Бұл еңбек оқырманын ізгілікке, адамгершілікке, туыстық қарым-қатынасты сақтауға үндейді. Кітап жалпы көпшілікке арналған. Ббк 86,2 д 80


Лəə илəəhә иллəә әнтә субхәәнәкә иннии кунту минә-за-



Pdf көрінісі
бет14/21
Дата09.04.2024
өлшемі0.83 Mb.
#498161
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Дұға өміріңді озгерт

Лəə илəəhә иллəә әнтә субхәәнәкә иннии кунту минә-за-
алимиин
Мағынасы: Иə, Алла, Сенен басқа ешбір Тәңір жоқ. Сен 
(кемшілік атаулыдан) пәксің. Анығында мен өзіме зұлымдық 
жасаушылардан болдым.
Бұл дұғада Жүніс пайғамбар ең бірінші Алланың бір 
екенін одан басқа Құдайдың жоқ екенін айтады. Дұғаның осы-
лай көркем хақ сөзбен басталғаны қабыл болуына себеп бола-
ды. Сосын Раббысын пәктейді. Балықтық ішіне салатындай 
Құдай саған не жаздым деген күпір сөзге бармайды. Өзіме өзім 
зұлымдық жасадым деп кінәні өзінен іздейді. Осындай ғажап 
дұғаны Алла қабыл етті.
Алла Тағала «Әнбия» сүресінде Пайғамбарымызға (Оған 
Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Зунунды (Жүністі) есіңе ал. Ол ашуланып кетті. 
Оған біздің сынағымыз келмейді деп ойлады. Сосын қа-
раңғылықтар ішінде: «Сенен басқа ешбір тәңір жоқ. Пәксің. 
Анығында мен өзіме зұлымдық жасаушылардан болдым» деп 
жалбарынды» деген. 
Қараңғылықтар ішінде деген сөзге келетін болсақ, Жүніс 
пайғамбар үш қараңғылықтың ішінде болған екен. Біріншіден 
– түн болды, екіншіден – теңіздің түбі қараңғы еді, үшінші қа-
раңғылық – балықтың асқазаны болатын. Үш қараңғылықты 


26
жарып шыққан, Жүністі аман алып шыққан бұл дұға жайлы 
хадистердің бірінде былай делінген. Бір күні Пайғамбар (Оған 
Алланың игілігі мен сәлемі болсын): 
«Сендерге бұл өмірде адамның басына келуі мүмкін ауру 
мен қайғы-қасіреттерден құтқаратын дұғаны үйретейін 
бе? Анығында ол – Зуунунның (Жүніс пайғамбардың) дұғасы» 
деді. 
Кім басына қандай да бір қиындық келген кезде осы 
дұғаны оқыса, Алла оны Жүніс пайғамбарды балықтың ішінен 
алып шыққандай, кез-келген қасіреттен құтқарады.


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет