Бұл елімізде (лизин, метионин, триптофан, метионин + цистин, аргинин) аминқышыылдарын роционалды қолдану 1000 ккал алмасу энергиясына теңдігі есептелген (кесте 9)



бет1/3
Дата05.07.2016
өлшемі267.5 Kb.
#179486
  1   2   3
Бұл елімізде (лизин, метионин, триптофан, метионин + цистин, аргинин) аминқышыылдарын роционалды қолдану 1000 ккал. алмасу энергиясына теңдігі есептелген (кесте 9).мұндай нормаланған рацион әлде-қайда энергиясын аз жұмсауына және зат алмасу процестердің тұрақтанып әрі асып түсуіне септігін зор тигізеді.

Осындай роционның ерекшелігі, бес негізігі ауыстыруға болмайтын аминқышқылдардан тұратынында: лизин, метионин, + цистин, аргигин және белгілі дәрежесінде линол қышқылы. Жеткілікті мөлшерде комбикормның, энергетикалық материал (көмірсудың), ақуыздың, аминқышқылдар және минералдық элементтердің қолдануы. Зерттелген құстардың зат алмасу процесіне тұрақты жағымды әсерін тигізген, көмірсу, ақуыз алмасуының көрсеткіштері (жалпы ақуыз, қандағы глюкоза құрылымы), қандағы физико-химиялық көрсеткіштері, осмотикалық қысымы, гемотокрит, қандағы ион құрылымы оптималды шыңында болуын байқай аламыз. Бұл құстың функциялық жағдайына тек жағымды әсерін тигізгенін аңғарамыз.

Асыл тұқымды құстардың ата-аналық отарына берілетін комбикорм нормасына биологиялық белсенді заттарға толы болуы керек. Ересек құсты сапалы азықтандыру үшін тауықтын тірі салмағына, жұмыртқалағыштығына және жұмыртқа шығаруына жауапкершілікпен қарайды.

Бройлер өнеркәсіп өндірісінде негізгі азық комбикорм ол жоғарғы жұғымдылығымен ерекшеленеді. Құрғақ типті азықтандырады және мүмкүндігінше жарық күндері азыққа деген сұраныс мол болуы шарт. Ал бройлер балапандарын шашылған комбикорммен азықтандырғанда олар тіршілігінің бірінші аптасында нашар өседі. Бұл жағдай балапандардың бетіндегі ұсақ үгітілгеніін жегенімен түсіндіріледі, ал астау астындағы біраз үлкен дәндері астында қалып қояды, сол дәндер аса жоғары жұғымдылыққа ие. Бройлердің бірінші аптасында тірілей салмағын жоғарлату үшін комбикорм мөлшері толық роционды болуы тиіс. Соңғы жылдың зерттеуінде бройлер тұқымын жынысына байланысты бөлек ұстауын талап етеді, себебі балапан тауықтар мен балапан қораздардың өсіп жетілуінде айырмашылық бар. Бұл жағдай балапан қораздарын жылдам өсіп жетілуін қамтамасыз етіп, шығының төмендетеді. Соңғы жылдары тауық етінің өндірісінде комбикорм кең қолданылуда, ол жануар текстес ақуызының 50 пайызын, өсімдік ақуызымен алмастырылуында.


Кесте 9. Етті бағытындағы жас тауыққа, нормаға сай комбикорм мөлшерін толық рационды қолдану, г/тәулік.


Жасы, апта

Балапан тауық

балапан қораз

Жасы, апта

Балапан тауық

Балапан қораз

1

12

15

14

80

90

2

22

30

15

80

90

3

39

50

16

80

100

4

50

80

17

80

100

5

60

105

18

80

100

6

65

110

19

80

110

7

70

80

20

90

120

8

70

80

21

100

130

9

75

80

22

110

140

10

75

85

23

120




11

75

85

24

130




12

75

85

25

140

––

13

75

85

26

145

––


Жұмыртқа салатын пикінде азытандыру.

Құсты ұстау ережелері генетикалық өсу шегі жылдамдығынан анықтайды. Құсты қатал сұрыптау өте жылдам жетілуіне алып келеді, егер азықтын тұтынуы жақсы бақылауда болса.

Жұмыртқа салу пикінде азық мөлшерін тезірек азайтамыз, әйтпесе құс азықты өз бойына артық мөлшерде қолданады, содан кейін қосқан салмаққа байланысты оған азық мөлшерін көптеп беруге мәжбүрлейді. Жақсы практикалық жағдайға жұмыртқа салу пикінен кейін бір аптадай азық мөлшерін аздатқан дұрыс.

Азық мөлшерін азайту келесідей көрсетіледі: 3 апта ішінде тәуліктік норма 2-4 г азайтылып отырады, аптасына 2 есе азаяды. Әрдайым азық азайған сайын жұмыртқа салуының күшеюін, жұмыртқа салмағын және тірілей құстын салмағын тіркеп отыруымыз кажет.

Құс салмағы және жұмыртқа салмағы өсіп отыру керек, ал жұмыртқалағышытық аптасына 1 пайызға түсіп, одан кем болмауы тиіс. Тек осыған жеткен соң келесі азық мөлшерін азайтуға кіріседі. 3 аптадан соң азық мөлшерін азайтамыз аптасына 1 г , үлгі ретінде тіршілігінің 40-50 аптасын. Әдетте осы уақыттан бастап, әрдайым азық мөлшерін беру ұсынылады.

Қорытынды
Құстың генетикалық мінездемесінің өзгеруі, оның ұдайы өндірістік қабілеттілігне әсер етеді. Осындай жағымсыз әсердің ықпалы тек сапалы өндірістік қабілеттілігіне ғана емес, сондай-ақ еетің шығынына және т.б. бройлердің міңездемлеріне әсерін тигізеді. Мұны селекциялыққысымды жоғарлата отырып, өндірістік қабілетін ақырындап түзетуге болады және асыл тұқымды құстардың азықтандыру бағдарламасын біраз өзгерту арқылы.

Дәстүрлі бағдарламаны пайдалана отырып, жылдам өсетін, өнімділігі жоғары тұқымдардан, аса тиімді өнімділік нәтижелерін алу мүмкін емес. Құс шарушылық жұмысының табысты болуы: тұрақты түзету және ұстау бағдарламасының жіңішке күйге келтірілуі және толықтай құнды азықтармен қоректендіруге тікелей байланысты.


Құсты рацион нормасы бойынша азықтандыру.
Құсты азықтырар алдында ең бастысы азықтын жұғымдылық сапасын анықтау керек. Орнатылған, құстың 40-50 пайыз өнімділігі ағзаға энергия түсуімен анықталған, ал оның жетіспеуі төмен өнімділікке әкеледі. Рациондағы энергетикалық баға – ең негізгі фактор, жоғарғы өнімділікті қамтамасыз етеді. Энергия көзі ретінде – дәнді азық және майлар. Комбикормда энергия жетіспегеннен қосымша жоғары ккалориялы азықтар (майлар, фосфатидтер) береді.

Құс ағзасына азық құрамының жұғымдылық энергия факторы, оның тұтынуын анықтайды. Азықтын энергетикалық бірлік бағасы, халықаралық (СИ) бірлік жүйесіне сәйкес (Дж) джоуль болып табылады. Бір термохимиялық колория 4,184 Дж тең, 1000 джоуль – килоджоуль 1 мегаджольге (мДж) тең. Қазіргі кезде азықтын энергетикалық бағасы және құстын алмасу энергиясының пайдаланылуы килоджоульде және килоколория (ккал) түрінде көрсетіледі. Құсқа арналған комбикорм энергиясының алмасуын, компоненттер энергиясының алмасуына бірдей есептейді. Практика жүзінде құстың энергия қажеттілігін тірілей салмағының 1 кг-на есептейді. Норма бойынша энергия алмасуының рацион құрамы келесідей реттеледі: алдымен әр азықтын алмасу энергиясын анықтайды, құрғақ протеиннің , құрғақ клетчатканың, кальцийдің, фосфордың және натрийдің. Сондай-ақ 100 граммға жеуге жарамды заттарды азайтуға немесе қосуға мүмкіндік береді. Бір компонентті басқа компонентпен ауыстырып, дәлме дәл 100 граммға сәйкес рационға байланысты түзетеді.

Кең кешенді норма көрсеткіштерін және алмасу энергиясын 100 г құрғақ бөлігінде өткізеді. Рацион нормасында алмасу энергиясынан басқа: құрғақ протеин, энерго-протеиндік қатынас, клетчатка дәрежесі, май, кальций, фосфор, натрий. Минералдық заттар, витамин дәрілерін 1 т азықтық қоспасына нормалайды.

Комбикормның негізгі (дәнді мәдениет, шроттар, микроб синтездерінің азығы шөп ұны және біраз мөлшерде жануар тектес азықтар) құстың кальцийге, фосфорға және натрийға деген қажеттілігін қамыта алмайды, сондықтан комбикормға қосымша азық қосу қажет, осы элементтерін толықтыру үшін, әсіресе етт бағыттағы құс кальций мен фосфорды қажетсінеді. Селекцияны жылдам өсуіне қолдану құстын бұлщық ет ұлпасының түзілуіне байланысты, сүйек қаңқасының дамуы төмендейді. Орнатылған, құстын өсу шегі жылдамдығы максималды болуы үшін, сүйек процесінің күшті жетілуі үшін кальций мен фосфор мөлшері стандартына сай 1,2 және 0,6 2:1 қатынасында болу керек. Кальций көзі ретінде : ракушка, әк тас, бор қолдануға болады.

Фосфордың негізгі азықтық көзі – жануар тектес азығы, рационында фосфордың жетіспеуін фосфат азықтарымен толықтыруға болады. Құсты азықтандырғанда кальций фосфаттарын пайдаланады. (бір-, екі- және үш қоспалы кальцийфосфаты), бұл заттар кальций және фосфордың көздері болып табылады.

Құс шаруашылығында фосфор элементін келесі тәртіпке сай бөледі: монокальций және дикальций фосфаты – 100 пайыз, балық ұны 98 пайыз, ет ұны – 96 пайыз, ет-сүйек ұны және азық ашытқысы – 90 пайыз, үшкальций фосфаты – 86 пайыз, күнжара, шрот, шөп ұны – 50 пайыз, дәнді азық – 30 пайыз.

Компонент рационын келесідей тереді, бір азықтық қоспада үгітілген дәнді азықтын екі түрінен кем болмау керек. Жас құстын рационында протеин мөлшері 40-50 пайыз жануар тектес азық қамытса, 50-60 пайыз өсімдік азығы қамытады. Осыған сәйкес қажетті заттарды таңдап алады. Ееті бағыттағы жас құстын азықтық құрамын қарастырайық.

Алмасу энергиясын, құрғақ протеинді, клетчатка және минералдық заттар құрылымының кестесін қолдана отырып және кестеде азықтағы аминқышқыл құрамын әр азықта бөлек есептейді, ал кейін жалпы азық қоспасынын алмасу энергиясын, құрғақ протеинді, клетчатканы, майды, линолдық қышқылды және минералдық заттар мөлшерін есептейді.




Ингредиент атауы

Енгізу,

%


Алмасу

энер.


Құрғақ

протеин


Амин қышқыл

Клет.%

Са,

%


Р, %

N, %

Линол қышқылы

лизин

Метионин+

цистин


Мети-

онин


Жүгері

50

165

4,5

0,40

0,135

0,08

1,1

0,015

0,125

0,015

0,9

Арпа

8

21,4

0,88

0,04

0,039

0,018

0,5

0,006

0,034

0,004

0,078

Күнбағыс

күнжара


10

23,5

3,05

0,085

0,114

0,073

1,39

0,03

0,11

0,009

0,274

Соя шроты

11,3

37,9

7,12

0,378

0,203

0,094

1,0

0,056

0,112

0,006

0,077

Балық ұны

4

11,4

2,52

0,114

0,202

0,066

-

0,18

0,108

0,061

0,006

Ет-сүйек ұны

4

8,4

1,76

0,071

0,029

0,019

0,06

0,244

0,127

0,046

0,019

Шөп ұны

3

4,2

0,6

0,016

0,028

0,014

0,51

0,039

0,008

0,003

0,016

Май

4,5

36,5

























0,23

Ракушка, бор

1



















0,33










Бор

1



















0,33










Ас содасы

0,2

























0,12




Барлығы

100

306,3

20,4

1,104

0,750

0,364

4,56

1,23

0,624

0,256

1,6

Норма бойынша




290

20

1,0

0,6

0,34

4

1,0

0,8

0,2

1,4

100 г алмасу энергиясының жалпы рацион құрылымын есептеген соң, мұны бройлер тұқымының қажеттілік нормасына сәйкестіреміз. Нормаға сәйкес азық рационың дұрыс құрау керек, егерде бір азық компоненті аз немесе көп болса оны есептеп азайтқан немесе қосқан жөн.

Ауылшаруашылық құстарының ағзасы 10-нан – 20-ға дейін аминқышқылын синтездеуге мүмкін. Бұларды ауыстыруға болатын (заменимыми)деп атайды. Сол аминқышқылда, құстармен синтезделмейтінді ауыстыруға болмайтын (незаминимыми) деп атайды. Құс ағзасын 40-50 пайыз ауыстыруға болмайтын және 55-60 пайыз ауыстыруға болатын қанағаттандырады екен. Құс ағзасындағы белоктын синтезделуі ауыстыруға болмайтын аминқышқылдардың қатынасы әсер етеді. Ауыстыруға болмайтын аминқышқылдар көбінесе жануар тектес азықта және өсімдік азығында мол кездеседі. Жануар тектес азығының бағасы қымбат болуын ескере отырып, көбінесе құс рационы өсімдік азығынан жасалады. Өсімдік азығының биологиялық бағасы, аминқышқылдардын синтетикалық сөндірілу жолымен жүзеге асады. Аминқышқылдары нормалаған жағдайда оны витаминмен бірге ара қатынасын ескеру керек.

Рацион құрар алдында негізгі, керекті аминқышқылдарды таңдайды, бірінші тізбекте метионин, лизин, триптофан. Азық құрамындағы аминқышқылдарды (7 кестені) қолдана отырып көре аламыз. Оны түрлі азықтан толықтай есептейді. Содан соң (кесте 8-гі) комбикормдағы аминқышқылдарымен салыстырады.

Азық қоспасы бройлерді қанағаттандыра алады, егер де сонымен қатар минералдық заттар мен витаминдер болса. Норманы қолдана отырып, азықтық қоспаны арттыру үшін витамин мен минералдық затты 1 т комбикормға есептеп қосады.

Комбикорм құрамына байланысты әр түрлі, бірақ жұғымдылық заттар және энергия мөлшері бірдей, бұл құстын өнімділігіне түрліше әсер етеді. Өндірістік бірліктің шығыны да әр түрлі. Бұл комбикорм компонент заттарының жұғымдылығы оның қорытылуына және сіңірілуіне байланысты түрлі келеді. Сондықтан азықтық қоспаға, қорытылатын компоненттер құрамына, биологиялық белсенді заттарын ендіру ұсынылады. Жануар тектес азықтын жоқтығына байланысты, құс рационына өсімдік азығын қолданады мол мөлшерлі – целлюлоза (клетчака) – жоғары молекулалы көмірсу (полисахаридтер), өсімдік қабығының негізгі торлары. Ал ішкі торлы жақ қабырғассында: гемицеллюлоза, сұлы, кебек мәдениеттері өз бойында бетаглюканды сақтайды, ол азықтық тұтқырлығын жоғарлатады.

Дәріс 5 Бройлер, үйрек, күркетауық, қаз жұмыртқа және ет өндірісінің технологиясы.
Бөлім 3. азықтық жұмыртқа өндірісінің технологиясы.
Арнайы шаруашылықтарда жұмыртқа өндірісінің технологиясы келесі принциптерге бөлінеді.


  • жоғары өнімді гибридті тауықтарды қолдану.

  • Тауықтарды арнай торлы батереяларда ұстау ұсынылады және өндіріс қалыпты да максималды түрде жұмыс істеп тұруын, приборлар механизацияланған болуы тиіс.

  • Құстарды азықтандыру үшін толық рационды құрғақ комбикорм болу керек.

  • Құсты жабық (әйнексіз) микроклиматы оптималды және дифференциялды жарық көзінде ұстау ұсынылады.

  • Құс ағзасы тұрақты болу үшін, тиімді малдәрігерлік-профилактикалық шараларды өткізу қажет.

  • Технологиялық графикке байланысты өндіріс жыл бойы, максималды әрі тиімді жұмыс істеуі тиіс.

Жұмыртқа бағытында үлкен құс шаруашылықтарда технологиялық график жас және сақа құстардың өсуіне байланысты, рационды технологиялық жүйе сай болу керек. Жас құсты өсіруде негізгі рационалды технологиялық схемаға – торлы батареялар БКИ-3, КБУ-3, Р-15 және т.б. бұл жағдай жас құсты тәуліктік кезінен, 17 апталық жасына дейін қалыпты бір жерде өсіп дамуын қамтамасыз етеді.

17 апталық жұмырқалағыш тауықтардың орнын ауыстырады, себебі бұл кезде олардың ағзасы жұмыртқалауға дайын келеді, ал кейбіреулерінде жұмыртқалау басталып кетуі мүмкін. Сондықтан оларды орнынан кеш ауыстыру құста стрестік жағдай туғызу мүмкін, ол жұмыртқалағыштығын және құс басын төмендетеді.

Шарушылықтырда жас тауықтарды өсіру уақытында, құсқа орын жеткіліксіз кезінде, оларды 9 апталық жасында сақа құстар отарына қосады. Бұл 10-13 апталық құсты ауыстыру схемасына ұқсас.

Цехтағы аналық отар жылдың әр тәулігінде гибридті жұмыртқа салып, сапалы түрде цех инкубациясын қамтамасыз ету қажет. Қазіргі уақытта құс шарушылықтарында кең ауқымды жұмыртқалайтын тауық отраларын торлы батереяларда 30-40 бастан ұстайды. Құстарды ұстау кезіңде профилактикалық үзіліс, торлы батеряда ұстағанда – 3 апта, ал алаңда ұстаса – 4 апта.

Кейін тауық қорасына бір уақытта, жастары бірдей құстарды кіргізеді. Орнынан шығып кеткен құстын орнына басқа құсты отырғызуға рұқсат етілмейді.

Инкубацияда 6-7 айлық құстардың жұмыртқасын алуға болады. Сақа тауықтарынын жұмыртқа массасы 52-54 граммнан кем болмау керек, ал өндіріс отарындағы жұмыртқа масссасы 50 граммнан кем болмау керек.

Сақа құстар отарының азығы бұзылуы және жұқпалы аурулардың пайда болуы – іскерлі жас құстардың дамуына кері әсерін тигізеді. Балапандарының біпінші 10 – күнінде 50 пайызын жоғалтуы, ата-аналық құстарын дұрыс азықтандырып күтпеуінен және цехтағы инкубацияны жөндемеуден болады. Сондықтан құс фабрикаларында инкубациядан сапалы жұмыртқа алуда бақылауға көңіл аудару керек және негізгі басты мақсат юолу қажет. Әр бір құс шарушылықтарында зоолабораторияда аналық құстарға азықты талдайды, ондағы азықтық жұғымдылығын, сіңімділігін т.б. заттары оптималды түрде болуын қадағалайды. Сонымен қатар инкубациядағы жұмыртқаны А, В2 және каротин витаминдеріне тексеріп, тауық қорадағы жағымсыз иске, қауіпті газдарға тексереді.

Инкубациядағы жұмыртқанын сапалы сақталуы үшін негізгі фактор, ұяның таза болуы, төсеніштін және тауық қорадағы микроклиммтаын оптималды болуы.

Тауық қорадағы ауа температурасы 16˚-18˚болу қажет, ал ылғалдылық 60-70 пайыз. Құстың әр бір 1 кг массасына қыс мезгілінде 0,7 м³/ч, таза ауа алмастыру керек, ал жаздыкүні 4м³/ч.

Ұяның тазалығынан басқа, ұяда жұмыртқаны жиі жинау керек, (әр бір: бір, екі сағаттан соң) кейін жұмыртқаны, ауасы таза салқын қоймаға тасымалдайды. Салқындатар алдында формальдегид газын қолданады. Басылған жұмыртқаны салқындатпаса, онда ыдырау процесі жүреді.

Негізгі назарды жұмыртқаларды цех инкубациясына тасымалдауда аудару қажет және тоңазытқышта тым салқындатылып немесе көліктің ауытқып отыруынан сақ болған дұрыс.

Барлық құс шарушылықтарда, сонымен қоса репродукты және асыл тұқымды шаруашылықтарда, инкубацияға салатын жұмыртқаның мезгілі 7 тәуліктен аспауы керек.

Құстар үшін бөлмелердегі желдеткіш жүйесінде жоғары сыртқы температуралар кезінде ең үлкен деңгейді және төмен кезінде ең кіші деңгейді қамтамассыз ету, сонымен қатар 1 кг тірі құс салмағына 0,75 тен 5,5 м3/сағ дейін есептен бөлмедегі ауаны ауыстыру үшін реттеудің кен диапозоны болуы керек.

Құс қорасындағы қолайлы шағынклимат жақсы төселген төсемшелер кезінде ғана алынады. Әдетте оны құстардың жаңа партиясын отырғызу алдында айлық профилактикалық үзіліс кезінде жылына бір рет 10-15 см қабатпен төсейді және қажетінше қосады.

Құс қорасына еденнің 1 м2 ауданына 4,8 бас есебінен 140 күн жасындағы төлдерді отырғызады. Жөңдеу төлдерді мекиен тауықтарға 6 ай жасында ауыстырылады және осы айдан бастап салмағы 50 г артық жұмыртқалар инкубацияға таңдау басталады.

Құстарды толық құнды бағытты тамақтандыруымен үйлесімде дифференциалданған жарықтандыру режімдерін пайдаланған кезде аналық бір топ тауықтардың жоғары жұмыртқа өнімділігін алуға болады.

Жөңдеу төлдерін және аналық табының тауықтарын қонды балапандарды күткен кезде күн ұзақтығына түзетуді ескеруімен, жұмыртқалы бағытты тауықтар үшін ұсынылған, жарық режімін пайдалануға болады. Осы кезде жарық күнін 20 дейін емес, ал 24-апталық төлдер жасына дейін қысқарту қажетті, және тауықтар жұмыртқалаған кезде 16-18 сағатқа дейін арттыру керек.

Жарық күннің ұзақтығын тауықтың тірі етін міндетті бақылау кезінде дифференциалдық азықтандырумен сәйкес қадағалау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет