Кортикостероидтар деңгейінің біршама тұрақсыздығы, қан сарысуында жартылай өмір сүру кезеңінің қысқалығы, кортикостероидтар секрециясының көп деңгейлі реттеу жүйесінің күрделілігі, бүйрек үсті безі қыртысын зертханалық диагностикалауда бірқатар функционалдық сынақтарды қолдануға себеп болады (4.1 кесте). Бірақ, бірқатар жағдайларда динамикалық сынақтардан басқа қан сарысуындағы кортизол деңгейін бір рет қана анықтаудың ақпараттылығы өте төмен. Бүйрек үсті безі гормондары өндірілуі бұзылысының диагностикасы Егер кортикостероидтар мен катехоламиндер in vitro тұрақты қосылыстар болса, ал АКТГ және ренин қанның формалық элементтерін гемолиздеуші ферменттері әсерінен жылдам ыдырауға ұшырайды. Жоғарыда аталған гормондар деңгейі жөнінде нақты мәлімет алу үшін науқастан қан алғанда, оны антикоагулянты бар түтікке жинап, кейін жылдам плазмадан бөлу қажет. - Егер кортикостероидтар мен катехоламиндер in vitro тұрақты қосылыстар болса, ал АКТГ және ренин қанның формалық элементтерін гемолиздеуші ферменттері әсерінен жылдам ыдырауға ұшырайды. Жоғарыда аталған гормондар деңгейі жөнінде нақты мәлімет алу үшін науқастан қан алғанда, оны антикоагулянты бар түтікке жинап, кейін жылдам плазмадан бөлу қажет.
- Гормональды зерттеу әдістерінен басқа электролиттер деңгейін зерттеу диагностика үшін өте маңызды. Себебі, гиперкортизолизм мен гиперальдостеронизмге гипокалиемия және гипернатриемия, ал гипокортицизмге — гиперкалиемия мен гипонатриемия тән. Гемолиздің қанда калий деңгейін жоғарылатуға септігін тигізетінін естен шығармаған жөн.
Аспаптық зерттеу әдістері Бүйрек үсті безін визуализациялау үшін КТ және МРТ қолданылады. Бүйрек үсті безі ауруларын диагностикалауда аталған екі аспаптық зерттеу әдісінің ақпараттылығы бірдей. КТ-нің артықшылығы- бағасының арзандылығында. Бүйрек үсті безінің жоғары полюсі томографиялық кесіндіде XI-XII кеуде омыртқасына сәйкес келеді, жиі төменгі қуыс көктамырының артында үлкен емес жолақ ретінде көрінеді. Оның сол жағында диафрагманыңы оң жақ аяқшасы мен қолқаның құрсақтық бөлімінің диафрагмаішілік бөлігі жатыр. Оң жағында бауырдың оң жақ бөлігі орналасқан. Сол жақ бүйрек үсті безі «Y» әріпі немесе үшбұрыш пішіні түрінде көрініп, сол жақ бүйректің жоғарғы полюсінен медиальды, алға қарай орналасады. Сол жақ бүйрек үсті безінің алдында, ұйқыбезі құйрығының артында көкбауыр артериясы жатыр. КТ мен МРТ кезінде бүйрек үсті безінің қыртысты және милы заты ажыратылмайды. Екі әдіс те бүйрек үсті безінің көлемін, онда дамыған патологиялық түзілістерді анықтауға, олардың көлемі мен пішінін бағалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |