Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары



бет49/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары. Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі – проблемалық талдау. Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен роль атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі бір жолы ретінде де пайдалы болып келеді.
Көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін жасаған әдіскер ғалымдар: Әуелбек Қоңыратбаев, Атымтай Көшімбаев, Әнеш Дайырова, Төлеутай Ақшолақов, т.б. Көрнекті әдіскер, ғалым Төлеутай Ақшолақов көркем шығарманы талдау мәселесіне таза әдеби — эстетикалық жолмен қарауды ұсынды ». Біз шәкірттерді сөз сырына бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт — осында. Өйткені, көркем әдебиетте сөз -мазмұн да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету — әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма құрылымында сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін қаншалықты қиыстыра қалай білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған, қандай жаңа поэтикалық жаңалықтар әкелген, қандай сом образдар жасаған, мұғалім осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта шығармашылық тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер өнер туындысының қадыр қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен қатар, жазушы стилін, шығарма стилін аңғарар еді.Тегінде, баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен білім алуға үйрету -ең ұтымды жол» .
Ахмет Байтұрсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтылығын, тазалығын дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді болу жағын талғайды» деп жазады.
Көркем мәтінді талдаудың жолдары мен бағыттары Рәбиға Сыздықова мен Бердібай Шалабай еңбектерінде жан-жақты сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды.
Көркем мәтіннің негізгі белгілеріне байласым, тұтастық және эмотивтілік жатады. Байласым- лингвистикалық ұғым, ал тұтастық-психолингвистикалық ұғым. Байласым көмегімен мәтін құрылысының феномендері талданады, ал тұтастық ұғымы арқылы мәтіннің терең қабатындағы орналасқан әрекеттері түсіндіріледі.
Көркем шығармаларды оқытудың тиімді де өнімді жолдарын іздеудегі әйгілі ұстаз, әдіскер Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбегі зор. Әдіскер ұстаздың қаламынан М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазылған. «Оқулықта… талдаудың бір түрі-образдық талдау жүйесі негізге алынған». Көркем шығарманы талдау жүйесі, ең алдымен алдымен көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне назар аудартады. Мұғалімнің түсіндірме әңгімелерінен кейін, мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысу, мәтінді бөлшектерге бөліп, ат қою, әр бөліміне жоспар құру, құрылған жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып мазмұндату, шығарманың басталуы, шығарма ішіндегі уақиғалардың байланысы, уақиғаның шарықтау шегі, шешімі айқындалады. Әр шығармадағы адам тағдыры жеке кейіпкерлер арқылы пайымдалып, іс-қимылы, мінезі, қылығы, әрекеті айқындала түседі. Кейіпкерді танытатын, айқындап, даралап беретін негізгі элементтер: портрет, іс-қимыл әрекеті, тілдік көрінісі, көркемдік детальдар, суреттеме, кейіпкерлер диалогы, жанама сипаттамалар, кейіпкердің өзара қарым-қатынасы, қақтығысы, күресі т.б. Кейіпкерді талдап, тану барысында оқушы көркем шығармадағы кейіпкердің жүйесін нақтылайды, өзара байланысын, жазушының әр кейіпкерге қандай сипаттама бергенін, портретін, кейіпкерлердің диалогтары арқылы олардың мінезін ерекшелеп айқындап, негізгі орталық тұлғаны анықтайды.
Оқушы көркем мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады. Сол себептен, ең алдымен көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек. Әр сөйлемнің негізінде нақты ой, сол ойды анық, айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек. Күнделікті пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы оны кестелеп, әдемілеп қолдануға дағдыландыру керек. Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын нақтылап беруге шорқақтық көркемдеп сөйлеуге зиянын тигізеді. Сондықтан көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ. Көркем сөйлеу оқып отырған көркем шығармаға да тікелей байланысты. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету-осы көркемдеп сөйлеуге баулудың басты жолы. Көркем сөйлеудің негізгі белгілері топтар, фигуралар түрін меңгерту, теңеулер мен баламаларды сөйлемде жиі қолдану болмақ. Көркем мәтінді оқу барысында керекті дәйектемелерді ала білуге, бейнелі оралымдарды теріп алуға баулу. Көркем шығарма тілін талдауда жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігі, тілдік құралдарды поэтикалық деңгейге сай қолданылуы, сөздің, фразаның құдіретін дұрыс танытады.
Бақтияр Өрісбайұлы Сманов – XX ғасырдың 70-90-жылдары мен қазіргі XXI ғасыр басындағы жаңа тарихымызда көркем әдебиетті орта мектепте оқыту әдістемесін зерттеуді педагогика ғылымының классикалық дәстүрі аясында жаңаша дамыта жалғастырған ғалым-ұстаз. Ол – педагогика ғылымының докторы, ҚР Ұлттық ғылым, Халықаралық педагогикалық білім беру (Ресей), Айтматов атындағы (Қырғызстан) академияларының академигі.
Бақтияр Өрісбайұлының ­ғы­лыми шығармашылығы әдебиетті оқыту әдістемесіне арналған іргелі зерттеу еңбектерімен айқындалады: біріншісі – 1991 жылы Мәскеуде «Қазақ орта мек­тепбінің жоғары сыныптырында кейіпкер бейнесін талдау» тақырыбымен қорғаған кандидаттық диссертациясы; екіншісі – 2010 жылы Алматыда «Мектепте көркем шығарма тал­даудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбымен қорғаған докторлық диссертациясы.Әдіскер ғалым орта мектептің әдебиет сабағындағы көркем мәтінді талдаулар жүйесіндегі оқушылар орындайтын жұмыс түрлеріне (шығарма идеясы мен тақырыбын, көркемдік шешімін проблемалық сұрақтармен ­сараптау, көркем туындының жанрлық сипатын бағалау, ­туынды кейіпкерлері туралы пікірсайыстар ұйымдастыру, оқушылардың жоспар, реферат, тезис, эссе, ғылыми жоба т.б. өзіндік шығармашылық ізде­ністерін жүзеге асыруы т.б.) бас­шылық бағдар беретін мұғалімнің педагогикалық-пси­хологиялық оқу-әдістемелік тәсілдерін кітаптарында («Көр­кем шығарманы талдау негіздері»: Монография, 2016; «Қазақ әдебиеті: Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау, 2007 т.б.) жүйелеп көрсеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет