Бисембаева Гульнур Нуралиевна



Дата23.02.2016
өлшемі56.8 Kb.
#4052
ӘОЖ 314.152.2 : 314.154 (574) „451.10”

Бисембаева Гульнур Нуралиевна

Статистика магистрі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМІНІҢ ӨСУІ.
Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бүгінгідей күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. 1997 жылғы президенттің халыққа арналған алғашқы Жолдауында былай деген еді: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік! Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит - соның айшықты айғағы. Жылдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық. Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Ырыс - ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөліғі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді. Жалпы ішкі өнім өсімі 2013 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі - 10 пайыз, оңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2013 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді. Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді. Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға ұланғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік. Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулык сақтау нысандары салынды. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5302 мектепке дейінгі мекемелер, 1117 балабақша мен 4185 орталық ашылды. Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды. Біз осылайша аз жылда алапасы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда.

Динамиканы және даму деңгейін облыс бөлігінде ҚР Статистика агенттігінде қалыптастырылады, дәстүрлі өңірлік бөлуді пайдаланып, бес ірілендірілген өңірге бөлдік: Солтүстік (Ақмола, Қостанай, Павлодар, және Солтүстік Қазақстан облыстары), Батыс (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары), Шығыс (Шығыс Қазақстан облысы), Оңтүстік (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары), Орталық (Қарағанды облысы) және дербес бірлік ретінде - республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары. Сонымен, ірілендірілген оңірлер қалай дамыды, 2007-2013 жылдары кезеңінде олардың еліміздің экономикасын дамытуға қосқан үлесінің салыстырмалы деңгейі мен динамикасы қандай? Осы кезең ішінде еліміздің номиналды ЖІӨ-нің ең үлкен үлесі Батыс өңірі мен Алматы қаласында өндірілді, ең аз үлесі - Шығыс өңірінде. 2013 жылы еліміздің ЖІӨ-дегі өңірлердің үлесі төмендегідей қалыптасты: Батыс өңірі - 29,6%; Алматы - 18,2%; Оңтүстік өңір - 15,7%; Солтүстік өңір - 13,7%; Орталық өңір - 8,5%; Астана - 8,3% және Шығыс өңірі - 5,9%. ЖІӨ өңірлік құрылымының өзгеруі 2007 жылдан бастап Батыс оңірі пайдасына, оның экономикасы өсуінің жоғары қарқыны есебінен болды. Номиналды көрсеткіштегі жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) орташа жылдық өсімінің ең жоғары қарқыны Астанада, Алматыда, Батыс өңірінде, Оңтүстік және Орталық өңірлерінде байқалды. Біршама төмен - Солтүстік және Шығыс өңірлерінде. Дағдарыстың әсерінен 2012 жылы номиналды ЖӨӨ өсіміндегі айтарлықтай тежелу Солтүстік (2,8%) және Батыс (3,5%) өңірлерінде байқалды. Халықтың жаң басына шаққандағы ЖӨӨ өңірлер экономикасының даму деңгейін бағалау үшін ең объективті көрсеткіш болып табылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жақсы жағдай Батыс өңірінде, сондай-ақ, Алматыда және Астанада байқалады, ең нашар - Оңтүстік өңірде.

ЖӨӨ халықтың жан басына шаққандағы өзгеруі, мың тг.


Көрсеткіш

2007 ж.

2013 ж.


Оңтүстік өңір

253

996

Батыс өңірі

596

2 824

Шығыс өңірі

229

909

Солтүстік өңір

160

657

Орталық өңір

334

1 367

Астана қ.

597

2 668

Алматы қ.

696

2 786

Республика бойынша

309

1327

Статистический ежегодник 2007-2013 жж.

Нәтижесінде, алдын-ала бағалау бойынша, жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) нақты өсімі 2013 жылы 7%-ды кұрады, жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың соңында 5,5%-ға дейін төмендеді, халықтың жан басына шаққандағы табысы нақты мәнде 6,3%-ға, нақты жалақы 7,5%-ға өсті, инфляция 7,8%-ды құрады. Бюджет саясатында бірінші кезекте әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыру басым болды. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген зейнетақы төлеу, әлеуметтік төлемдер және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақы төлеу бойынша барлық әлеуметтік міндеттемелер өз мерзімінде және толық көлемде қаржыландырылды. 2013 жылы жүргізілген банк секторының сыртқы қарызын қайта қүрылымдау банктерге сыртқы қарызын төлеу бойынша ауыртпалықтарды төмендетуге мүмкіндік берді, банктердің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға және олардың болашақта тұрақты дамуы үшін мүмкіндіктер береді. Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғанда, елдің халықаралық резервтерінің жиынтық мөлшері 2013 жылдың соңында 59 млрд. АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банктің алтын валюта активтері өткен жылы 22,5 %-ға ұлғайды және 28,3 млрд. АҚШ долларын құрады. 2007-2013 жылдар аралығындағы кезеңде елдің ірілендірілген өңірлері бойынша жоғарыда баяндалған талдауларды және негізгі көрсеткіштердің өзгеру деңгейі мен динамикасын қорытындылай келе, Батыс өңір мен Алматы көптеген маңызды көрсеткіштер бойынша ең жақсы деңгейді және өзгеру динамикасын көрсеткендіктен, олар даму бойынша басқа өңірлерден көш ілгері келеді деген қорытынды жасауға болады. Атап айтқанда, бұл өңірлерде елдің ең жоғарғы номиналды ЖІӨ, халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ үлесі және ЖӨӨ өсімінің жоғары орташа жылдық қарқыны байқалып отыр. Елдің өнеркәсіптік өнімдерінің жартысынан астамы Батыс өңірде шығарылады, ал қызмет көрсету секторының ең жоғарғы үлесі негізгі капиталға инвестициялардың ең көп мөлшері салынатын Алматы қаласының еншісіне тиеді. Бұл ретте, дамудағы алшақтық, әсіресе Батыс өңірде артып келеді. Батыс өңірдің барлық облыстарында номиналды ЖІӨ үлесі өскен сайын Солтүстік өңірдің барлық облыстарында күрт төмендеп отыр. Атырау облысы, Алматы және Астана сияқты үш ірі өңірдің ЖІӨ жиынтық үлесі 2013 жылы өсе түссе, ЖІӨ деңгейі төмен өңірлердің (Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары) салымдары одан сайын төмендеп кетті. Әлемдік экономиканың жандануы, экспортқа бағытталған өнімдерге сыртқы баға конъюнктурасының тұрақтануы және ішкі сұраныстың кеңеюі экономиканың нақты секторының өсуіне де септігін тигізді.


Әдебиеттер тізімі


  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатанаң артуы». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.Ақиқат. 1997. № 12, 18-19-беттер.

  2. Кудышиев А.Н. «Статистика» 2000 ж.

  3. Статистический ежегодник 2003-2010 жж.

  4. Сайт www. bestreferat.kz

Резюме


В данной статье рассматриваются вопросы роста, динамики и перспиктивы развития валового внутреннего продукта Республики Казахстан.

Summry


This article discusses the growh, dynamics and prospects Valog domestis product.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет