Көз көру қаблетінің төмендеуі.
- Әсіресе артерия қан қысымының жоғарылауымен
байланысты.
- Бұл көздің көрмей қалуына әкеліп
соғады.
Ентігу және жүрек тұсының ауырсынуы.
- Жедел және созылмалы гломерулонефритте
кездеседі.
- Дене қызуының көтерлуі, жүрек айну, құсу, тәбеттің
төмендеуі сынды симптомдар көбіне жедел
гломерулонефритте және созылмалы
пиелонефриттің қозу кезінде болады.
- Қосымша шағымдары: бас айналу, дене қызуының
көтерлуі,әлсіздік, т.б.
Қараған уақытта:
сырқаттың төсектегі жағдайлары:
- белсенді,
- енжар(амалсыз жағдай:гломерулонефрит,
паранефрит, бүйрек эклампсиясында тырысу
пайда болады),
- уремияда және анурияда теріде тырнақтың
іздері көрінеді,
- қабыну процестерінде денеде ісіну пайда болады.
Пальпация
- Сау бүйрекке пальпация жасалмайды.
- Науқасты тұрғызыпта жатқызыпта сипап сеземіз.
- Медицина қызметкері науқастың оң жағында
тұрады.
- Науқасты арқасына жатқызу.
- Сол қолымызды арқаның астына жүргізіп қабырға
омыртқа бұрышының тұсына қоямыз.
- Оң қолды оң қабырға асты тұсына іштің тік бұлшық
етіне сыртқа қарай қоямыз.
- Науқастың босаңсуын сұраймыз.
- Науқас дем шығару кезінде сол қолды құрсақ
қуысына қарай енгізіп оң қолмен пальпация
жасаймыз.
Перкуссия
- Сау адамның бүйрегі перкуссияланбайды.
- Ұрғылау немесе қағу әдісін Пастернацкий
әдісі деп атайды.
- Зерттеуші сол қолын бұйірге қойып екінші
қолының қырымен сол қолымен жеңіл
ұрғылайды.
- Егер ұрғылау кезінде науқас ауырсынуды
сезсе онда Пастернацкий симптомы оң деп
есептеледі. Ол әсіресе бүйректе тас болғанда,
паранефритте оң болады.
Бүйрек және зәр шығару жолының қосымша тексеру әдістері.
- Зәрді лабораториялық тексерудің диагностикалық
маңызы зор.
- Өйткені тек бүйрек, зәр шығару жолдарының
ауруларында ғана емес басқа мүшелермен
жүйелердің ауруларында зәрдің сапалық және
сандық өзгерістері кездесуі мүмкін.
- Жалпы зәрдің құрамы: ішкен сұйықтықтың
мөлшеріне, ішкен тағамдардың түріне байланысты.
- Сондықтан зәрді лабораторияға ертеңгісін ең
алғашқы порциясн апарады.
Зәрдің жалпы анализі:
- Зәрді жалпы анализге жинау үшін науқасты
таңертенгісін жыныс мүшесін жуады, зәрдің
алғашқы тамшысын дәретханаға, қалғанын таза
шыны ыдысқа жинайды.
- Лабороториялық тесеруге 200мл зәр апару керек.
- Ыдыс сыртына жолдама жапсыру керек, оған
уақытты,науқастың фамилиясын, палатасын,
бөлімшесін, мед.қызметкердің қолын көрсету керек.
Зәрдің физикалық қасиеттері:
- түсі;
- мөлшері;
- мөлдірлігі;
- исі;
- тығыздығы;
- реакциясы;
Мөлшері: шамамен 500-1500мл кейде ер адамдарда
2 л дай зәр бөлінеді.
Түсі: сабан түстес;
Мөлдірлігі: мөлдір.
Исі: жаңа зәрде исі болмайды, тұрып қалса қышқыл тартады;
Тығыздығы 1,008– 1,026, урометрмен анықтайды – зәр тығыздығын анықтайтын мөлшері кішкентай ареометр 1000 -1050дейін.
Реакциясы: әлсіз сілті, әлсз қышқыл.
Химиялық асиеттері: зәрде қалыпты жағдайда белок, қан,өт пигменті, ацетон болмайды
Достарыңызбен бөлісу: |