Бұлақ селолық округінің әкімі Б. Тоқпановтың 2010 жылы округтің



Дата24.02.2016
өлшемі46 Kb.
#11917
Бұлақ селолық округінің әкімі Б.Тоқпановтың «2010 жылы округтің

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған

перспективалары» туралы селолық округ тұрғындары алдындағы есепті баяндамасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтарындағы “Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында барша қазақстандықтардың өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту, экономиканы жаһандық қалыпқа келтіруге дайындау бағдарламалық міндетіміз екендігі баса айтылады.

2010 жыл біздің халқымыз үшін аса маңызды оқиғаларға толы жыл боды. Селолық округте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығы кең түрде атап өтілді, атқарылған іс-шаралар осы айтулы мерекеге арналды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 1-2 желтоқсанда Астана Саммитінің өткізілуі селолық округ тұрғындарының қолдауына ие болды. Бағдарламалық құжатты іске асыру бойынша селолық округте “Жол картасы” бағдарламасы дайындалды, жұмыс орындарының сақталуы, жұмыссыздарды орналастыру, тұрғындардың әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар атқарылды .

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысшыларын әлеуметтік қорғау мақсатында жыл басында шаруашылық басшыларымен 4 меморандумға қол қойылды, бұл құжаттарда олар өндіріс көлемін сақтау, жұмыс орындарын қысқартпау, еңбекақыларын уақытылы төлеу туралы өздеріне міндеттеме алды.

5 шаруашылықта ұжымдық келісім шарт қайтадан бекітілді. Халықты бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, бағаның негізсіз өсуінен қорғау мақсатында 5 жеке кәсіпкерлермен бағаның өсуін 15%-дан асырмау туралы меморандум қабылданды. Жеке кәсіпкер Ысқақова Айманмен («Жанна» дүкені) бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі проектісі шеңберінде 8 аз қамтылған жанұяға азық-түлік тауарларын жеңілдетілген бағамен беру туралы меморандум қабылданды.

Жыл бойы жеке кәсіпкерлер аз қамтылған отбасыларына 345 мың теңге демеушілік жасады.

2010 жылы 74 адам, оның ішінде, 5 адам “Жол Картасы” бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

38 тұрақты жұмыс орны ашылды, уақытша жұмыстарға 14 адам, қоғамдық жұмыстарға 6 адам тартылды. Кәсіби мамандық алуға 3 адам Петровка кәсіптік-техникалық лицейіне жіберілді.

2010 жылы жастар практикасы бойынша 2 лицей түлегі жұмысқа орналастырылды. Аз қамтылған азаматтар үшін 3 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды.

Есеп беру кезеңінде 8 аз қамтылған жанұяға 250,3 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілді, 18 жасқа дейінгі балаларға 1 млн.25 мың теңге жәрдемақы төленді.

Селолық округ бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарына аз қамтылған отбасылар саны 6, кедейшілік деңгейі 2,1 %.

Селолық округ тауар өндірушілері өткен жылды табысты аяқтады, 12400 га егістіктен 17350 тонна дәндідақылдар алынды, астық шығымдылығы әр гектар-дан 14,0 ц айналды.

Есеп беру кезеңінде 3 шағын шаруа қожалығы серіктестерге қосылды. Бүгінгі күні егіс алқабының 75,3% серіктестіктерге, 24,7% шаруа қожалықтарына тиесілі. 2010 жылы селолық округтің тауар өндірушілеріне көктемгі егіс және күзгі орақ науқандарын өткізу үшін 11млн.теңге мемлекеттік субсидия берілді. Науқан аяғында округ тұрғындары жер үлестеріне 400тонна бидай, 250 тонна жемазық алды.

Жеке меншіктің мал шаруашылығына ерекше көңіл бөлінеді. Биылғы жылдың 1 шілдесіне селолық округ бойынша 1460 бас қара мал, оның ішінде 620 бас сиыр, 850 бас жылқы, оның ішінде 345 бас бие, 3100 бас қой ешкі, 4800 бас құс есептелді. Барлық елді мекендерде мал бағу ұйымдастырылды, мал бағуға 21 адам тартылған.

Селолық округте малдәрігерлік жұмыстар жақсартылды, жыл бойы 160 бас қара мал, 2500 бас қой-ешкі және 600 бас жылқы туберкулез және бурцеллезге тексеріліп, Сібір жарасына қарсы екпе егілді. Бұлақ ауылында малды қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істеп (Жұмабаев Б), 75 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды.

Тұрғындардан артылған ауылшаруашылық өнімдерін (май, жұмыртқа) сатып алу әр елдімекенде жекеменшік дүкендер арқылы ұйымдастырылған. Округ тұрғындары өнімдерін Петропавл қаласында өткізілетін жәрмеңкелерде сату мүмкіндігіне ие. Өткен жылы селолық округ осындай 24 жәрмеңкеге қатысып, 1,6 млн.теңгенің өкімін өткізді. Ауылдық дамуы үшін ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің маңызы зор, Бұлақ ауылында шағын диірмен (Маликов Е.И.) жұмыс істейді. Шағын наубайхана, мал сою пунктін ашу жоспарлануда.

Шағын бизнес пен кәсіпкерлік саласында 43 адам жұмыс істейді. Бұлақ ауылында 3 дүкен, Ақтаста 3 дүкен және Қарағайда 1 дүкен жұмыс істеп тұр, оның 4-і арақ-шарап өнімдерін сатуға лицензияланған. Жолаушылар тасымалымен жеке кәсіпкер Біләлов Ғ.Қ (Светлое-Петропавл-Светлое бағыты), жүк тасымалымен кәсіпкер Сағдиев А.К. айналысады.

Селолық территорияны дамытуда инфрақұрылымның маңызы зор: бұл байланыс, жол, су. Телебайланыс “ВостокТелеком” жүйесінің іске қосылуына байланысты кеңейіп отыр. Есеп беру кезеңінде Ақтас және Қарағай ауылдарын телефондау мәселесі шешілді. Бүгінгі күні Бұлақ ауылында 120 үй, Ақтаста 50 үй, Қарағай ауылында 25 үй телефон байла-нысына қосылған. Селолық округтегі барлық мектептерде, емдеу мекемелерінде телефон байла-нысы орнатылған. Мектептердегі компьютер сыныптары Интернет жүйесіне қосылған. Селолық округтегі жолдар күрделі жөндеуді қажет етеді. Есепті кезеңде Бұлақ-Корнеевка жолының 5 км қашықтығына 400тонна, Ақтас-Светлое жолына 300тонна құм төселіп, тегістелді. Округте орталықтандырылған су құбыры жоқ, ауыз су қоғамдық 27 құдықтан алынады: Бұлақ ауылында 7 скважина, 11 шахталық құдық, Ақтаста 4 скважина, Қарағайда 5 шахталық құдық бар. Есеп беру кезеңінде осы су көздерінің суы санитарлық-эпидемиялық тексеруден өткізілді.

Ауылдарды көркейту және көгалдандыру мақсатында 400 түп ағаш отырғызылды.

Бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі осы заманғы білім беруді дамыту. Селолық округте мектеп жасындағы балалар оқуға толық қамтылған. Бұлақ орта мектебінің жанында 30 орындық интернат жұмыс істейді. Есеп беру кезеңінде барлық елді мекендерде шағын орталықтар ашылды, бұл жерде мектеп жасына дейінгі балалар күндіз тәрбиеленеді.

Жазғы демалысқа 172 мектеп оқушы қамтылды, оның 2-і республикалық, 6-ы Мальцев демалыс лагерлерінде демалды.

Денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінеді. Есеп беру кезеңінде флюорографиялық тексерістен тұрғындардың 92%-ы өтіп, туберкулезбен ауыратын адамдар анықталған жоқ.

Есеп беру кезеңінде бала мен ана өліміне жол берілген жоқ. Ақтас фельдшерлік пункті мектеп ғимаратына көшіріліп, қажетті жағдай жасалды.

Есеп беру кезеңінде жергілікті бюджетке 539 мың теңге салық жиналды, оның ішінде 40,7 мың теңге жер салығы; 49,2 мың теңге мүлік салығы; 450 мың теңге көлік құралдарының салығы. Бір жолғы талондар 25 мың теңгеге өткізілді.

Селолық округ әкімінің 2010 жылдың қаңтарындағы есеп беру кездесулерін дайындау және өткізу барысында тұрғындардан 8 сұрақ пен ұсыныс түскен болатын. Оның 4-іне кездесу барысында жауап берілді, 4-і есепті кезеңде толық орындалды, Қарағай ауылында скважина іске қосылды, өтініш берген мүгедекке арба берілді, Ақтас-Корнеевка жолына мүмкіндігінше жөндеу жүргізілді.



Бағдарламалық міндеттерді орындау үшін селолық округ әкімінің аппараты және жергілікті тұрғындар бірлесе жұмыс атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет