Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


Бейне, мінез кейіпкер. Көркем шығармадағы мінез ашу жолдары



бет36/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

41. Бейне, мінез кейіпкер. Көркем шығармадағы мінез ашу жолдары
Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеруіміз керек. Кітап не туралы жазылған, симфония не туралы, сурет не туралы салынған, қандай сұрақ болсын жауап біреу – адам туралы, адамның әсемдігі, адам рухының керемет күштілігі, оның қасиеттері туралы. Өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты. Адам тағдыры суреткер үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі. Мұнда әңгіме дайын әдеби қаһарман жөнінде емес, сол қаһарманды жасаудағы қаламгердің бүкіл творчестволық іс-әрекеті, ойы, қыры. Ойдан шығару жалпы образға бартын жол, суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан ышғару шығармада суреттелген шындықтан шалғай
жатқан оқыс нәрсе емес. Сол шындықты сұрыптау, саралау тәсілі. Шындыққа суғарылған адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі. Әдебиеттегі образ екі түрлі мағынада қолданылады: 1) көркем бейне, кейіпкер, тип. 2) суретті сөз. Образдылық суреттілік, яғни сөздегі сурет. Әдебиеттегі адам бейнесін жасау сан түрлі амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Ал жинақтау тек типтендіру тәсілімен жүзеге асады. Типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын, қалыптасуымен қатар оның ішкі ерекшелгін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек оқшау танытып тұратын оның тек өзіне тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашанда оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жатады.
әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз-ақ жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінген жөн. Портрет (французша «бейнеленген» деген мағына береді) – әдеби кейіпкердің сырт-көрінісін, кескін-кейпін, бой, тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің зор мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әртүрлі жағдайда, күрес-тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы өзінің әрекет, қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттарға көңіл бөледі. Негізгі қаһарманның келбеті, бой, тұлғасын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп әсерлі бейнелеуге мән береді.
Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде-бір өрнек - өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес. Пейзаж (французша «ел-жер» деген мағына береді) - әдеби шығармаларда жаратылыстың, яғни табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі. Суреткер әдеби шығармаларда көркемдік ойлаудың ажары ретінде, образдық жүйенің арқауы ретінде табиғат келбетін ерекше бір ұсталықпен суреттеуі.
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет