Бұйрыққа Қосымша «Самұрық Қазына» АҚ



жүктеу 0.7 Mb.
бет1/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.7 Mb.
  1   2   3   4   5


Бұйрыққа Қосымша

«Самұрық Қазына» АҚ

«___» __________ 2012 ж.

№ __________

Жалғыз акционер «Павлодар

әуежайы» АҚ шешімімен

бекітілген

«___» __________ 2012 ж.

(бұйрық № _________)






2011 жылғы «Павлодар әуежайы»

Акционерлік қоғамының қызметі туралы

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Павлодар қ, 2012 жыл
Директорлар Кеңесі Төрағасының

Кіріспе сөзі
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Сіздер «Павлодар әуежайы» АҚ-ның қызметі туралы жылдық есеп парақтарына қош келдіңіздер! Өткен 2011 жыл «Павлодар әуежайы» АҚ дамуында жаңа кезең болып қалыптасты. Қоғам қызметі нәтижелерін сараптай келгенде, атап өтерлігі, 2011 қаржы жылы шығынсыз жыл болды, ал әуежай тұрақты даму үстінде. Қуантарлығы, 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Павлодар әуежайы» АҚ оң жетістіктерге қол жеткізді.

Ұшақ-ұшулардың қызмет көрсету өсімі байқалады. Бұл - жазғы маусымда «Сапсан», «Сибирь», «SkyAirLines» қосымша авиакомпания рейстерінің қосылуына және жүйелі емес ішкі рейстердің артуына байланысты.

Директорлар кеңесі Төрағасының міндеттерін атқаруға мен 2008 жылдың наурыз айында кіріскен едім. Өткен кезең бойынша мен кәсіпорын және оның қызметкерлерімен жете таныстым. Сеніммен айта аларым, кәсіпорын басшылығы жұмыс үшін барлық жағдайларды жасаған және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне барынша жауапкершілікпен қарайды.

Павлодар облысы үшін авиациялық тасымал және авиациялық жұмыстардың дамуы аймақтың экономикалық одан әрі дамуына, алыс және жақын шет елдермен сауда және экономикалық байланыстың дамуына өз септігін тигізеді. Өз жұмысында «Павлодар әуежайы» АҚ дәл осы талаптарды алдына қояды. Мақсаттарға жете отыра, біз авиакомпания және жолаушылардың тұтынушылығын толығынан қанағаттандыруға ұмтылудамыз, жіберуші және жүктерді қабылдаушыларға қауіпсіздік және жайлылық кепілдігін қамтамасыз етеміз.

Сондай-ақ, атап өтейік, «Павлодар әуежайы» АҚ ұдайы корпоративтік басқаруды дамыту, Қоғам шынайылығын арттыруға тырысуда. Аталған жылдық есеп парақтарынан барлық мүдделі тұлғалар 2011 жылға арналған Қоғам қызметінің нәтижелері туралы ақпараттарды ала алады.

Директорлар Кеңесінің Төрағасы Қалиева А.Т.


Басқарма Төрағасының кіріспе сөзі
Құрметті оқырмандар!

Мені қуантатыны, Сіздердің біздің авиакомпаниямызға қызығушылық танытып отырғандарыңыз. Біздің есебіміз «Павлодар әуежайы» АҚ қызметі туралы берілген нақты фактілер Қоғамның айқын көрінісін көрсете алады деген сенімдемін.

2011 жылға арналған «Павлодар әуежайы» АҚ-ның міндеті болып – қолда бар ресурстар, яғни, қызмет көрсету сапасын түсірмей, ұсынылатын қызмет көрсетудің толыққандылығы, білікті персоналды сақтап қалу арқылы қол жетімді жетістіктерге жету.

Жыл қорытындысы бойынша сеніммен айта аларымыз, тапсырма сәтті орындалды. Қоғам өндірістік көрсеткіштерді арттырды, сонымен қатар, бюджеттің кіріс бөлігін орындау қамтамасыз етілді.

2011 жыл - «Павлодар әуежайы» АҚ үшін (бұдан әрі –Қоғам) бірқатар маңызды оқиғаларымен белгілі.

2011 жылы Қоғамның Жалғыз акционері – «Самұрық Қазына» АҚ-мен Қоғам акциялары сатып алынды, сондай-ақ, жаңа редакцядағы Қоғамның Корпоративтік басқару Кодексі және Жарғысы бекітілді. Біз жыл сайын көрсетілетін қызмет көрсету сапасын арттыруға, клиенттердің жайлылығын қамтамасыз ету деңгейін көтеруге ұмтылудамыз. Алға қойған мақсаттарға жету үшін ең бастысы – мамандарымыздың кәсібилігі мен орындаушылығы, директорлар Кеңесінің адал әрі тиімді жұмысы, акционердің сенімі мен қолдауы қажет.

Қоғам персонал біліктілігін арттыруға ұмтылады, сондықтан, жүйелі түрде өз қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады.

2012 жылы Павлодар қаласында аймақаралық серіктестік IX Форумының жоспарлануына байланысты, Қоғам аталған шара бойынша әуежай дайындығына кірісіп кетті.

Негізгі қызмет бойынша төлем қабілеттілігін төмендетуге, шығын өсуі мен кірістің төмендеуі ретінде қоғам шығынын оптимизациялау мақсатында дағдарыс факторларына жол бермеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қоғамда қолданылатын негізгі құралдар – белгіленген нормативтерді орындауда қатаң бақылау болып табылады.

Әуежай жұмысы ӘК-не үлгілі, сапалы, қауіпсіз және багаждар, пошта және жүктерді тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүйелі қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне бағытталған.



Басқарма Төрағасы Юдин В.И.

Мазмұны


1.

Қоғам қызметі туралы ақпарат

5




Қалыптасу тарихы

5

Қоғам мақсаты және қызмет түрлері

6

Қызметтің шешімді нәтижелері

7

Қоғамның шешімді нарығы

9

Қызметтің негізгі түрлері бойынша қоғамның нарықтық үлесі

9

2.

Қоғамның ұстаным бағасы және оның даму жолдары

10




Қоғамның даму мақсаттары туралы ақпарат және инвестициялық жоспарлары туралы

10

Инвестициялық қызмет

11

3.

Даму стратегиясы

11

4.

Кадрлік қамтамасыз ету

12

5.

Корпоративтік басқару

13




Акционер туралы ақпарат

14

Корпоративтік басқару төңірегіндегі шаралар.

14

Ұйымдастырушылық құрылым

15

Тәуекелді басқару жүйесі

16

Ішкі бақылау жүйесінің бағасы

16

6.

Директорлар кеңесі (қызмет туралы есеп)

17




Директорлар Кеңесінің құрамы

17

Тәуелсіз директорлар институты

18

2011 жылғы директорлар Кеңесінің жұмысы туралы есеп

19

Директорлар Кеңесінің Комитеттері

20


Директорлар марапаттауы

21


«Самұрық Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің пікірлерді есепке алу бойынша қабылданған шаралар.

22


7.

Қоғам басқармасы

22




Басқарма Төрағасының іріктеу критерийі

22

Басқарма мүшелерінің іріктеу критерийі

23

Басқарма құрамы

23

2011 жылда Басқарма жұмысы туралы есеп

25

Басқарма Төрағасы мен мүшелерін марапаттау

25

8.

Басқарманың Директорлар Кеңесі, Комитеттер, жеке Директорлар, ішкі аудит қызметі және оның басқарушысы қызметінің бағасын өткізу үрдісі.

26

9.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

26

10.

Қоршаған ортаны қорғау.

27

11.

2011 жылы «Павлодар әуежайы» АҚ директорлар Кеңесінің отырысы (қосымша 1)




12.

2011 жылы «Павлодар әуежайы» АҚ Комитеттерінің отырысы (қосымша 2)




13.

2011 жылы «Павлодар әуежайы» АҚ Басқармасының отырысы (қосымша 3)




14.

2011 жылы «Павлодар әуежайы» АҚ қаржы есебі





Қоғамның қызметі туралы ақпарат. Құрылу тарихы.
1998 жылдың 28 желтоқсанындағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің «Иртыш-Авиа» және «Ульба» акционерлік қоғамдарын тарату туралы» (тіркеу туралы куәлік №6915-1945-ААҚ, 28.05.1999ж.) №747 қаулысына сәйкес, «Павлодар әуежай» ашық акционерлік қоғамы (қазіргі акционерлік қоғам) «Иртыш-Авиа» ААҚ бөлініп шығуы арқылы құрылды. Қоғамның құрылтайшысы Павлодар аймақтық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті болды. 2000 жылғы ҚР Үкіметінің шешімімен акцияның 100% Павлодар облысы әкімінің коммуналдық меншіктігіне берілді.

Жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі -100%.


2006 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Павлодар әуежай» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру туралы» №782 Қаулысымен «Павлодар әуежай» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігіне берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 24 қазандағы «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына кейбір акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттерін беру туралы» №1020 Қаулысымен «Павлодар әуежай» АҚ 100 % акциясы «Самұрық»Холдинг» АҚ берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 «Ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің кейбір шаралары туралы» Жарлығымен «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамы мен «Қазына» тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамын қосу арқылы «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі -Қор) құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің кейбір шаралары туралы» Жарлығымен «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамы мен «Қазына» тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамын қосу арқылы «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі -Қор) құрылды.
1999 жылы уақытша сызба бойынша әуежайға халықаралық дәреже берілді. Әуежай әуеайлағы әуеайлақтың «В» сыныбына жатады және 3 сынып әуеайлағына кіреді.

Қазіргі уақытта Қоғам «Эйр Астана», «Сибирь», «ЕвроАзияЭйр» авиакомпанияларының, сонымен қатар, чартерлік және арнайы рейстердің орындалуын қамтамасыз етеді. Ұшулар кестесінің жиі рейстері Алматы, Астана, Москва сонымен қатар жазғы уақыттарда Германия, Санкт-Петербург, Минск қалалары құрайды. В767-200; В767-300; А310 -200; А310-300, А319-100; А 321-200; В 737-300; В737-400; В 737-500; В 737-600; В 737-700; В 737-800; Ғ-100; ИЛ-76 ТД; Ил-76 Т; Ту-204; Ту-154; Ту-134; Як-42; Як-40; Ан-24 ұшақтарын және ЖҰҚЖ мен РСN геометриялық өлшеміне сай келетін басқа да ӘК қабылдайды.

2006 жылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен ИКАО 1 санатына сәйкес, жасанды жамылғы ұшу-қону жолағы қайта құрылып, күрделі жөндеуден өткізілді, жарық дыбыс жабдықтары жаңаланды. Осыған орай әуежай бұдан да мықты әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігіне ие болды.

Авиакәсіпорында ұшулар қауіпсіздігі деңгейін тұрақты қамтамасыз ететін жоғары білікті қызметкерлер мен жерүсті базасы бар.



Қоғам қызметінің түрлері мен мақсаттары.

Қоғам қызметінің мақсаттары:



  1. Қазақстан Республикасы заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес, әуе кемелерін, жолаушы, қолжүк, пошта мен жүктерге қызмет көрсетуді жиі, қауіпсіз және тиімді қамтамасыз ету;

  2. табыс алу болып табылады;

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. жолаушылар мен азаматтық әуе кемелеріне қызмет көрсету, қабылдау, ұшыру, қолжүк, жүк, пошталарын өңдеу, оларды тексеру және бақылау.

  2. әуеайлақ, әуежай, аэронавигация объектілерін жөндеуден өткізу және пайдалану;

  3. әуежайдың авиациялық қауіпсіздігін, бақылау аймағында өткізу-бақылау тәртібі мен олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  4. азаматтық әуе кемелерінің ұшуын жарықтехникасымен және әуежай, әуеайлақ пен казаэронавигация объектілерін энергиямен қамтамасыз ету;

  5. азаматтық әуе кемелерін, әуежай объектілері мен қызметтерін жанар-жағармай материалдарымен, арнайы сұйықтықпен қамтамасыз ету және олардың сапасын бақылау;

  6. азаматтық әуе кемелеріне және басқа да тұтынушыларға арнайы көлік құралдарын беру;

  7. әуежайлар мен азаматтық әуе кемелерінде экипаждар мен жолаушыларды тамақпен қамтамасыз ету;

  8. жолаушылар, экипаждар мен халыққа азаматтық авиация саласындағы қажетті мәліметтер бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;

  9. қызметкерлер мен мүлікті қорғауды қамтамасыз ету, соның ішінде тасымалдау кезінде;

  10. инфрақұрылымды жоспарлы және кешенді дамыту;

  11. құрылыс, құрылғылар мен техникалық құралдарды қалыпты жағдайда ұстау;

  12. сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету;

  13. негізгі мақсаттарға жету үшін, заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қызметтерді жүзеге асыруға.

Сонымен қатар, Қоғам келесі қызмет түрлерін көрсету арқылы табыс табады:

1) жақын орналасқан кәсіпорындарды су және энергиямен қамтамасыз ету;

2) авиациялық және өрт қауіпсіздігі;

3) автокөлік қызметтері.

2012 жылға Қоғамның негізгі міндеттері:

1) әуевокзал ғимаратының қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтау;

2) қазіргі заман жабдықтарымен арнайы техникаларын сатып алу;

3) әуежай инфрақұрылымын дамыту;

4) өндірістік көрсеткіштерді ұлғайту;

5) 2012-2022ж.ж арналған даму стратегиясын бекіту.
Қызметтің шешімді нәтижелері.
Жалпы сала көрсеткіштері. Қоғам қызметінің нәтижелері.

Әуежайдың өндірістік қызметі әуежай арқылы қозғалыс көлемінің негізгі үш көрсеткіші негізінде қарастырылады:



  1. қызмет көрсетілген рейстер саны;

  2. қызмет көрсетілген жолаушылар саны;

  3. ең жоғары ұшу салмағы (ЕЖҰС)

ӨНДІРІСТІК ПІК



Көрсеткіштер

2010ж. дерек

2011ж. жоспар

2012ж. дерек

Жоспардың орындауы%

2010ж. дерек. орындалуы%

Қызмет көрсетілген ұшақтар саны

1161

1160

1215

104,7

104,6

ІӘЖ

991

993

1038

104,5

104,7

ХӘЖ

170

167

177

106,0

104,1

2011 жылы қызмет көрсетілген ұшақтар саны 1215 бірл. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 4,7 пайыз жоғары және 2010 жылға қарағанда 4,6 пайызға жоғары, бұл “Сапсан” «Сибирь», «Sky Airlines» жүйелі емес ішкі рейстердің артуынан болып отыр.



ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

КІРІСТЕР


Көрсеткіштер

2010ж. дерек

2011ж. жоспар

2011ж. дерек

Жоспардың орындауы%

2010ж. дерек. орындалуы%

Жалпы кіріс. соның ішінде

455 229

486 130

551 069

113,4

121,1

Негізгі қызметтен түскен кіріс, соның ішінде

454 673

485 530

547 989

112,9

120,5

Монополиялық қызметтен түскен кіріс

167 037

182 263

184 055

101,0

110,2

Қызметтің басқа түрлерінен түскен кіріс

287 636

302 667

363 934

120,2

126,5

Басқа кірістер

556

600

3080

513,0

553,6

2011 жылғы жалпы кіріс 113, 4 % құрады, бұл 1% монополиялық қызмет бойынша кірістің ұлғаюынан және 20,2 % басқа қызмет түрлерінен болып отыр.

Монополиялық қызметтен түскен кірістің өсуі өндірістік көрсеткіштердің өсуіне ықпалын тигізді.


ШЫҒЫНДАР


Көрсеткіштер

2010ж. дерек

2011ж. жоспар

2011ж. дерек

Жоспардың орындауы%

2010ж. дерек. орындалуы%

Жалпы шығын, соның ішінде

450 757

528 857

549 233

103,9

121,8

Қызметтің өзіндік құны

406 805

470 920

503 120

106,8

123,7

Жалпы және әкімшілік шығындар

40 752

55 159

43 206

78,3

106,0

Қаржылық шығын

2 920

2 618

2 460

94,0

84,2

Басқа шығындар

28

160

447

279,4

159,6

2011 жылға жоспарға жалпы кіріс 103,9 % құрады, соның ішінде өткізілге қызметтің өзіндік құны – 106,8 % құрады, жалпы әкімшіліктік шығындар - 78, 3%.



Шығындардың өсуіне 2011 жыл бойы 60 пайызға, авиакеросин бағасының өсуі негізгі ықпал етті.

Соңғы төрт жылға арналған негізгі өндірістік көрсеткіштер динамикасы

Көрсеткіштер

2008

2009

2010

2011

дерек

%%

дерек

%%

дерек

%%

дерек

%%

Қызмет көрсетілген рейстер

103 4

90,4

935

90,4

1161

124,2

1215

104,7

Қызмет көрсетілген жолаушылар, мың адам

39,5

91,6

36,2

91,6

43,5

120,2

53,0

121,8

қызмет көрсетілген қолжүк, жүк және пошталар, тонна

176

74,8

132

75,0

183

138,6

199

108,7

Ең жоғары ұшу өлшемі, тонна

44498

84,1

37428

84,1

40838

109,1

43299

106,0
  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет