Жобаны жүзеге асыру орны
Жобаны жүзеге асырудың жоспарлы орны: Жамбыл облысы, Шу ауданы
Технологиялық жоспарлау
Қойлар – қуыс мүйізді қос тұяқтылар тұқымына жатады және үй жануарлары.
Қойдың жүні тоқыма, құрлыс, тіпті авияциялық өнеркәсіпте де пайдаланылатын керемет шикізат болып табылады. Қой терісі – бұл қойдан алынатын шикізат. Қолдалынатын саласы бойынша қой терісі үш топқа бөлуге болады:
-тон терісі (қысқа сырт киім тігуге пайдаланылады);
-үлбір қой терісі (пальто, бас киім, жаға);
-ет өнімі-қой еті(ересек мал еті) және тоқты еті(жас мал еті) көптеген отбасылардың мерекелік үстеліне міндетті атрибуты болып табылады.
Қой тұқымдары. Жалпы қойдың шамамен 600-ге тарта тұқымы бар. Әртүрлі тұқымдар арасындағы ерекше танымалы-Оңтүстік Қазақстан миренос.Қошқарлардың салмағы 60-80кг
Қойды ұстау. Үй жанындағы шаруашылықтарда малдарды түрлі типтегі арнайы ыңғайландырылған қораларда ұстайды. Қой қора жарық, құрғақ, кең болуы керек. Мүмкіндікке қарай, едендер сазбалшықтан, топырақтан немесе ағаштан жасалуы қажет. Ол жерден 20-30 см биік болғаны дұрыс. Қой қоралардағы температура 5-8 С, төлдегенде 15-18 С-ден төмен болмауы керек. Мүмкіндікке қарай үнемі құрғақ төсеніш болғаны дұрыс, өйткені қойлар ылғалды онша ұнатпайды. Жарықты да қарастырған артық болмайды. Қой қорада жем салатын аттақыр, суаратын астау және қораның ішкі жағынан жем беру үшін аттақыр мен астаудың ұзындығы бір қойға шамамен 30-40 см ден болуы керек. Мәселен,бес қой үшін жем беретін астаудың ұзындығы 1,5-2 м болуы қажет.
Технологияның қысқаша сипаттамасы
Ет өндіру бағытындағы фермаларды бірнеше жолдармен құруға болады. Асыл тұқымды шаруашылықтарда меншік өнім немесе етті мал асыл тұқымды жануардың трансплантацияланатын эмбрионын сатып алу есебінен таза тұқымды өсіру.
Арнайы етті мал шаруашылығының тиімділігінің деңгейін селекциялық, технологиялық, ветеринар-санитарлық және ұйымдастырушылық фарторлар анықтайды.
Арнайы етті мал шаруашылығының тиімділігі көптеген жағдайда малдың тұқымына байланысты болады. Тұқымды таңдау кезіндегі негізгі критерийлер – малдың өнімділігі, өндіріс мақсаты, олардың аудан ауа-райына бейімделгендігі, жемдік қор сипаты және күту технологиясы болып табылады.
Жануарларды күту және жемдеу жүйесі
Етті малды жемдеу негізгі қоректік заттары бойынша қалыптастырылған және балансталған болуы керек, ол салмақ бірлігіне қатысты жемге кететін аздаған шығынмен жоғары өнімділікті алуды қамтамасыз етеді.
Қой жемі-пішен, сабан, сүрленген сұлы, арпа, кебек, құрама жем.Қойға қысқа қарағанда жазда жемді азырақ беруге болады, өйткені олар өрісте жайылады. Егер шығынды аз жұмсау үшін ауылда тұруды жоспарласаңыз, пішен мен сабанды өзіңіз де шабуыңызға болады. Сұлы мен арпаны шаруа қожалықтарынан арзан бағада сатып алуға болады.
Қой өсіру. Төлдеу мүмкіндігі 6-8 айлық тоқтыларда болады. Бірақ күйекті (қой қашыру) 1-1,5 жастан ерте бастамау керек. Тек өте жақсы дамыған тоқтыларды ғана алғаш рет 10-айлығында қашыруға болады. Қойлардың буаздық мерзімі орташа есеппен 5 ай (142-155 күн). Қыста төлдету үшін (қаңтар,ақпанда) қойды тамыз бен қыркүйекте қашыру қажет. Ал көктемге төлді алу үшін (сәуір, мамыр) қошқарды қойға қараша немесе желтоқсанда салу керек. Төл алуды жоспарлағанда көктем туған төлдің қыста туған және сол уақытта күшейіп алған төлге қарағанда көктемгі қозы жайылымға шығару басталғанға дейін жемді жақсы жейді, ол салқын тиетін ауруларға да көп шалдықпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |