Блок «Чтение» / Оқылым бөлігі



Дата04.07.2016
өлшемі66.09 Kb.
#178519

Блок «Чтение» / Оқылым бөлігі


Необходимо найти правильный ответ, соответствующий тексту.

1-мәтін.

Әлия Молдағұлованың атқыштар батальоны жау қоршауын бұзып, алға шықты. Шайқас ұзаққа созылды, барған сайын күшейе түсті. Фашистер жанталасып, үсті-үстіне зеңбірек оғын жаудырып жатты. Біраздан соң екі жақ бетпе-бет келіп калды. Ұрыс қыза түсті, екі жақ та аянбай атысты. Әлия сол қолынан жараланғанына қарамастан, жаумен атысты. Ол неміс басқыншыларымен қасық қаны қалғанша, батырларша соғысты. Бір кезде окопта жасырынып жатқан неміс офицері он тоғыз жасар, ержүрек қыз Әлияға тап берді. Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді. Автоматын кезеп, жауды құртуға айналғанда, фашист Әлияны пистолетпен атып калды.

Әлияны майдандас жолдастары "шығыс жұлдызы" деп атаған еді.

Ержүрек, мерген қыз, шығыс жұлдызы Әлия майданда болған аз уақыттың ішінде жүзден аса фашисті құртты.

Үкімет Әлияның майдандағы ерлігін жоғары бағалап, 1944 жылғы шілде айының төртінде оған Кеңес Одағының Батыры атағын берді.

Кеңес Одағының Батыры Молдағұлованың ерлігін халқы мәңгі ұмытпайды. Әлияның ерлігі туралы шығармалар жазылды, өлең де шығарылды, олар халық есінде мәңгі сақталады.



1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

1. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Әлия жаумен ... .

A) жанталасты

B) алға шықты

C) бетпе-бет келді

D) қоршауды бұзды

2. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

A) Батыр қыз

B) Шығыс жұлдызы

C) Кеңес Одағының батыры

D) Әлия туралы үзік сыр

3. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

A) Тасаланып жатқан Әлияға тап берді.

B) Мерген қыз Әлия жүзден астам жауды қырды.

C) Әлияны майдандас достары мәңгі ұмытпайды.

D) Әлия Молдағұлованың ескерткіші «шығыс жұлдызы» деп аталды.

4. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

A) Әлия ерлікпен қаза тапты.

C) Әлияны фашист пистолетпен атты.

B) Әлия – бала кезінен мерген болған.

D) Әлия Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен.

5. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) Әлияны ел мәңгі ұмытпайды.

B) Әлия – соғысқа қатысқан батыр.

C) Әлия туралы әңгіме, өлеңдер бар.

D) Әлия – Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес Одағының батыры.

6. Мәтіндегі автордың пікірін анықтаңыз.

A) Батырлар жаумен соғысқан.

B) Әлияның нағыз ерлігі мәңгі есте.

C) Фашистер зеңбіректермен соғысады.

D) Әлия «шығыс мергені» деп аталған.



2-мәтін.

Банк қызметі

Банктік жүйе – өндірістік инфрақұрылым. Өндіріс болса банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны қажет болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға қарызға береді.

Банк – несие-есеп айырысу, касса операцияларымен басқа да операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған қаржы мекемесі. Банктер өзіне ақшалай қаражатты жинақтап, оны несие түрінде уақытша пайдалануға береді. Кәсіпорындар, мекемелер немесе жеке тұлғалар арасындағы өзара төлемдер мен есептесулерде делдалдық қызмет көрсетеді. Жаңа ақшалар мен бағалы қағаздар шығарады, мемлекеттегі ақша айналысын реттейді. Банктер ақша, несие, валюталық саясатты жүзеге асырады. Банкке жеке тұлға да, заңды тұлға да клиент бола алады.

Қазақстанның банктік жүйесі екі деңгейде: біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық. Бірінші деңгейдегі банктер – ұлттық банктер екінші деңгейдегі банктерді тексереді, тіркейді. Әр банк ашылған сайын Ұлттық банк лицензия береді.



2-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

7. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) банк, несие, касса

В) жүйе, банк, деңгей

С) банк, кәсіпорын, несие

D) кәсіпорын, лицензия, операция

8. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

Берілген мәтін қай салаға жатады?

А) тарих

В) саяси


С) құқық

D) экономика

9. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

Қызметіне қарай банктер ... бөлінеді.

А) екіге

В) үшке


С) беске

D) он екіге

10. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

Банк ... айналысады.

А) пайызсыз несие берумен

В) қажет ететіндерге қарыз берумен

С) лицензия және өзара төлемдер берумен

D) кәсіпорындар мен мекемелерді реттеумен

11. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты таңдаңыз.

Банк ... саясатын іске асырады.

А) валюта, несие

В) валюта, несие, қаржы

С) бағалы қағаздар, несие

D) несие, ақша, коммерциялық

12. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А) Банк жүйесінің қызметі қандай?

В) Несиелер неше пайызбен беріледі?

С) Қандай бағалы қағаздар шығарылады?

D) Несие алу үшін қандай құжаттарды тапсыру керек?

3-мәтін.

Тағылым отбасынан басталады

Жалпы, шаңырақ құру – күллі адамзаттық дәстүр екені түсінікті. Бірақ жер бетінде қанша халық болса, бұл дәстүрдің сипаттары да соншама сан алуан. Өйткені әр халық өзінің шаңырақ көтеру қуанышын өз тұрмыс-салттарына лайықтап, өздерінше қызықтауға тырысады. Осы үрдісті қазақ халқы да ғасырлар бойы өзгеге ұқсатпай, өздерінше дамытқаны анық. Олай болса, қазақтың шаңырақ көтеру сәтіндегі өзіндік ерекшеліктері бар.

Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, жаңадан көтерілер шаңырақтың мақсаты мен мәні ең әуелі тегіне орай үндестіріліп, ата-ананың ризашылықтарына негізделіп шешілетін. Мұнда негізгі қағида ретінде, тектілік пен адамгершілік парыздары бағдарға алынатын. Сондықтан бұл дәстүрді қазақ халқы сонау ерте ғасырлардан бері қарай жеті атаға дейін қыз алыспау салтымен орайластыра білгені белгілі.

«Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер, бүгінгінің нарқын ұғады»,-деген болатын Ғабит Мүсірепов атамыз. Халқымызда бұрыннан бар, әдет-ғұрып, дәстүрге мүмкіндігінше қанық болғанымыз жөн.

Қазақ халқының салт-дәстүріндегі бір ғана бала тәрбиесіне байланысты кәде-жоралғы бойынша даналық кітабын жасаса, кейінгі ұрпаққа асыл қазына ретінде тарту етуге тұрарлықтай кітап шығар еді. Мәселен, өмірге ұрпақ жалғасы нәресте келгендегі ел қуанышының жарқын көрінісі – сүйінші, көрімдік сұрау, байғазы беру өте жарамды дәстүр емес пе? Сол перзентке арналған шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, бесік жыры, бесік тойы, нәрестені қырқынан шығару, тіл ашар, тұсау кесер, атқа мінгізу, сүндет тойы – осының барлығы халқымыздың тот баспайтын асыл қазынасы.

Ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне аса зор мән береді. Өйткені, ұрпақ – болашақ. Оны әбден түсінген халық: «Балаңды беске дейін патшадай күт, он беске дейін қосшыңдай жұмса, он бестен кейін құрдасыңдай сыйла»,-деп бүкіл тәрбиелік тағылымды үш-ақ сөзге сыйдырады. «Патшадай күт» дегені – қамқоршы бол, өсір, мәпеле, жас шыбықтай баулы дегені, «қосшыңдай жұмса» дегені – жәрдемшің ет, жұмысқа сал, буынын бекіт, еріншектерден аулақтат дегені, ал «құрбыңдай сыйла» дегені – балаңа ес кірді, ақыл иесі болды, енді оның отау құруы жақын, оның да түбі өзіңдей ұрпақ қамқоршысы болатынын естен шығарма дегені. Ал осы ұлағатты сөзде ұрыс, ренжіт, қорқыт, еңсесін түсір деген бірде-бір сөз айтылмайды. Қазақтың ұрпақ өсіру пәлсапасы, міне, осындай қарапайымдылыққа құрылған.

Табиғатқа иелік етер күші болса да, адамды өзге тіршілікпен тең ұстаған да – қазақ. Бесіктегі қимасына «асқарым, асқағым» деп емес, жан-жануармен, жәндік атаулымен тағдырластығын мойындатып, «құлыным, ботам, қошақаным» деп еркелету де, шыбынға да қиянат болмасын деп, «шыбыным» деп айналу да алдымен қазаққа тән. Бүкіл болмысы, шыбын жаны перзенттің үстінде болған қазақтың баласын шамадан тыс тойындырып, ошақтың түбінде қорғаштағаны да ешбір тарихта жоқ. Жеті жасар айдарлысын жауға аттандырып, он бесіндегі ұлына ел басқартқан халық бұл!

3-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

13. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.

Барлық адамзатқа тән дәстүр – ... .

A) тұсау кесу

B) сүйінші сұрау

C) шаңырақ құру

D) баланы бесігіне салу

14. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Әр халық шаңырақ құру салтын ... .

A) жағдайына қарай лайықтайды

B) даму жағдайымен байланыстырады

C) әдет-ғұрпына қарай ыңғайлайды

D) жалпыңа ортақ салты бойынша қызықтайды

15. Мәтін мазмұнына орай толық және нақты нұсқаны таңдаңыз.

Шаңырақ көтеру ... .

A) ата-анасының жағдайына байланысты

B)ата-анасының көңіл-күйіне негізделеді

C) ата-ананың ризашылығына негізделеді

D) тегіне, ата-анасының көңілдеріне байланысты

16. Мәтінге сәйкес нұсқаны табыңыз.

Белгілі жазушының айтқан сөздерінің мағынасы.

A) Өткенді де, бүгінгіні де білу парызымыз.

B) Өткенді білмегенмен келешекті білу керек.

C) Бұрыңғыны білмесе де, бүгінгіні білу керек.

D) Тарихты білмеген адам бүгінгіні дұрыс бағалай алмайды.

17. Мәтінге сәйкес сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.

Қазақтың шаңырақ құрудағы негізгі салты – ... .

A) тектілік парыздарын сақтау

B) жеті атаға дейін қыз алыспау

C) адамгершілік парыздарын сақтау

D) жеті атаға дейін ауылдас қыздарды алмау

18. Сөйлемді толықтырыңыз.

Балаңды беске дейін ... күт, он беске дейін ... жұмса, он бестен кейін ... сыйла.

A) құрбыңдай, құлыңдай, патшадай

B) досыңдай, құлыңдай, теңдесіңдей

C) билеушіңдей, құлыңдай, теңдесіңдей



D) патшадай, теңдесіңдей, құрдасыңдай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет