тұрғындарын 100 пайыз толық телефонмен қамту мүмкіндігі бар. Сонымен бірге округ тұрғындары телевизиялық отандық « Отау ТВ», «ID ТВ» жүйелерімен қамтамасыз етіліп, еліміздің кез келген облыс орталығының жаңалықтарымен танысуға мүмкіндік алып отыр.

Жыл басында қарай округтік учаскелік инспекторға жергілікті бюджет есебінен салынған жаңа бір пәтерлік тұрғын үй табыс етілді. Биылғы жылы учаскелік инспекторды жаңа автокөлікпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мұнан бөлек Алабас елді мекенінен жас мамандарға бір пәтерлік тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.

Міндеттер:


  1. Біршоғыр, Сарысай, Алабас елді мекендерінің көшелерін қалпына келтіру, ретсіз төгілген тұрмыстық қалдықтар үйінділерін жою, қиыршық тас төсеу, түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнату.

  2. Тозығы жеткен су желілерін ауыстыруды аяқтау.

  3. Аудандық СЭС бірлесе отырып тұрмыстық қалдықтардың ретсіз төгілуіне жол бермеу, шаралар қолдану.

Құқық қорғау саласы бойынша: округ көлемінде қазіргі күні бір учаскелік инспектор қызмет жасайды. Ағымдағы жылдың тоғыз айы бойынша округ көлемінде 6 қылмыстық іс тіркелсе, оның 6-да орташа деңгейдегі қылмыстар. Қылмыстың ашылуы 100%. Қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында учаскелік инспектормен бірлескен рейдтер, мекеме,

-5-


ұжымдарда, өндіріс орындарында түсінік жұмыстары жүргізіліп, автокөліктер құжаттары тексеріледі. Жастар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын болдырмау мақсатында бірнеше рет аудандық жасөспірімдер істері жөніндегі инспектормен, аудандық автоинспекция қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліді. Қазіргі күні округте құқық бұзушылық бойынша тіркеуде тұрған жасөспірімдер жоқ. Сонымен бірге тағы бір көмекші учаскелік инспектор округ көлемінде жұмыс жасауда. Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет