Біздің елімізде автомобильдер санының үнемі өсуі бензин тұтынудың сөзсіз өсуіне және соның салдарынан мұнай өнімдерін жеткізу қажет жанармай құю станциялары санының көбеюіне себеп болады



бет3/20
Дата20.05.2022
өлшемі332.5 Kb.
#458089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Коррозия рамки для теории

1.3 Қара майлар

Қара майлар – қатты отындарды (тас көмір, қоңыр көмір, торф, сланец, ағаш) құрғақ айдау кезінде алынатын, сұйық және тұтқыр консистенциядағы органикалық байланыстырғыш зат. Гидроизоляция үшін негізінен тас көмір қара майлары кеңінен қолданылады.


Қара майлар негізінен армот көмірсутектері мен олардың күкіртті, азотты және оттекті туындыларынан тұрады.
Қара майлардың топтық құрамы шикізат пен өңдеу тәсіліне байланысты әр түрлі болады. Қара майдың топтық құрамын анықтау үшін оларды фракциялық айдайды. Қара майдың заттық құрамы төмендегідей: органикалық еріткіштерде ерімейтін қатты, көмірлік қиын балқитын заттар (бос күйіндегі көміртек); тек пиридинде ғана еритін қатты, балқымайтын кара май шайырлары; қара майларға эластикалық қасиет беретін және бензол мен хлороформда еритін тұтқыр пластикалық балқитын қара май шайырлары; сұйық қара май майлары (қайнау температурасы 1700С тең жеңіл, қайнау температурасы 170-2700С тең орташа, қайнау температурасы 270-3000С тең ауыр және қайнау температурасы 300-3600С тең антраценді майлар), қатты қалдық – қара күйе.
Қара май дисперсті ортасы қара май майлары, ал дисперсті фазасы бос күйіндегі көміртек және шайырлар болып келетін күрделі дисперсті жүйе. Көміртек бөлшектерінің бетінде тұтқыр пластикалық шайырлар мен қышқыл және негізді заттар молекулаларының қабаты орналасады. Осындай мицеллалардың концентрациясына байланысты қара майдың құрылымы мен тұтқырлық қасиеттері өзгереді.
Өзінің құрылымы бойынша қара майлар суспензияға жатады, сондықтан олардың тұтқырлығы негізінен қатты фазаның концентрациясына тәуелді; қара майдың мицеллалары битуммен салыстырғанда ірілеу, сольватты қабықшалары көбінген, сондықтан қара майдың тұтқырлығы механикалық және жылулық өңдеу кезінде қатты өзгереді. Төмен температураларда майларда еріген жекеленген аромат көмірсутектер кристалданып, қара майдың байланыстырғыш қабілетін төмендетеді. Битумнан өзгеше қара майлар құрамында тек анион белсенді ғана емес, сонымен бірге катион белсенді заттар көп болғандықтан, қара май адсорбцияланатын материалдармен шекарадағы физика-химиялық процестер, битуммен салыстырғанда қарқынды жүреді. Сонымен бірге қара майлардың катион белсенді қосылыстарының есебінен тек негіздік қана емес қышқылдық беттерге де адгезиясы жақсарады. Беттік белсенді заттардың әсерінен қара майларда органикалық заттардың тотығуы мен полимерленуі қарқындайды, кейбір қосылыстар жұмыс істеу мерзімінде суда ериді, соның есебінен қара майлар битуммен салыстырғанда тез қартаяды. Битуммен салыстырғанда қара майлардың құрылымы қыздыруға төзімсіз келеді.
Тас көмірді кокстеу нәтижесінде шикі тас көмір қара майы алынады. Кокстеу температурасына байланысты шикі қара майлар екі топқа жіктеледі: біріншілік немесе төменгі температуралық, генератор газын 500...7000С температурада жартылай кокстеу арқылы алынады; екіншілік немесе жоғары температуралық, тас көмірді 1000...13000С температурада кокстеу кезінде алынады.
Шикі тас көмір қара майларында ұшқыш және кристалдық заттар мөлшерінің көп болуы, олардың тез қартайуына әсер етеді. Сонымен бірге оларды құрамында улы, оңай тотығатын заттар көп болғандықтан, құрылыста қолданбайды.
Құрылыста шикі қара майлардан су және жеңіл майларды айыру нәтижесінде алынатын, айдалған қара майлар кеңінен қолданылады. Айдалған қара майлардың құрамында жеңіл, ұшқыш аромат және қаныққан көмірсутектер мен нафталин аз, ал ауыр, антроценді майлар мен тұтқыр шайырлардың үлесі көп болады.
Тотықтырылған қара майларды шикі тас көмір қара майларын 170...2000С температурада тотықтыру арқылы алады. Қоладнылған қондырғылардың түріне байланысты тотықтыру уақыты 4...16 сағатқа дейін созылуы мүкін. Өндірісте тотықтырылған қара майлардың ДО-4, ДО-6, ДО-7, ДО-8 маркалары өндіріледі.
Гидроизоляциялық мақсатта қара күйені антанценді майлар және басқа да қара май материалдарымен араласытру арқылы алынатын құрастырылған қара майлар кеңінен қолданылады. Бұндай қара майлардың құрамы есептік және тәжірибелік жолмен таңдалады.
Қара күйе – қатты немесе тұтқыр аморфты зат. Бұл тас көмірден 3600С температурада тас көмір қара майын айдау нәтижесінде алынатын өнім. Қара күйе негізінен шайырлы заттардан, бос күйіндегі көміртектен, кокс пен көмір қалдықтарынан, антраценнен, фенантерннен, нафталин және майлардан тұрады. Қара күйе негізінен жабын материалдарын, қара күйе лагын, құрастырылған қара майларды өндіруде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет