«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



бет11/19
Дата01.07.2016
өлшемі1.52 Mb.
#169782
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085,


«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулыларын,

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындау шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар;

20) Уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

21) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
3. «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары


    1. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын Кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз қатыса алады.

    2. Мыналар:

1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

4) овердрафт түріндегі;



5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

    1. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

    2. Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер/ Даму банкі/ Лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.

    3. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

    4. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде Банктер/ Даму банкі/ Лизингтік компаниялар жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.

    5. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) Банктер/ Даму банкі/ Лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін кредиттер/ лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

    6. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасынан 30 %-дан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

    7. Айналым қаражатын толықтыруға қалпына келтірілетін негізде берілген кредит бөлігінде субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

    8. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.

    9. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде Кәсіпкер жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға Кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

    10. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

    11. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

    12. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір Кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/ қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

    13. Кредиттер/қаржылық лизинг шарты бойынша субсидиялау мерзімі
      3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

    14. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредитор банкте/Лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

    15. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа Банктер/Лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.

    16. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

    17. Бағдарлама шеңберінде Банк/Даму банкі /Лизингтік компания:

1) кредит беру/ қаржылық лизинг шарты талаптарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;

2) кредит/ қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді Кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын;

3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) қоспағанда, кредитке/ қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.



    1. ӨҮК қолданыстағы кредитті/ қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда Банк/Даму банкі /Лизингтік компания Кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

    2. Линзингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.


4. «Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары


    1. Мынадай:

1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;

2) ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайын Кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.



    1. Мыналар:

1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

4) овердрафт түріндегі;



5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

    1. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

    2. Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер/ Даму банкі/ Лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.

    3. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

    4. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде Банктер/ Даму банкі/ Лизингтік компаниялар жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.

    5. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) Банктер/ Даму банкі/ Лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін кредиттер/ лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

    6. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасынан 30 %-дан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

    7. Айналым қаражатын толықтыруға қалпына келтірілетін негізде берілген кредит бөлігінде субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

    8. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.

    9. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде Кәсіпкер жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға Кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

    10. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

    11. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

    12. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір Кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/ қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

    13. Кредиттер/қаржылық лизинг шарты бойынша субсидиялау мерзімі
      3 (үш) жылды құрайды
      . Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

    14. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредитор банкте/Лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

    15. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа Банктер/Лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.

    16. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

    17. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

    18. Даму банкінің кредиттері/ қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

    19. Бағдарлама шеңберінде Банк/Даму банкі /Лизингтік компания:

1) кредит беру/ қаржылық лизинг шарты талаптарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;

2) кредит/ қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді Кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын;

3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) қоспағанда, кредитке/ қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.



    1. ӨҮК қолданыстағы кредитті/ қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда Банк/Даму банкі /Лизингтік компания Кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

    2. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары мынадай критерийлерге сәйкес келуге тиіс:

1) Астана және Алматы қалаларында сауда алаңы кемінде 5 мың шаршы метр;

2) облыстарда кемінде 2 мың шаршы метр;

3) деңгейлер саны кемінде 2, тұрақ коэффициенті кемінде ауданның 40 шаршы метріне 1 орын.


    1. Линзингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.


5. «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары


    1. Мыналар:

1) Даму банкін (Банк және Даму банкі бұдан әрі Банк деп аталады) қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

4) овердрафт түріндегі;



5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

    1. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/неесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл ретте айналым қаражатын толықтыруға қалпына келтірілетін негізде берілген кредиттерді субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

    1. Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер/ Даму банкі/ Лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.

    2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір Кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/ қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер бойынша сома бір Кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеге балама мөлшерден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/ қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

    1. 750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қолданыстағыларға қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.

Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жас адамдар үшін құру ұсынылады.

    1. Кредиттер/қаржылық лизинг шарты бойынша субсидиялау мерзімі
      3 (үш) жылды құрайды
      . Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

    2. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредитор банкте/Лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

    3. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа Банктер/Лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.

    4. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін Банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін Банктің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл ретте Банк:

1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.



    1. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11 %-ға дейін төмендететін, оның
4 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін Даму банкінің стандартты валюталық кредиттері
бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл ретте Банк:

1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.



    1. Бағамдық оң айырма орын алған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне жатқызады, ал бағамдық теріс айырма орын алса – өтеу Кәсіпкерге жүктеледі.

    2. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын, аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.

    3. Лизингтік компаниялардың/Банктің/Даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Лизингтік компания/Банк:

1) кредит беру шарттарының Борышкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

3) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу);

4) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.



    1. ӨҮК қолданыстағы кредитті/ қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда Банк/Даму банкі /Лизингтік компания Кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

    2. Егер Банк/ Даму банкі мен Кәсіпкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарса, онда мұндай айырбастау Банк/ Даму банкі мен Кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет