Бүкіләлемдік түйсікті сезініп, оны танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сана басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ шетсіз-шексіз ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/5
Дата11.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5
МЫҚАН АҒАШЫ

(жүйелеу)


Бүкіләлемдік түйсікті сезініп, оны танудың ғаламдық ақиқат сарасы – көркем сана. Көркем сана – басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ шетсіз-шексіз ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас. Жаратқан иеміздің болмысын түйсікпен іздеу, санамен елестету, рухпен сезіну – жаратқан ием жаратқан жан иесінің, тектің, нәсілдің бекзаттылығын, тектілігін, ақыл алғырлығын танытатын әлемдік өлшем. Көркем ойлау жүйесі – ѓарыштыќ яғни түп тұқияны ғаламдық тұтастыққа негізделген әсіреәфсаналық санаға ие тек – адамзаттық өркениеттің ұйытқыларының санатына жатады. Мұқым шексіз ғалам жүйесінің иесін Көк Тєңірі ретінде асқақтата танып, ғарыштың өзін жеті қатқа қаттап, Аспан – Күн – Жер – Су деп кеңістік пен уақыттың өзін соның бөлшегі ретінде қарастырып жүйелеген түркілік тәңірлік сана түйсігі – исі адамзаттық көркем санасының әлмисақтан да бұрынғы бесігінің бірі болып табылады.

Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы керетін сайын кеңдікті қамтитын текті жұрттың әсіреәфсаналық түйсік сарасы (мифологические художественное сознание), әсіреәфсаналық көркем санасы (мифопоэтическое художественное сознание), әсіреәфсаналық көркем көзқарасы (мифопоэтическое художественное мировозрение), әлемдік мифологиялық жүйеден тыс қалды. Білместіктен де емес, бұл – ақылға сыймастай келсімге (гармония) ие көркем жүйеге ішкі тұйықталған өзімшілдік т‰йсігімен жатсына жатырқаудан туған µгейлік. ХҮ – ХҮІ ғасырларда ғана діни инквизициялық санадан серги бастаған еуропалық сана оқымыстылары гректік-римдік әсіреәфсаналар мен тарихи жазба әсіреәфсаналарға («Илиада», «Одиссея») ынта қойып, көк құдайына емес, көп құдайларға назар салды. Соңынан араб пен үнді, қытай мен үндіс, ал ХХ ғасырда Қиыр Сібір жұрты мен австралиялық аборигендердің мифтеріне ж‰гініп, Тєњірдіњ тұқымынан тыс Тәңір туралы көркем түйсік сараланып, ж‰йеленді. Соныњ салдарынан әлемдік мифтану ілімі мен мифтік жүйелерде тәңірлік әсіреәфсаналық көркем сана саналы түрде сараланбады, жаратқан ием туралы жат түсініктіњ жатырқауына түсті.

Оның басты кілтипаны: мифтік көркем түйсік, көркем сана, көркем көзқарас дүниенің жаратылысы туралы танымға, саналы көркем ойлау жүйесіне, нәсіл мен тектің түп тұқиянының ұйтқы ойын ашатын мәйекке - мифтік ілімге діни танымның, әлеуметтік мүдденің, саясаттың тікелей араласуына байланысты еді. Римдіктер мен элладалықтардың, ќытай мен ‰нділердің, еврейлер мен арабтардың, үндістер мен тұњғыстардың, жалпы дін атаулының Алланы – Көк Тәңірін тануы мен ол туралы уағыздардың, танымның, Жаратушы жөніндегі әсіреәфсаналарының көнелігінде, жүйелілігінде, көркемдігінде, сенімділігінде, жаратылыстың шегі мен шексіздігі, оның кіндігі, иесі мен киесі туралы әсіреәфсаналардың көркем саналарының қуатына, нанымдылығында, пенде санасына үйлесімділігінде, рухани әсерінің күштілігінде болатын. Бүгінгі ғаламдастыру, кешегі кеңестендіру, одан бұрынғы нәсілдендіру, рухани отарландыру саясатының тамыр тартатын тегі осында жатыр. Миф – саясиланып, жаһандық саясатқа айналды. Тәңірлік мифті жатсынудың түп төркіні сонда.

Әсіреәфсаналық көркем түйсікті, көркем сананы, көркем ойлау жүйесін өшіру – рухани тәуелділіктің тұмса тұмылдырығы. Тексіз түйсік пен сананы, тексіз жұртты, тәңірсіз тобырды жетелеу жеңіл. Мұндай тектік жатсыну, түйсікке т‰ртпек, саналы ығыстыру, көркем сана үлесінен тыс қалдыру - өркениеттің өршіген, «ескерілмеген» және ескерілмейтін астамшылығының басты ағымы болып табылады. Мұндай өгейлікті Көк Тәңірі мен Алланы тұтастай түйсікпен сезініп, таныған, әуелгі жаратқан ием мен жаратылыс туралы қуатты да көркем санаға ие көшпелілер әлемінің барлық қасиеті мен киесін, көркем әсері мен көркем ойын бойына жинақтаған құт иесі – қазақ елінің кешуі – жұртқа да, жұрт иесіне де намысты сын. Жалғанның жалған екенін тал бесіктен жер бесікке дейінгі фәнилік санасында тербеп өскен, керегенің көзі мен күлдіреуішті шаңырақтан «кең көк аспанның» аясына қарап отыратын, еркін де кең, тең, «Мәңгілік елге» – Жиделібайсынға, Жерұйықќа» «жер ортасы Кµктµбеге» аңсары ауған, шалќар кеңістікте өмір сүрген кµшпелі қауымының көркем санасы – исі адамзаттың жаратылысқа деген табиғи да текті әсіреәфсаналық көркем көзқарасы болып табылады. Саналық көзқарастың салын суға ағызған салбµксе, тәуелді сананы тітіркентетін түйсікке тек қана тәуелсіз рухани бостандық қана кепілдік береді.

Көркем таным – таңылмайды, танылады, оны танытады.

Бұл тұста әрбір тұнық сана иесі өзінің салыстырмалы тарихи пайымын (сравнительно-исторические изучение) көркем көзқарас ретінде ұсыну – ұтымды ой, сана сорабы боп танылмақ. Әркімнің тәңірді танудағы жаратылыс нысаны (идея творения) мен даму нысаны (идея развития) таным тылсымына таразы. Мәңгілік өмірге, мәңгілік түлеуге (рождения) тамыр тартатын не ақырзаманға (происхождение смерти) тұйықталатын әсіреәфсаналар мен тарихи әсіреәфсаналар сол дәуірдің мәдени тарихи ойлау жүйесінің деңгейі мен ерекшелігін (культурно-историческое развития особенности мышления) танытады. Бар мен жоқтың, зат пен таңбаның, кеңістік пен уақыттың арақатынасы алмағайып баяндалады. Кеңістіктер мен уақыттың өзі дәуір-дәуірге бөлініп, түп төркіні (архетип) сатылана сараланып, түпкі себебі (этнологиясы) түсіндіріледі. Сөйтіп, жаратушы мен жаратылушы қақындағы әсіреәфсана Ћақ (анық) ақиқат ретінде қабылданады. Әулиелер мен әнбиелік киелі әсіреәфсаналар туындады. Содан барып ерекше жаратылған нәсіл, тек, тұқым туралы саяси идеялогиялық уағыз басталады. Жалпының санасын билеген философиялық пайымға, ѓылыми білімге, қатаң оқымыстылық қисынға (строгая научная логика) негізделген християндық, иудалық, исламдық, буддалық діни аяттар мен хадистер санаға сіңірілді. Біз саналы санасыз түйсіктен туындаған әлемдік түйсіктіњ асқақ жүйесі «мәңгілік өмірді» (высшая цель – бессмертия) аңсаған «тәңірлік жырға» («божественная поэзия») - көшпелілер кеңістігіндегі әсіреәфсаналық көркем сана мен көркем ойлау жүйесі жєне көркем көзқарас т±рѓысынан ғана аял етеміз.

Әлемдік көркем түйсік тұжырымының тұрлауы, әсіреәфсаналық сананың бейнелік үлгісі, жаратылыс кіндігі – «әлем ағашы» (древо мировое) туралы барша мифтер исі адамзатқа ортақ мәңгілік өмір нысаны болып табылады. «Өмір ағашы», «Ќұт ағашы», «Кіндік ағашы», «Таным ағашы», «Сетер аѓашы», «Мыќан аѓашы» деп әр сақта аталғанымен де бұл Бәйтеректің әсіреәфсаналық мағынасы бір. Ол - мәңгілік өмірдің бастауы және кепілі. Шекті мен шексіздің, жарық пен қараңғылықтың, фәни мен бақидың, аспан мен жердің, тірі мен өлінің, тылсым мен тірліктіњ ќ±діретті де киелі дәнекері. Салттыќ рәсім мен салт жырларында (єсіресе, қазақ арасындаѓы қара өлең сарынында да) нысан береді. Мәңгілік өмір Бәйтерегіндегі кеңістіктің өзі сан қатқа (жеті қат аспан, жеті қат жер, он тоғыз мың ғалам, күн астындағы Күнікейдіњ елі т.б.) бөлінеді. «Ерте, ерте, ертеде» деген тұрақты тіркес - сол әсіреәфсаналық көркем кеңістіктің қатпарлы жүйесі, яғни, бұл осы жаратылысқа дейінгі жаратылыстан б±рынѓы дәуірдегі кеңістік пен уақыт боп қатпарлана береді. Бір кеңістік екінші кеңістікпен алмағайып алмасып, оқиғаның түпкі көркем түйсігі мен себебіне, көркем көзқарасына орай жүйеленеді. Бәйтеректің бұтағы – аспан әлемі, діңі – жер, тамыры – жер асты тылсымы, немесе - өмір, алмағайып дүние, өлім шекарасы боп бейнелене береді. Мұны әр халықтың жаратылыс туралы көркем танымы анықтайды. Қалайда Мыќан аѓашы мәңгілік өмірдің саясы ретінде қасиеттеледі. Қазақтың жаһандағы жалғыз ағашты кие тұтып, ақтық байлауында сондай нанымды сана нышаны бар.

Мәңгілік өмір саясы - әлемдік Бәйтерек көшпелілердің көркем ойында қалай көркем жүйеленді? Әңгіменің ендігі басты нысанасы да сол. Өйткені жаратылыстың түйсігі туралы көркем сана – ұлттық ділдің ұйытқысы мен көркем жетесі, яғни, жете желісі. Түйсік символы.


Бәйтерек


Қазақта ѓаламдық уақыт пен кеңістіктің арасындағы мәңгілік тұтқасы («ось мира», «мировой столп», «мировая гора») болып саналатын нысаналы белгі – Бәйтерек. Ол ежелгі аңыздар мен қиссаларда, ертегілерде Мықан ағашы деп аталады. Көркем ойлау жүйесі еркіндіктен айырылып, әдеби тіл кезеңдік өзгерістерге ұшырап, басылымға идеялогиялық қысым күшейген тұста «Мықан ағашы» дегенді зиятсыздандырып, оны ақтық ілінетін «әулие ағаш» деп түсініп, оны бәйтерекке өзгерткен.

Мықан ағашы – жасыл өмірдің белгісі, уақыт пен кеңістіктің шекарасы. Есте жоқ ескі заманнан бастап күні бүгінге дейінгі тұспалдарға жүгінсек, тіпті, мєњгілік µмірді µмір баќи іздеген Асан қайғы мен Ќорќыт болса да, аспан мен жердіњ ‰ш ќабатын кезген Ертістік болса да Мықан ағашын тапқаннан кейін сапарын тоқтатады. Өйткені Мықан ағашы – осы фәнилік уақыттың түпкі өлшемі. Яғни, тірі адамның жолы Мықан ағашына жетумен аяқталады. Мәңгілік жасыл өмірден артық тіршіліктің рахатын іздеу мүмкін емес. Жол сонымен тұйықталады. Одан әрі кеңістік басталады. Ол кеңістіктің ішіне ілінген адам қайтпайды. Сондықтан да қандай да бір оқиға болмасын, осы Мықан ағашының түбінде шешімін табады. Оқиғаның жағымды, жағымсыз өрбуіне байланысты Мықан ағашының аты да, «Шоқ бәйтерек» («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»), «Ќос оба», «Жалғыз қурай» («Қыз Жібек»), «Ойќ±дыќ»(«Ертөстік») т.б. боп өзгеріп, соған орай олардыњ «міндеті» де ауысып отырады.

Бұл әлемдік әсіреәфсаналарға ортақ және заңды көркемдік құрылым. «Мықан ағашына» дейінгі дәуір кешегі дєуірмен, не бүгінгі дәуірмен, не ертењгі дәуірімен алмаса береді, оған ешқандай саналы шек, саналы себеп, саналы тосқауыл қойылмайды. Барлығын да түйсіктің аңсары шешеді. Сондықтан да ерте дүниеден де ертедегі «ыќылым (архаикалыќ) заманнан») бүгінгі µмірге (уаќытќа), б‰гінгі уаќыттан ертеңгі кеңістікке емін-еркін ауыса бересіз.

Ғарыштыќ әсіреәфсанаға шек жүрмейді. Жаратылыстың өзі де, Жаратушы да, жаратылушы да киелі құдіретке ие. Бәйтеректің - Мықан ағашының бойында осы үш құдірет те бірдей бар. Ол кейде – Жаратылыстың өзі, кейде Жаратқан иемнің баламасы, кейде жай киелі ағаш к‰йінде єфсаналана береді. Оның қай қасиеті күшті, оған күмән жүрмейді. Мықан ағашының ғаламдық уақыт пен кеңістік арасындағы өлшемі «Ертөстік» ертегісінде өте жақсы ашылған.

Ондағы Мықан ағашы – кешенің, бүгіннің, ертеңнің өлшемі.

Мысалы,Бәйтеректің басына шыққан Ертөстік бір қарағаннан-аќ өткен өмірдің көшін көреді.Есіктің алдында «бір топ бәйтерек бар екен, оныњ түбі біреу, басы екеу. Соған Ертµстіктіњ әкесі таңертең шықса – түсте түседі, түсте шықса – кешке түседі. Ертөстікке шығуға рұқсат берілмейді. Бір күні бала өзі ойлап-ойлап жүріп ақыры ағаштың басына шығады». Қараса: алыстағы сағым ішінде бір көш керуен келеді. Алдыңғы лекте өңкей ұл мен қыздар қаз-қатар тізіліп ән салып, өлең айтып, ойын-сауық құрып келеді. Оның артынан екінші лекте кілең жас жігіттер мен келіншектер думандатып барады. Үшінші, соңғы лекте қарттар мен әжелер әндетіп өтеді. Мынау таңғажайып таң-тамашаға ќызыѓа қараған жарты Ертөстік осынау сиқырлы әлемнің сырын сұрағанда әкесі: «Ой, балам сенің көргенің өтіп бара жатқан дүниенің сағымы. Оған тірі адам түгіл өлген адам да жетпейді» - дейді. Мұндағы «µтпелі дүниенің сағымы» - әлемдік әсіреәфсаналардағы қат дүниенің (антимирдің) белгісі, ол көшпелілердің көркем санасындағы «көшпелі дүние», «өтпелі дүние» деп аталатын «сағым дүние». «Сағым дүние» үшін кеңістіктің өзі алмағайып және өтімді құбылыс. Ол Жаратушы мен жаратылушының санасында екшелген абсолютті үлгі. Себебі: ол «өтіп бара жатқан дүниенің гүлі - сағымы, оған тірі түгілі өлі де қосылмайды» (Ертегелер. 4-том, А.Жазушы. 1989, 67 - 68 беттер).

«Ерте, ерте, ерте де» өмір сүрген Ертөстіктің өзінен бұрынғы неше ықылымда өткен «сағым дүниемен» Ертөстікті байланыстырып тұрған кіндік - Мықан ағашы. Әсіреәфсаналық сана бойынша Ертөстіктің өзі алмағайып кеңістік пен уақыттың жігінде дүниеге келген, әсіреәфсаналық тектің «тумыстыќ себебі» (первородство) бар. Өйткені Ертөстіктің кәрі ата-анасының тамырына «…шаңырақтың күлдіреушіне керулі тұрған кербиенің төстігі» нәр беріп, өмір мәйегін иітеді. Олар т‰неп шыќќан «Аќ шењгел» жас тіршілік сыйлайды. Яғни, б±л арада шаңырақ (бақан) пен ақ шеңгел жаратушылық қасиетке ие.

Ғайыптық ќасиет - әсіреәфсаналық көркем сананың басты ұйтқысы.



Ертегідегі емеуірін бойынша Аспан - Тәңір аясындағы шексіз кеңістік - шаңырақ (бақан) арқылы киеленіп, төстік - уақыттыќ (өмірлік) сыпат алады. Мәңгілік бес бірліктің – Аспан - Жер - От (қазан) - Су - Мықан ағашы (шаңырақ, бақан, аќ жиде, аќ шеңгел) құдіретімен тіршіліктің (Ертөстіктің) кіндігі байланады. Ол «сағым дүниені» көрсететін «түбі біреу, басы екеу» шоқ бәйтеректің түбінде дүниеге келеді. Сол «саѓым дүниемен» байланысты іздеген атасы да қасиетті. Күніне екі мәрте «µтпелі дүниенің ұл-қыз (рождение), жігіт-келіншек (түлеу, возрождение), шал-кемпір (сөну, смерть) ықылымын көз алдынан өткізіп, заманаларды келмеске ұзатып салып отырады. Сол «көшпелі сағым дүниені» қуып жетпек болған Ертөстіктің арманының орындалуы Тәңірге уәжіп емес. Ол дүниені «уақыттың зымыраны» – ертегілердегі Шалқұйрық та (Керќ±ла ат та, қой мойынды Ќұлашолақ та), самұрық та, жолаяқ та (ќ±май тазы да) қуып жете алмайды. Екі дүниеге де (жер үстіне де, жер астына да) Ертөстік Бәйтерек арқылы «саяхат» шегеді. Сол Бәйтеректің құдіретімен жер үстіне шығады. Ол жер бетіне: «ақ боз атқа мінген ақсақалды шал» болып оралады. Сол кезде Кенжекей нысана еткен «құба інген боталап, беліндегі торғын белбеу орамал тарқатылып, жазылып сала береді» де, «Ертөстік жас жігіт, Кенжекей – жања т‰скен келіншек, Шалќ±йрыќ - бесті ат қалпына келеді» (сонда, 30-бет). Мұның басты себебі Кенжекейдің де тегі «киелі». Оның сырғасы сегіз апайынан бөлек «шаңырақты тіреп тұрған бақанға ілінген», яғни, «сегіз қызы бір бөлек те Кенжекейі бір бөлек». Шалқұйрық - Кенжекейге берілген «уақыт еншісі, өмір жасауы. Қыздыњ қызық дәурені, «сағым дүниедегі» «жігіт-келіншек көші». Сол дәуренге іліккен Ертөстік одан бұрынғы ықылым дәуірдегі қызықты қуып жеткісі келеді». Бірақ оған дәрменсіз. Тумыс дүние (перевородство) мына өмірде, «құба інгеннің» құрсағында жатыр. Оны Кенжекей уақыттың белбеуімен буып тастаған. Демек, дүниенің жаратылыс тегі ана құрсағында булығып жатыр. Ол ата күшімен бусанбақ... Кенжекейдің белбеуінің тарқатылуымен әсіреәфсаналық бір ықылым (туу, өну, өлу, қайта түлеу) аяқталып, жаңа ықылым басталады.
Уақыт пен кеңістіктің аралық өлшемін білдіретін мерзім межесі «Ер Төстік» ертегісінің әр нұсқасында әр түрлі қисында баяндалады. Кей нұсқасында уақыт тоқтап қалса, екінші нұсқасында уақыт өтіп кеткен, ал үшінші нұсқада Ер Төстік келер күнгі заманның ішінде жүреді. Мысалы, Мәшһүр–Жүсіп нұсқасында тоғыз ұлына бір үйдің қызын алып беруді армандайды. Мұтышақ (ұмытшақ) бай тоғыз ұлын үйлендіруді ұмытып кетеді. Бұған таң қалған Шыңғысхан: « -Ойың - он, тілеуің дұрыс болсын! Ой түбіне ешкім жете алмайды. Сенің үйде отырып ойлаған ойыңды кім біледі? Жатқанға жан жуымайды. Қимылдаған қыр асады. «Іздеген Мықан ағашын табады» - деген бар емес пе? Елден ел қыдырып іздесең болмай ма?» - деп кеңес береді. Мықан ағашына сыйынып ел аралаған ұмытшақ бай тоғыз қызды табады. Олардың ұзатылмай отырғанының себебін қыздың шешесі: «-Іздегеніңіз тоғыз қыз болса тоғызы да табылар. Құдайдың берген тындырымдары бар... Менің балаларым жамандығынан өтпей отырған жоқ. Тегін беретін тегі келмей, алушының әлі келмей отырған жайы бар. Бірінің ері, бірінің жері, (бірініњ) уақыты мен сағат кезі келмей отыр...» - дейді (сонда, 25-бет).
  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет