Бұлттық технологиялардың қолдану салалары


Бұлттық сервис түрлері кімге қажет болуы мүмкін?



бет2/3
Дата25.09.2022
өлшемі21.89 Kb.
#461310
1   2   3
БТ қолдану салалары

Бұлттық сервис түрлері кімге қажет болуы мүмкін?
Білім беруде. Бұлттық технологиялар – оқу процесін ұйымдастыруда көмекші техникалық құрал. Бұлттық технологиялар білім беру процесін жеңілдетіп, сапасын арттырып қана қоймай, соңғы жаңалықтарға ілесе алатын ақпараттық мәдениеті
қалыптасқан тұлғаны дамытуға көмектеседі. Білім беру процесінде қолданылатын бұлттық технологиялардың дүниежүзілік ең көп тараған түрі – Microsoft корпорациясы ұсынған Live@edu. Live@edu – пайдаланушылардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесуіне арналған құралдар жиынтығы.
Мұнда пайдаланушылар хабар, аудио, видео қоңырауларды жылдам қабылдай алады және қашықтан жұмысты бірлесіп өңдейді. Live@edu Windows және Mac операциялық жүйелерінде браузерлер немесе мобильді телефон арқылы ресурс сервистеріне қосыла алады. Сонымен қатар Googleкомпаниясы ұсынған Google Apps Education Edition бұлттық қызмет түрі оқытудың оңтайлы өтілуінің барлық мүмкіндіктерін қарастырған және оқу барысын қолжетімді бірлескен ортаны құру ресурстары ретінде ұсынылған.
Қазіргі уақытта Яндекс, IBM және т.б. ірі компаниялар ұсынған бұлттық қызмет түрлері қолданыста жүр. Өзінің веб-сайттары арқылы білім алушылар мен оқытушылар (мұғалім) арасындағы онлайн қарым-қатынасты, қашықтан бірлесіп жұмыс жасау тиімділігін арттыруға арналған қызмет түрлерін ұсынады.
Іскерлік салада. Бұлттық технологиялар – іскерлік саланы ұйымдастырудың оңтайлы тәсілі. Онлайн жұмыс орнының анағұрлым ұлғаюы мен жалпыға қолжетімді болуы – үлкен мүмкіндік. Іскерлік сала үшін тапсырыс беру мен тапсырыс алу арасындағы байланыс «жылдамдығы» маңызды.
Сонымен қоса бірлескен орта, кездесулерді жоспарлау, онлайн-видеоконференцияларды ұйымдастыру, ортақ файлдарды өңдеу және т.б.әртүрлі қызмет түрлерін кез келген құрылғылар арқылы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) басқаруға болады. Іскер адам қазіргі технологиялардың дамуының арқасында өз ісіне ыңғайлы бұлттық технологияларды таңдайды. Іскерлік салада қолданыста жүрген бұлттық технологиялар: SmartCloud, IT-Grad, Microsoft Hosted Exchange және т.б.
Медицинада. Бұлттық технологиялар медицина саласында да сұранысқа ие. Өйткені ауруханалар, емханалар, сақтандыру компаниялары мақсаттарын іске асыруға және медициналық қызмет түрлерінің сапасын жақсартуға өз септігін тигізуде. Дәрігерлер арасында ақпарат алмасудың жедел жүйесі есебінен науқастарға күтім жасау сапасы жақсарды. Негізгі ақпараттарды «бұлттық қоймаларда» орналастыра отырып, ауруханалар мен емханалар арасында нақты уақыт режимінде файлдарды
бірлесіп өңдеу арқылы жұмыс барысын анағұрлым жеңілдетті.
Көптеген сарапшылардың бағалау нәтижесі бойынша бұлттық технологиялар трансляциялық жылдамдығымен икемділік жағынан жоғары деңгейде бағаланды. Ауқымды қолданыста жүрген, көптеген компаниялар ұсынған бұлттық ресурстар: CareCloud, Oracle, Agfa Healthcare, Carestream Health, Merge Healthcare және Damumed т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет