БҰйрығЫ №373 «19» желтоқсан 2012 ж. Ақсай қаласы 2012 -2013 оқу жылында ауданның жалпы білім беретін мектептерінің



Дата04.03.2016
өлшемі34.74 Kb.
#41237
БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ

БҰЙРЫҒЫ

373 «19» желтоқсан 2012 ж.


Ақсай қаласы
2012 -2013 оқу жылында ауданның

жалпы білім беретін мектептерінің

4,9 сыныптарында І жартыжылдық

тексеріс жұмыстарының

қорытындылары туралы
Аудандық білім беру бөлімінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 359 бұйрығына сай 4, 9- сынып оқушыларының білім сапасының мониторингісін жүзеге асыру мақсатында 2012 жылдың 13-15 желтоқсан аралығында Бөрлі ауданының барлық жалпы білім беретін мектептерінің 9- сыныптарында қазақ тілі, қазақстан тарихы, биология және геометрия пәндерінен, 4- сыныптарда математика және қазақ тілі пәндерінен І жартыжылдық тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Аудан бойынша 4- сыныптан 852 оқушының 802- сі қатысып, математика пәнінен 72,6% білім сапасын көрсетті, орташа ұпайы - 16. Қазақ сыныбы бойынша математика пәнінен 24 мектептен 496 оқушыдан 475 оқушы қатысты. Білім сапасы -71,2%. Үлгерім көрсеткіші -100%. Орташа ұпайы – 15,2. Орыс сыныбы бойынша математика пәнінен 18 мектептен 356 оқушыдан 327 оқушы қатысып, 74,9% білім сапасын көрсетті. Үлгерім көрсеткіші -100%. Орташа ұпайы - 15,9.

Қазақ сыныбы бойынша қазақ тілі пәнінен 24 мектептен 496 оқушыдан 476 оқушы қатысты. Білім сапасы -67.8%. Үлгерім көрсеткіші -100%. Орташа ұпайы – 14,57. Орыс сыныбы бойынша қазақ тілі пәнінен тест жазуға 18 мектептен 356 оқушыдан 327 оқушы қатысты. Білім сапасы -68.5%. Үлгерім көрсеткіші -100%. Орташа ұпайы – 15,7. Аудан мектептері арасында ең жоғары көрсеткіш көрсеткен мектептер: Ақсай қаласының № 3 ЖББОМ-і, Ақсай қаласының № 4 ЖББОМ-і, Ақбұлақ, Бумакөл ЖОМ, Бөрлі ЖОМ. Ең төмен көрсеткіш көрсеткен мектептер: Жаңақоныс БМ, Кирова ЖОМ, Бөрлі НМ.

Геометрия пәнінен 9- сыныпта тексеріс жұмысына аудан мектептерінен қатысуға тиісті 774 оқушының 723-і (93,4% ) қатысты. Сараптама нәтижесінде аудан бойынша математика пәнінен қатысқан 723 оқушының 24 –і «5»-ке, 260 -сы «4» -ке, 346 -сы «3» - ке, 93 –і «2» -ге жазды. Білім сапасы - 46 %, үлгерімі - 88%. Геометрия пәні бойынша аудандық көрсеткіштен жоғары пайыз көрсеткен мектептер: Ақсай қаласының № 3 ЖББОМ-і , Ақсай қаласының № 6 ЖББОМ-і. Ауыл мектептерінен: Ақсу ЖОМ-і, Бумакөл ЖОМ-і, Тихонов НЖББМ. Аудандық көрсеткіштен төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Ақсай қаласының № 2 ЖББОМ-і, Ақсай қаласының №5 ЖББОМ-і. Ауыл мектептерінен төмен көрсеткіш көрсеткен мектептер: Бөрлі ЖББОМ, Киров ЖОМ-і, Приурал ЖОМ, Облавка НЖББМ-і.

Биология пәнінен жазба (тест) жұмысына аудан бойынша барлығы 714 оқушы қатысты. Оның ішінен жазба жұмысын 74 оқушы - «5»-ке , 376 оқушы - «4»-ке , 222 оқушы - «3»-ке , 42 оқушы - «2»-ге орындады. Білім сапасы 63,03%, үлгерім 94,07%. Жазба жұмысы бойынша төмендегідей мектептер жоғары көрсеткіш көрсетті: №3 ЖББОМ- 70,5%, №5 ЖББОМ- 74,5%, №6 ЖББОМ- 88,26%, Бөрлі ЖББНМ – 80%. Ал, төмен көрсеткіш көрсеткен мектептер: Киров ЖББОМ – 30%, Жарсуат ЖББОМ -38%, Успенов ЖББНМ -40%, №2 ЖББОМ-41%, Карасу ЖББНМ -42,86%.

Қазақ тілі пәнінен тест жұмысына барлығы 750 оқушыдан 697 оқушы қатысты. «5» - ке 127 оқушы, «4» - ке 368 оқушы, «3» - ке 179 оқушы, «2» - ге 23 оқушы орындады. Білім сапасы- 71%. Үлгерім - 100%. Тест жұмысында жоғарғы нәтиже көрсеткен қазақ сыныптары - № 3 ЖОМ білім сапасы- 85%. Григорьев ЖОМ білім сапасы- 80%. Пугачев ЖОМ білім сапасы- 94%. Орыс сыныптарыбойынша: № 3 ЖББОМ білім сапасы- 72%. № 6 ЖББОМ білім сапасы- 81%. Березов ЖББОМ білім сапасы- 89%. Қазақ тілінен төмен нәтиже көрсеткен қазақ сыныптары - Березов ЖОМ білім сапасы- 43%, үлгерім - 71, Қарасу НМ білім сапасы - 50%. Қазақ тілінен орыс сыныптары бойынша: Киров ЖББОМ білім сапасы- 25%, үлгерім- 75%. № 2 ЖББОМ білім сапасы - 58%, үлгерім - 100%.

Тарих пәнінен тест жұмысына қатысуға тиісті оқушылар саны – 739, қатысқан оқушылар саны – 679. Тарих пәні бойынша білім сапасы: 62,7 %.

Үлгерімі жоғары көрсеткіш көрсеткен мектептер: Бөрлі ЖББОМ, Облав НМ, Ақсай қаласының № 1 ЖББОМ. Үлгерімі төмен көрсеткіш көрсеткен мектептер: Успен НМ, Ақбұлақ ЖББОМ, Киров ЖББОМ, Тихонов НМ.

Тексеріс жұмыстарының қорытындысына жасалған талдаулар барысында оқушылардың өз бетімен жұмыстану дағдысының және пән мұғалімдерінің оқушылармен білім сапасын бағалауда жүйелілікпен, бірізділікпен жұмыстануының жеткіліксіздігі анықталды. Жоғарыда жасалған талдаулар негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.Мектеп басшыларына:

1) Тексеріс жұмыстарының қорытындыларына талдаулар жасап, білім

сапасын көтеру бағытында іс – шаралар ұйымдастырсын;

2) Мектепішілік бақылауды жақсарту және педагогикалық еңбектің

тиімділігін арттыру шараларын алсын;

2.Аудандық әдістемелік кабинеті (Р. Ахметова)


  1. аудан мектептеріне әдістемелік бірлестіктердің аналитикалық іс – әрекеті

бағытындағы шараларды жоспарлау бағытында әдістемелік көмектер

көрсетілсін;



  1. Пән бойынша аудандық семинарларда оқушылардың білім сапасына

жүргізілген тексеріс қорытындыларына талқылаулар ұйымдастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бөлім меңгерушісінің орынбасары

О. Т. Тулемисовке жүктелсін.
Бөлім меңгерушісі А. Тржанова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет