Бұлақ селолық округі әкімі Б. Тоқпановтың «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан



жүктеу 40.96 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі40.96 Kb.
Бұлақ селолық округі әкімі Б.Тоқпановтың «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанындағы “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында ауыл-село өмірінің сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретіні атап көрсетіледі.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өркендеу тиісінше облысымыздың, ауданымыздың және селолық округтың дамуына қолайлы жағдайлар туғызды. Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын және мемлекеттік ауылдық аумақтарды дамыту Бағдарламасын іске асыру үшін селолық округте экономиканы тұрақты дамытуға, денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы қомақты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді .

Округ бойынша ауылшаруашылық жылы біршама жақсы аяқталды, 2008 жылы 10883 гектар жерге егін егіліп, одан 143,52 тонна өнім алынды, гектар шығымдылығы 13,2 центнерден айналды.

Округ бойынша 3 ЖШС, 5 ФШ және 19 ШҚ жұмыс жасайды. Есепті кезеңде 2 шағын шаруа қожалығы ірі шаруашылықтарға бірікті. Бүгінгі күні егіс алқабының 72,5% ЖШС-нің пайдалануында, 27,5% шаруа қожалықтарына тиесілі.

Селолық округте ауылшаруашылық құрылымдарының машина-трактор паркін жаңартуы жалғасып келеді, есепті кезеңде “Ақтас-Агро”ЖШС-і – 2 “Енисей”, “Бақтияр” ЖШС-і – 1 “Енисей” комбайнын, 1 ОВТ, “Бұлақ-Астық” ЖШС-і – 1 “МТЗ-80” тракторын, “Сағын” ШҚ – “Дон МАР” жаткасын, “Алмаз-5” елеуіш машинасын алды. Келесі жылға лизингтік компанияларға 30 млн.теңгенің жаңа техникаларына өтініш берілді.

Үкімет тарапынан көктемгі егіс және астық жинау науқандарында жанар-жағармай алу үшін округ шаруашылықтарына 9918 мың теңге субсидия берілді. Селолық округ тұрғындары жер үлестеріне сәйкес 416 тонна бидай, 280 тонна жемазық пайларын алды.

Жеке сектордағы мал басының өсуіне көңіл бөлінеді. Биылғы жылғы есеп бойынша округте 2508 бас қара мал, оның ішінде 1079 бас сиыр; 864 бас жылқы, оның ішінде 305 бас бие; 3720 бас қой-ешкі, 7060 құс бар. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда қара малдың 108 пайызға, жылқы 102 пайызға көбейгенін көрсетеді .

Жеке сектордың малын бағуды ұйымдастыру мақсатында үш ауылда жыл бойы 9 азаматтар жиыны өткізілді, 21 адам осы жұмыстарға қамтылды. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында төрт жанұя Ауыл шаруашылығы дамуын қолдау қорынан 1 млн.теңге микрокредит алды.

Малдәрігерлік егу және емдеу жұмыстарының сапасы жақсартылды, 2008 жылы 1600 бас қара малға, 2500 ұсақ қараға және 600 бас жылқыға Сібір жарасына қарсы екпе жұмыстары жүргізілді, туберкулез пен бруцеллезге тексерілді.

Бұлақ селосында малды қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді (Б.Жұмабаев). Жыл басынан бері 30 сиыр ұрықтандырылды. Әр ауылда сары май, жұмыртқа өнімдерін дүкендер арқылы сатып алу ұйымдастырылған, мал етін, тері мен жүнді көршілес округтердің кәсіпкерлері тапсырады .

Селолық округ облыс орталығында өткізілетін жәрменкелерге белсенді түрде қатысады. 2008 жылы 24 жәрменкелерге қатысып, 1,5 млн. теңгенің ауылшаруашылық өнімдері сатылды. Ауылды дамыту үшін ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің маңызы өте зор. Бұл жерде “Бірлік” ШҚ (Е.И.Маликов) шағын диірменін (өнімділігі тәулігіне – 5 тонна) және С.Тұяқов пима цехын айтуға болады. Бұлақ ауылында шағын наубайхана пайдалануға беріледі деп күтудеміз.

Округте кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын орындау мақсатында белгілі жұмыстар атқарылды. 2008 жылы 46 адам жұмысқа орналастырылды, оның 22 тұрақты жұмыстар. Аз қамтылған 10 жанұя 574,700 теңге мемлекеттік әлеуметтік көмек алды, 18 жасқа толмаған балаларға 1137500 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді.

Азық-түліктің қымбаттағанына байланысты 9 отбасына 161,2 мың. теңге жәрдем көрсетілді. Селолық округ бойынша 1509 аз қамтылған жанұялар, кедейлік деңгейі – 2,7%.

Азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына және бағаны тұрақтандыруға байланысты дүкен ұстаушы кәсіпкерлермен 2009 жылдың аяғына дейін бірінші қажеттіліктегі тауарларға бағаны 15%-дан артық көтермеу туралы меморандумға қол қойылды.

Село аумағын дамытуға инфрақұрылымның маңызы зор: бұл байланыс, жол, су мәселелері. Байланыс пошта бөлімшесі 2 сөйлесу пункті арқылы атқарылып, телебайланыс “Восток Телеком” жүйесінің іске қосылуына байланысты кеңейіп отыр.

Селолық округтегі жолдар күрделі жөндеуді қажет етеді. Есеп беру кезеңде Бұлақ, Қарағай жолының 5 километр қашықтығына 400 тонна құм төгіліп, тегістелді.

Округте орталықтандырылған су құбыры жоқ, ауыз су қоғамдық 28 құдықтан алынады: Бұлақ ауылында 7 скважина, 11-шахталық құдық, Ақтаста – 4 скважина, Қарағайда – 5-шахталық құдық бар. Есеп беру кезеңінде осы су көздерінің суы санитарлық-эпидемиялық тексеруден өткізілді.

Ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру мақсатында 700 түп ағаш отырғызылды. Көшелерді жарықтандыру үшін бюджеттен 10 шам алынып, көшелерге орнатылды, жеке кәсіпкерлер 3 шам орнатты.

Бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі – осы заманғы білім беруді дамыту. Селолық округте мектеп жасындағы балалар оқуға толық қамтылған. Бұлақ орта мектебінің жанында 30-орындық интернат жұмыс істейді. Есеп беру кезеңінде Ақтас мектебінің құрылысы аяқталып, сметалық құны 230 млн.теңге 90-орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Қарағай мектебінің жылыту жүйесі жаңартылып, қазандық қойылды (1254 мың теңге). Мектеп оқушылары 2008 жылғы ҰБТ-де 75 балл жинады, 21 түлектің 19-ы жоғарғы оқу орындарына түсіп, мемлекеттік грантқа ие болды. Жазғы демалысқа 172 мектеп оқушылары қамтылды, оның 3-і – республикалық, 18-і – Мальцев демалыс лагерлерінде демалды.

Денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінеді. Есеп беру кезеңінде Бұлақ дәрігерлік амбулаториясына жөндеу жүргізілді. Флюорографиялық тексеруден тұрғындардың 97 пайызы өтіп, туберкулезбен ауыратын 3 адам анықталды. Округ әкімінің 2008 жылдың қаңтарындағы есеп беру кездесулерін дайындау және өткізу барысында тұрғындардан 16 ұсыныс пен сын ескертулер түскен болатын. Оның 7-не кездесу барысында жауап берілді, 9-ы тиісті шешімдерін тапты.



Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында селолық округ әкімшілігі дағдарысқа қарсы шараларды қарастыруда. Күнбе-күн қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыру туралы меморандум қабылданды. Шаруашылықтардың жұмысын жақсартуға ықпал жасалуда, жеке меншік мал басының көбеюіне көмек беріледі және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі басты назарда.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет