Бизнес-жоба көше және бақша гүлдерін өсіру жылыжайы


ЖОБА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ



бет2/3
Дата03.06.2024
өлшемі72.1 Kb.
#502246
1   2   3
Бизнес план гүл отырғызу 400мрп

ЖОБА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру және ауыл шаруашылық дақылдарының әртүрлі түрлерін өсіру барынша пайдалы бизнес, сонымен қатар барлық тараптар үшін пайдалы болып табылады.Сауда желілері де қоғамдық тамақтандыру орындары да жас және сапалы өнімдерді аса қажет етеді. Тұрақты жұмыс істейтін жылыжай шаруашылықтары жыл бойы жақcы табыс табуға мүмкіндік береді. Өнімділігі жоғары, өзін тез ақтайды, рентабельділігі жақсы, жылыжай шаруашылығының басымдығы осымен шектелмейді.


Негізінен, жылыжай бизнесі қазіргі уақытта елдің оңтүстік өңірлерінде дамуда. Өйткені нарыққа қатысушылар солтүстік аудандарда газ бен электр энергиясына шығынданғанша өсірілген тауарды оңтүстіктен солтүстікке тасыған пайдалы деп санайды.
Маркетингті мақсаты жылыжай шаруашылығы саласының жұмысы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Компанияның нарыққа кіруіне бәсекелестер тарапынан болатын кедергілердің бірі сол фирмалардың өндірістік қуаттарының жеткілікті болуы есебінен бағаның күрт төмендеуі (бағалық прессинг) болуы мүмкін. Оған қарсы шара өнімді жарнамалау бола алады. Базарларда тауарларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдар арқылы кеңінен жарнама жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті чаттарда, интернет - ресурстарда жарнамалық хабарландырулар берілетін болады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда өнімдерінің сатушылары үшін парақшалар дайындалатын болады. Сұранысты қалыптастыру менөткізуге ынталандыру мынадай жағдайлар ескеріле отырып жоспарлануда:
- Жылыжай шаруашылықтарының қолайлы орналасуы;
- Басқалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;
- Заманауи жабдықтар;
- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру
Аудан бойынша гүл өсіру жылыжайлары жұмыс жасамағандықтан салыстыру аналогтары қарастырылмаған. Әйтсе де баға саясаты Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда 10 пайызға төмен
Жобаның жұмыс жасау орны қарастырылған, өз меншігімдегі орын болып табылады. Яғни жылыжай өзімнің жеке үйімнің ауласындағы орында орналастырылады.
Біздің өнім барлық тұрғындар үшін арналған . Қала тұрғындары да, гүл сату дүкендері де, көтерме саудамен айналысатын Қазақстан бойынша диллерлар да осы санатқа кіреді





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет