Бұлдырты ауылдық кітапханасы шежіресі Мәдени ошақ Бұлдырты ауылдық кітапханасы



Дата23.02.2016
өлшемі72.64 Kb.
Бұлдырты ауылдық кітапханасы шежіресі

Мәдени ошақ Бұлдырты ауылдық кітапханасы 1955 жылдан бері халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Кітапхана – баспа өнімдерін пайдалану ісін ұйымдастырып, оқырмандарға мәдени-ағарту бағытында көмек көрсетіп келеді.Әр кезеңде кітапханашылар халықтың рухани байлығын арттыру мақсатында қажырлы еңбек ете білді. Солардың бірі Махметова Күләш туралы айта кетсек . Махматова Күләш 1939 ж.Жымпиты ауылында дүниеге келген.

1956 –1959 ж.ж. Жымпты ауданы бұрынғы Интернационал колхозында кітапханашы.1959 –1965ж.ж. Зеленов ауданы Перьм совхозында кітапханашы. 1965-1989ж.ж. Бұлдырты ауылдық кітапхана меңгерушісі.

1968 Жылдан КПССмүшесі. Бірнеше жыл қатарынан әйелдер қоғамын басқарды.Совхоздың қоғамдық жұмыстарына белсене араласты және өз қызметін де абыроймен атқара білді. Өз белсенділігінің арқасында Махметова Күләштің аты көпке танылды. Көп жылдар Қызыл – ту газетінің штаттан тыс тілшісі болды. 1989 ж. Зейнеткерлікке шығып, қазір Алматы қаласында тұрады.

Қазіргі кітапхана жаңа ғимаратқа орналасқан. Ғимараттың жалпы көлемі 120 кв.м. Кітапхана баспа өнімдерін жинау,сақтау, насихаттау,оқырмандарға баспа шығармаларын пайдалануға беру және библиографиялық ақпарат жұмыстарымен шұғылданады.Кітапхана оқырмандары жас бүлдіршіндер, ұстаздар,зейнеткерлер т.б. жастағы адамдар.

2004 ж. 8 шілдеде Бұлдырты ауылында Жоспарлау және кітапхананың бағдарлама – жобалық қызметі - тақырыбында обылыстық зерделі – кеңес өткізілді.Зерделі кеңеске облыстық кілапхана және ОКЖ директорлары,әдіскерлер, ауылдық кітапханашылар барлығы 40 адам қатысты.

Зерделі кеңесте Сырым ауд.әкімінің орынбасары Жакиев Қ.М., Сырым ауд.мәдениет бөлімінің меңгерушісі – Жоламанов Ә.Т.Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Аңшыбай А.К. қысқаша сөз сөйледі.

Пленарлық отырыста: - Кітапхана қызметінің құқықтық негізі. Тақырыбында – Ж.М олдағалиев атындағы ОҒӘК директоры Жұмақаева Г.Т баяндама жасады.

--Кітапхана қызметін жоспарлау және дамыту тақырыбында Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК –ның кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі Кенжебаева С.К. баяндады.

--Кітапханалық процесстерді мөлшерлеу жұмыстары тақырыбында.—Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК директорының орынбасары Тетерятникова Т.Г.

--Кітапханалық жобаны жасау бағыттары,қаржыландыру үшін грантқа тапсырыс жазу жолдары -тақырыбында Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ның әдіскері

--Кітапханадағы балаларға қызмет көрсету ісін мөлшерлеу тақырыбында А.Гайдар атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі Ихсанова Г. баяндады.

Еңбекті мөлшерлеуге сәйкес ауыл кітапханасының жұмысын жоспарлау тақырыбында тренинг өткізілді.

Мастер – класс Әдіскердің кітапханадағы орны мен маңызы – Сырым ОКЖ –нің әдіскері А.Ж.Уалиахметованың жаңашылдық ізденістері ұсынылды.

Бұлдырты ауылдық кітапханасының Сырым елінің жыр жұлдызы жыр кеші көпшілік шарасы ұсынылды.Зерделі-кеңес соңында бірнеше адам ОҒӘК –ның мақтау грамоталарымен марапатталып,зерделі кеңес қортындыланды.

«Тарихтан қысқаша»

Бұлдырты ауылдық кітапханасы 1955 жылы ашылды.

Ол кезде кітапхана шағын ғана бір бөлмеде аз ғана кітап қорымен ашылған.

Алғашқы кітапханашы болып 1955 – 1956 жылдары Байқатов Төлеген жұмыс істеген.

1956 – 1957 жылдары Ахметов Жарқынғали.

1957 – 1958 жылдары Есқалиева Т. Ахметов Ж.

1958 – 1963 жылдары Арыстанова К.

1963 – 1965 жылдары Ахметов Ж. Мықтыбаева Райхан.

1965 – 1991 жылдары Махметова Күләш.

1991 – 1997 жылдары Балпейсова Гүлзира.

c:\users\svetlana\desktop\002.jpg

Кітапхана шежіресі



1955 – 1960 жылдары

Кітапхананың кітап қоры шамамен 500 дана.

Оқырман саны: 448 адам.

КПСС –ТІҢ ХХ және кезектен тыс ХХІ сьезінің шешімдерін іске асыру бағытындағы жұмыстарды насихаттауда кітапхана өз үлесін қосты.



1961 – 1965 жылдары

Кітап қоры: 650 дана.

Оқырман саны: 488 адам.

Кітапханада КПСС ХХІІ сьезі жоспарларын орындау мақсатында және Ұлы Жеңістің 20 жылдығына арналған көпшілік шаралар өткілді. Тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне 10 жыл толуына арналып мәдени шаралар өтуізілді. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға ұсынылды.Егіс даласындағы және мал шаруашылығындағы еңбеккерлерге насихат жұмысы жүргізілді.



1966 – 1970 жылдары

Кітапхананың кітап қоры: 5500 дана.

Оқырман саны: 569 адам.

Кітапханада КПСС ХХІІІ сьезі тапсырмаларын жүзеге асыру т.б. саяси өзекті бағыттарды насихаттауда кітапхана жұмыс жүргізді.

Ұлы Октябрь социалистік революциясының 50 жылдығына және В.И.Лениннің 100 жылдығына , 1970 жылы 9 мамырда Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 25 толуына арналған соғыс ардагерлерімен кездесу кеші және кітап көрмелері ұйымдастырылды.

1971- 1975 жылдары

Кітапхананың кітап қоры: 8760 дана. Оқырман саны: 642.

КПСС ХХІҮ съезі белгілеген жоспарларды мерзімімен бұрын орындау науқанына кітапханада өз үлесін қосты. Социялистик идеологияны насихаттауда Бұлдырты ауылдық кітапханасында өзінің жан –жақты мәдени насихат жұмыстарын жүргізе білді.

1975 жылы мамыр айында Ұлы Жеңістің 30 жылдығын және СССР- дің құрылғанына 50 жал толуына лайықты қарсылау мақсатында көпшілік мәдени шаралар өткізілді.



1976-1980 жылдары

Кітапханада кітап қоры: 9980 дана. Оқырман саны: 695 адам. Кітапханада сол кезгі идеологияны насихаттауда басты ролъдердің бірін орындады. Сондықтанда сол кездегі елдегі және партиядағы болып жатқан жаналықтарды алғашқылардың бірі болып кітапхана насихаттап отыратын. КПСС ХХҮ- съезінің шешімдерін халыққа насихаттауда кітапхана өзінің сүбелі үлесін қосты. Ұлы Октябръ социолистік революциясының 60 жылдығын атап өту және Тыңға 25 жыл толуына, В.И. Лениннің туғанына 110 жыл толуына арналып көпшілік шаралар, кітап көрмелері ұйымдастырылды.



1981-1985 жылдары

Кітапхананың кітап қоры: 10300 дана. Оқырман саны: 699 адам.

Кітапханада Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне (ЦБС) көшірілу жұмыстары жүргізілді. КПСС –тің ХХҮІ- съезі шешімдерін жүзеге асыруда кітапхана насихат жұмыстарын жүргізді.

СССР-дің құрылғанына 60 жал толуына және Қазақстан комсомолына 60 толуына арналып мәдени шаралар өткізілді.

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 40 жыл толуына Бұлдырты ауылында кешенді мәдени шаралар өткізілді. Бұл атаулы датаға кітапханада мүмкіндігінше атсалысты. Кітапханада соғыс ардагерлерімен кездесу кештері, кітап көрмелері ұйымдастырылды.

1986-1991 жылдары

Кітапханада кітап қары : 10.750 дана Оқырман саны : 725 адам . Бұл кезде елімізде Совет Одағы тоқырау кезеңдері орнауына байланысты кітапхана саласы да қиын кезеңдері басыннан өткізді.

Кітапханалар жабылып, жаңа кітаптар басылмай халық еңбек ақыларынала –алмай журген қиын кезеңді ауыл кітапханасы да басынан өткерді.

Алайда Бұлдырты ауылдық кітапханасы өз жұмысын тоқтатпай халыққа кітапханалық қызмет көрсете берді.



1991- 1997 жылдары

Кітап қоры: 11759 данаға жетті. Оқырман саны: 359 адам.

Еліміз Егемендік алып Тәуелсіздікке қол жеткізгесін Мәдениет саласының тамырларына да қан жугіріп, кітапханада жұмысыда қалыпқа келе бастады. Атаулы датыларға байланысты жазушылар мерейтойларына байланысты кітап көрмелері көпшілік шаралар ұйымдастырылыа отырылды.

1997 жылы Елбасының «Қазақстан-2030» даму бағдарламасының жариялануына байланысты, бағдарламаны халыққа насихаттау мақсатында кітапханада көпшілік шаралар өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.



1998- 2002 жылдары

Кітап қоры: 17184 данаға дейін жетті. Оқырман саны: 853 адам. Кітапханада 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы».

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы», Ұлы Жеңістің 55 жылдығына арналып көпшілік кітапханалық шаралар, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Кітап қоры: 16785 дана .Оқырман саны 699.

2001 жыл – Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 толуына арналған бірнешекөпшілік шаралар өткізілді, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 2001 жылыалғаш рет ауданда «Жыл кітапханашысы- 2001» конкурсы өткізілді. Кітап қоры: 16992 дана. Оқырман саны:814 адам.



2003 жыл

Кітап қоры: 17488 дана. Оқырман саны: 911.

Кітапханада Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына және «Ауылды қолдау жылына» арналып тақырыптық кештер, кітап көрмелері, тақырыптық папкілер ұйымдастырылды. Осы жылы Бұлдырты ауылында есте қалар оқиға әкімдердің облыстық зерделі кеңесі болып өтті. Кітапхана жаңа ғимаратқа көшірілді.

2004 жылы

Кітапхананың кітап қоры: 17728 дана. Оқырман саны:868 адам.

Кітапхана ағымдағы жөндеуден өткізілді. 8- шілдеде кітапханада «Жоспарлау және кітапхананың бағдарлама жобалық қызметі» тақырыбында облыстық зерделі кеңес өткізідлді. «Мәдени мұра» бағдарламасына, Қазақстандағы Ресей жылына арнап және арнап және Тыңның 50 жылдығына арналған басылымдар насихатталды.

2005 жылы

Оқырман саны: 881 адам. Кітап қоры:15178 дана.

Елбасының халыққа Жолдауы, Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл толуына, Абай Құнанбаевтың туғанына 160 жыл толуына және Ұлы Жеңістің 60 жылдығына Т.Б көпшілік шаралар ұйымдастырылды, кітап көрмелері жасақталды.

«Ауыл энциклопедиясы- Шағын Отан» энциклопедиясы жазылды. Көкөріс ауылдық кітапханасы ашылып, Бұлдырты кітапханасының кітап қорынан 2500 дана кітап берілді.



2006 жылы

Кітап қоры: 15688 данаға жетті. Оқырман саны:883 адам болды. Кітапханада күнднлікті кітапханалық-библиографиялық жұмыстармен қатар азақстанда А.С.Пушкин жылы, Ресейде Абай жылына және Елбасы Жолдауы, Тәуелсіздіктің 15 жылдығына т.б тақырыптарда көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Кітап көрмелері жасақталды.



2012 жылы кітапханада:

Кітап қоры:16548 дана.

Оқырман саны:1352 адам.

Кітап берілімі:19268 дана басылым.

Кітапханада үш кітапханашы қызмет атқарады.Олар:

Темірханова Б.Ж. меңгеруші-жоғары білімді.

Сальменова С.С. кітапханашы –жоғары білімді.

Сұңғатқызы Н. Кітапханашы - жоғары білімді.

«Кітапхана төлқұжаты»

Кітапхана аты жөні: Бұлдырты ауылдық кітапхана

Министірлік: Мәдениет және ақпарат министлігі.

Кітапхана ашылған жылы: 1955 жыл.

Кітап қоры: 15888 дана./2006ж/

Кітапхана оқырманы: 883 адам.

Кітап берілімі: 11804 дана.

Кітапхана көлемі: 120 ш.м.

Кітапхананың анықтамалық аппараты: Алфавиттік каталог.

Кітапхана мекенжайы:

Облысы: Батыс Қазақстан.



Ауданы: Сырым.

Ауылы:Бұлдырты.
Каталог: zkolib -> rus -> nav -> sir
sir -> Талдыбұлақ ауыл кітапхана шежіресі Оқырман саны: 650 Кітап берілімі: 16171 дана
sir -> Оқырман саны: 293 Кітап берілімі: 6526 дана. Кітап қоры: 4854 дана
sir -> Аудандық кітапхана шежіресі Кітапхана м
sir -> Қызылағаш ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 271 Кітап берілімі: 5361 дана
sir -> Жосалы ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 700 Кітап берілімі: 7592 дана
sir -> Оқырман саны: 850 Кітап берілімі: 13069 дана. Кітап қоры: 16465 дана
sir -> Қосарал ауылдық кітапхана шежіресі. Оқырман саны: 728 Кітап берілімі: 9761 дана
sir -> Шағырлой ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 751 Кітап берілімі: 15100 дана
sir -> Бұлан ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 515 Кітап берілімі: 10276 дана
sir -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет