Бизнес-жоспар



бет4/20
Дата22.02.2016
өлшемі1.14 Mb.
#2122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

4.2 Ғимарат пен нысандар


Кондитерлік цех көлемі 70-80 шаршы метр болатын жалдамалы тұрғын емес жайда орналастырылады деп жоспарлануда. Жалдамалы жай кемінде бөлінген 3 бөлмеден: кондитерлік цех сақтау қоймасы және сауда залынан тұруы керек.
Кондитерлік цех

Кондитерлік цех бөлімдерін жоспарлағанда технологиялық үдеріске сәйкес келетіндей етіп жоспарлау қажет, себебі шикізат пен дайын өнімдердің ағымы бір-біріне қарама-қайшы кездесіп қалмауы керек, сондықтан да цех келесі бөлмелерді қамтуы керек:





  • қамыр илейтін бөлме – бұл бөлмеде қамыр иленеді және жартылай фабрикаттар дайындалады.

  • қамырды турайтын, бөлетін бөлме – қамырды бөліп, кондитерлік өнімдердің формасын дайындайтын бөлме.

  • пісіретін бөлме – наубайханалық шкафтарда кондитерлік өнімдерді пісіретін бөлме.

  • дайын өнімдерді суытатын бөлме

  • Тара, ыдыс жуатын бөлме

Кондитерлік цехта желдету жүйесі болуы қажет.
Қорларды сақтайтын қойма

Бұл қойма құрғақ өнімдерді (ұн, қант, крахмал) сақтау үшін арналған. Мұнда орташа 15°С температура сақталуы қажет және ауаның ылғалдылығы 60 – 65 % құрауы тиіс. Сонымен қатар, осында тоңазытқыш камера орналасатын болады.


Сауда залы

Сауда залы орташа есеппен 20 шаршы метр алаңда орналасуы қажет.


4.3 Құрал-жабдықтар мен керек-жарақтар


Кондитерлік цех

Кіші-наубайхананы жабдықтау үшін келесі негізгі құрал-жабдықтарды алу қажет:



  • Ұн елегіш машина

  • Көлемі 140 литрге арналған қамыр илейтін машина, ТММ-1М типті

  • Кремді көпіршітетін машина, көлемі 25 литрге арналған

  • ШПЭСМ-3 типті, 1 кезекте 50 стандартты тортты пісіре алатын мүмкіндігі бар наубайлық пеш .

Дегенмен, үлкен көлемдегі емес кондитерлік өнім шығару жоспарланғанымен, 3 пісіретін камерасы бар арнайы кондитерлік пешті пайдаланған жөн. Қажетті мөлшердегі (100 -ден 250° С дейінгі) температураны қоя отырып бір мезетте үш түрлі өнімді әртүрлі температурада пісіре алатын мүмкіндігі қаратырылған. Кондитерлік өнімдерге деген сұраныс бірқалыпты емес, сұраныс көбінесе демалыс, мейрам күндері жоғарылайды.

Қамырды кесу үшін арнайы тот баспайтын материалдан дайындалған үстелдер және стеллаждар қажет.
Сонымен қатар, келесі құрал-саймандардың болуын да қадағалау қажет:


  • қаңылтыр таба (листілер, лотоктар);

  • өлшегіш стақандар, сүзгіштер;

  • торт пісіретін әртүрлі формалар;

  • кастрюльдер, тегештер, тәрелкелер;

  • қамырды өңдейтін керек-жарақтар(ағаш, металл оқтаулар);

  • ағаш күректер;

  • жартылай фабрикаттарды кесетін пышақтар;

  • қасықтар, венчиктер, шанышқылар;

  • кондитерлік жиынтықтар (шприцтер, ауыстыратын бөліктері);

  • жуатын құрылғы;

  • асхана сүлгілері, майлықтары.



Қорлар қоймасы

Өнімдерді сақтау үшін қоймада стеллаждар орналастырылады. Өнімдерді өлшеу үшін таразылар мен өлшегіштер қолданылады. Тез бұзылатын заттарды сақтау үшін кәдімгі тоңазытқыш пайдаланылады.


Сауда залы

Дүкенді жақсылап безендіру үшін арнайы дизайнмен ағаштан жасалған стеллаждар қойылады. Дайын өнімдер дүкенге арнап жасалған тоңазытқыштарда, стеллаждарда орналастырылады.


Қажетті құрал-жабдықтың тізімі және олардың бағасы төмендегі кестеде көрсетілген:
6- кесте: Құрал-жабдықтар мен и құрал-саймандар

Атауы

саны, данасы

Бағасы, мың теңге

Сауда залы




370

Тоңазытқыш

1

250

Стеллаждар

1

60

Құрал-саймандар

1

60

Кондитерлік цех




1300

Наубайлық пеш

1

200

Кремді көпіршітетін машина

1

180

Ұн елегіш машина

1

150

Қамыр илейтін машина

1

400

Тоңазытқыш

1

90

газ плитасы

1

50

Электронды таразы

1

60

Алюминийден жасалынған үстел

2

50

Стеллаж, металдан жасалған

2

40

Өндірістік құрал-сайман

1

80

Барлығы

18

1.670


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет