Бұйрығына 8-қосымша «Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына шет мемлекет берген сертификатты мойындау (тану) туралы шешім беру»



жүктеу 73.75 Kb.
Дата10.07.2016
өлшемі73.75 Kb.
Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2012 жылғы 29 қыркүйектегі

652 бұйрығына



8-қосымша

 

 

«Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына шет мемлекет берген сертификатты мойындау (тану) туралы шешім беру»

мемлекеттік қызмет регламенті




1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына шет мемлекет берген сертификатты мойындау туралы шешім беру» (бұдан әрі - стандарт) мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабындағы 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулысымен бекітілген «Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына шет мемлекет берген сертификатты мойындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленген.

2. «Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына шет мемлекет берген сертификатты мойындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі - уәкілетті орган).

3. Мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшасы;

2) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;

3) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиацияның қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 25 шілдедегі Заңының 47-бабы;

4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшу жарамдылығы сертификатын тану қағидасы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6842 болып енгізілген) (бұдан әрі - Қағидалар);

5) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшу жарамдылығына сертификатты тану туралы шешім беру (бұдан әрі - шешімдер) немесе қағаз тасымалдағышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қайтару болып табылады.



 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар



 

6. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа күндерде, күн сайын 9:00 дан 18:30-ға дейін көрсетеді. Түскі үзіліс 13:00-14:30 дейін.



Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылмай және жеңіл қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

Уәкілетті органның заңды мекенжайы: 010000, Астана қ-сы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен оны алу құжаттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz  мекен-жайы бойынша орналастырылады.

8. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі уәкілетті органға стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

9. Мемлекеттік қызмет стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

11. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы регламенттің 6-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.

12. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

13. Шешім уәкілетті органның қызметкері берілген шешімдерді есепке алу және тіркеу журналында қолын қойғызып, өзінің жеке келуімен мемлекеттік қызметті алушыға береді.



 

 

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің


(өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы

 

14. Мемлекеттiк қызмет ақысыз болып табылады.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсетудің кезеңдері:



1) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және тіркеу;

2) құжаттарды уәкілетті орган басшысының қарауы және құжаттарды сәйкес функцияны жүзеге асыратын басқармаларға беру;

3) өтінім тақырыптамасын талдау және өтінімді орындау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

4) Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшу жарамдылығына сертификатты тану туралы шешімді беру не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап беру.

16. Әрбір құрылымдық функциональдық бірліктің (бұдан әрі - ҚФБ) іс-әрекеттерінің кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы әрбір әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, осы регламентке қосымшада көрсетілген.



 

«Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет



берген ұшу жарамдылығы сертификатын

тану туралы шешім беру»

мемлекеттік  қызмет регламентіне



қосымша

 

 

ҚФБ іс-қимылының сипаттамасы

 

 

Негізгі процестің іс-қимылы (барысы, жұмыстар ағыны)

 

ҚФБ аты

Кеңсе қызметкері

Уәкілетті органның басшылығы

Тиісті функцияны жүзеге асыратын Басқарма қызметкері

1

Іс-қимылының (процестің, рәсімдерін, операцияның) атауы және солардың сипаттамасы

1. Құжаттарды тіркеу

2. Құжаттарды басшылыққа беру

3. Құжаттарды қарау

4. Құжаттарды тиісті функцияны жүзеге асыратын (жүргізетін) басқармаға беру

5. Өтініштің тақырыбын талдау. Өтінішті орындау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау.

6. Мемлекеттік қызметті алушыға жауап дайындау.

2

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкім шешім)

8. Құжаттарды жөнелту

 

7. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына шет мемлекет берген сертификатты мойындау туралы шешім беру немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығышта жазбаша дәлелді жауап қайтару.

3

Орындау мерзімі

1 күн

1 күн

Тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде;

телнұсқаны беру мерзімі - күнтізбелік 5 күн;

бас тарту туралы жауап 3 жұмыс күні ішінде

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет