*Ішкі аурулар. *Нефрология *3*20*2*
#522
*!Ер адам, 42 жаста, ЖЗА- де салыстырмалы тығыздығы 1008, белок 5,6 г/л, лейкоциттер 5-7 көру алаңында, эритроциттер 7-10, цилиндрлер гиалинді 1-2, дәнді – 8.
Осы көрсетілген өзгерістер қай ауруға тән?
*бүйрек кистасы
*жедел пиелонефрит
*зәр жолдарының инфекциясы
*жедел гломерулонефрит
*+созылмалы гломерулонефрит
#523
*!Қай ауру үшін Нечипоренко бойынша зәр сынамасы тән: лейкоциттер-25 000, эритроциттер-600, цилиндрлер – 0?
*бүйрек ісігі
*бүйрек амилоидозы
*+зәр жолдарының инфекциясы
*жедел гломерулонефрит
*созылмалы гломерулонефрит
#524
*!Диабетикалық нефропатиямен және бүйрек қызметінің бұзылуымен ауыратын науқаста екіншілік пиелонефрит дамыды. Зәрдің егіндісінен Е. Соli өсті.
Осындай жағдайда төменде көрсетілген антибактериалды препараттардың қайсысын тағайындауға ең ықтимал?
*гентамицин
*+амоксиклав
*тетрациклин
*линкомицин
*эритромицин
#525
*!Зәр жолдарның инфекциясын рецидивке қарсы емдеудің негізін құрайтын төменде көрсетілген препараттардың қайсысы:
*стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СҚҚП)
*диуретиктер
*цитостатиктер
*антиагреганттар
*+әр айда ауысып отыратын антибактериалды препараттар
#526
*!Жедел нефритпен ауырғаннан кейін диспансерлік бақылаудың ұзақтығы қандай?
*1 жыл
*+2 жыл
*3 жыл
*4 жыл
*5 жыл
#527
*!Төменде көрсетілген анемияның қай түрі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде жиі кездеседі:
*В12–тапшылықты
*апластикалық
*+гипорегенераторлы
*фолий тапшылықты
*аутоиммундыгемолитикалық
#528
*!Жүктілік нефропатиясын өткерген босанған кейін әйелдердің диспансерлік есеп уақыты?
*5 жыл
*+1 жыл
*2 жыл
*3 жыл
*6 ай
#529
*!Әйел, 39 жаста, жиі кіші дәретке отыруға, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, зәрінің лайлануына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанған кейін бел аймағында ауру сезімі, қызба, дизурия мазалаған. Об-ті: арық. Дене қызуы субфебрильді - 37 гр. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 130/80 мм с.б.б., пульсі -78 мин. Ұрғылау симптомы оң екі жақтада. ЖҚА: НВ-112 г/л, лейк-7,8 мың, ЭТЖ-25 мм/с. Нечипоренко бойынша зәр анализінде: лейк-20 000, эр-ты- 1000.
Қандай зерттеулер Ең ақпаратты болады?
*Зимницкий сынамасы
*Жалпы зәр анализі
*Аддис-Каковский сынамасы
*Бүйректің пункционды биопсиясы
*+Зәрді бактериологиялық зерттеу
#530
*!Науқас А. 35 жаста шаршағыштыққа, бел аймағындағы тұйық ауру сезіміне, жиі ауру сезіммен зәрдің бөлінуіне, зәрдің лайлы болуына шағымданады. Ауырғанына бір жылдай болды, алғаш рет ауру сезімі оң жақ бел аймағында пайда болды.Амбулаторлы емделді, фурагин, спазмолитиктер қабылдады. Зәр анализінде әрдайым лейкоцитурия, бактериурия анықталды.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Жедел пиелонефрит
*Жедел гломерулонефрит
*+Созылмалы пиелонефрит өршуі
*Созылмалы гломерулонефрит өршуі
*Созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит
#531
*!Қандай ауруға осында жалпы зәр анализі тән: зәрдің салмағы- 1028, лейкоциттер- 50-ге дейін дейін көру алаңында, эритроциттер - 1-2 дейін көру алаңында, бактериялар +++, шырыш+++.
*зәртас ауруы
*+жедел пиелонефрит
*жедел гломерулонефрит
*созылмалы пиелонефрит
*созылмалы гломерулонефрит
#532
*!Жедел гломерулонефритті емдегенде төменде көрсетілген препараттардың ішінде қайсысын этиологиялық ем ретінде қолданылуы ең дұрыс болып табылады?
*Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
*цитостатиктер
*+антибиотиктер
*глюкокортикоидтар
*аминохинолинды препараттар
#533
*!Героинді көктамырға енгізгеннен кейін жиі дамитын нефропатия қандай?
*бүйрек амилоидозы
*мезангиальді гломерулонефрит
*+фокальді-сегментарлы гломерулосклероз
*жедел инфекциядан кейінгі гломерулонефрит
*мезангиопролиферативті гломерулонефрит
#534
*!Ер адам 18-жасар дизуриға және қызбаға шағымданады. Бұған дейін зәр жолдарының инфекциясының екі эпизоды болған, ауыз арқылы антибиотиктерді қабылдаумен емделген. АҚ 160/105 мм с.б.б. Зәр анализінде: белок – 0,99 г/л, эр-ттер – 2-4, лейк.-5-10 көру алаңында. Қанда креатинин – 90 мкмоль/л. Урограммада – екі жақтық қуық-зәрағар рефлюксі анықталды.
ЕҢ мүмкін болатын себеп қандай?
*+рефлюкс-нефропатия
*созылмалы пиелонефрит
*созылмалы гломерулонефрит
*қуықасты безі деңгейіндегі обструктивті уропатия
*созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит
#535
*!10 жастағы баланы қарап тексергенде қабырға астында ауру сезімді, кедір-бұдыр тығыз-эластикалық түзілістер пальпацияланады. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне тән лабораторлы көріністер бар.
Ең ықтимал болатын диагнозы қандай?
*бүйрек қатерлі ісігі
*бүйректің екіеселенуі
*+бүйректің поликистозы
*бүйректің эхинококкозы
*созылмалы пиелонефрит
#536
*!Жүктіліктің алғашқы үш айлығында несепжыныс инфекцияларын емдеу үшін қандай препаратты тағайындауға ең ықтимал?
*фурагин
*гентамицин
*эритромицин
*норфлоксацин
*+амоксициллин
#537
*!Әйел, 39 жаста, ЖЗА: зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,013, белок -0,033 г/л, лейкоциттер 30-40 көру алаңында, бірнеше лейкоцитарлы цилиндрлер. Лейкограммада - 90% нейтрофилдер.
Берілген зәр синдромы төменде көрсетілген аурулардың ішінде қай ауруға ЕҢ тән?
*жедел пиелонефритке
*жедел гломерулонефритке
*+созылмалы пиелонефритке
*созылмалы гломерулонефритке
*созылмалы интерстициальды нефритке
#538
*!Ер адам, 32 жаста, ЖЗА: зәрдің салмағы- 1020, белок-іздері, лейкоциттер- 5-7, эритроциттер - 50 дейін көру алаңында, оксалаттар +++, шырыш+++.
Жоғарыда аталған өзгерістер төмендегілердің ішінде қандай ауруға ЕҢ тән?
*жедел пиелонефрит
*+зәртас ауруы
*жедел гломерулонефрит
*созылмалы пиелонефрит
*созылмалы гломерулонефрит
#539
*!Әйел. 29 жаста ентігуге, бас ауруға, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. 4 жылдан көп ауырады. Аурудың өршуі ангинадан кейін басталды. Об-ті: беті ісіңкі, бозарыңқы. Қабақтары ісіңкі. ЖҚА: Нв-110 г/л, лейкоциттер- 7,4 мың х109/л, ЭТЖ -35 мм/с. ЖЗА: уд.салм 1018, белок-4,5 г/л, лейкоциттер -8-10 к/а, дәнді цилиндрлер 2-3 к/а.
Берілген ауруды емдеу үшін төмендегілердің ішінде ЕҢ қажетті препараттар қандай?
*уросептиктер
*фитотерапия
*цитостатиктер
*нитрофурандар
*+кортикостероидтар
#540
*! Әйелге 60 жастағы зерттеу жасағанда анықталды: айқын протеинурия (18-20 г/тәул дейін), қан плазмадағы белок концентрацияның жоғарылауы (85 г/л).
ЕҢ ықтимал болатын диагноз қандай?
*бүйрек поликистозы
*+миеломды ауру
*интерстициалды нефрит
*созымалы пиелонефрит
*созылмалы гломерулонефрит
#541
*!Ең нефротоксикалық әсері бар антибиотиктер тобы?
*макролидтер
*пенициллиндер
*тетрациклиндер
*цефалоспориндер
*+аминогликозидтер
Ішкі аурулар. Гастроэнтерология**1*34*3*
#542
*!Гастроэнтерологиялық рефлюксті ауру кезінде аталған қай симптомдар негізгі болып табылады?
*Құсу
*Жөтел
*+Қыжылдау
*Жүрек айну
*Аритмиялар
#543
*!Аталғандардың ішінде созылмалы гастриттің ЕҢ жиі себебін көрсетіңіз:
*Иерсиниялар
*Хламидиялар
*Стрептококктар
*Стафилококктар
*+Хеликобактериялар
#544
*!Асқазанның аталған бөліктерінің қайсысы Helicobacter pylori ЕҢ жиі локализациясы болып табылады:
*+Антральды
*Фундальды
*Кардиальды
*Пилорикалық
*Үлкен иін
#545
*!Аталған гастрит типтерінің қайсысы ерекше түрлеріне жатады:
*Антральді
*Аутоиммунды
*+Эозинофильді
*Беткей
*Атрофиялық емес
#546
*!Аталғандардың қайсысында оң Грегерсен сынамасы анықталады:
*Іш құрт инвазиясы
*Холестаз синдромы
*Қалыпты жағдайда анықталады
*Мальабсорбция синдромы
*+Асқазаннан қан кету
#547
*!Аталғандардың ішінде қышқыл ортада өмір сүруге көмектесетін Helicobacterpylory қайсы ферментті шығарады:
*+Уреаза
*Липаза
*Пепсин
*Амилаза
*Трипсин
#548
*!Аталғандардың ішінде қайсы диагностикалық әдіс тітіркенген ішек синдромымен науқаста ЕҢ информативті?
*+Ирригоскопия
*Холецистография
*Дуоденальді зондтау
*Фиброгастродуоденоскопия
*Құрсақ қуысы ағзалары УЗД
#549
*!Аталғандардың ішінде қайсы тұжырым ашыған диспепсияға тән:
*«Мелена» тәрізді нәжіс
*Ахолиялық лента тәрізді нәжіс
*Қан және шырыш аралас қой құмалағы тәрізді нәжіс
*Ішекте гидролизденбеген ақуыздардың шіруі
*+Ішекте ыдырамаған көмірсулардың ашуы
#550
*! Ішек тітіркену синдромы кезінде аталған симптомдардың қайсысы барынша кездеседі?
*Ауамен кекіру
*Эпигастри аймағында ауырлық
*артқы өтісте күйдіргіш ауыру сезімі
*Белдемелі ұстама тәрізді ауру сезімі
*+Иррадияциясыз ішек аймағында сыздаған ауыру сезімі
#551
*! Ішек тітркену синдромы кезінде диарея сипаты?
*Майлы, сасық нәжіс
*Қанмен аралас нәжіс
*күні бойына көпрікті нәжіс қышқыл иіспен
*Жиі сұйық тәулігіне 1000мл асатын нәжіс
*+Әдетте танғы астан кейін аз мөлшерде болуы
#552
*! Аталғандардың ішінде псевдомембранозды колитте негізгі симптом болып табылады?
*Қызба
*Тері қышынуы
*Сұр майлы нәжіс
*Желіңген тамақпен құсу
*+Көп сулы диарея
#553
*!Аталғандардың ішінде қайсысы созылмалы панкретатит патогенезінің негізгі кезеңі болып есептеледі:
*Одди сфинктері атониясы
*Гастро-эзофагеальді рефлюкс
*Тоқ ішек дискинезиясы
*Ішекте сіңірілудің бұзылуы
*+12 елі ішекте қысымның жоғарылауы
#554
*!Аталған әдістердің қайсысы ұйқы безі патологиясы диагностикасында қолданылады:
*Тәуліктік рН-метрия
*Ректороманоскопия
*Экскреторлы урография
*Селективті коронароангиография
*+Ретроградты панкреатохолангиография
#555
*!Аталғандардың қайсысы ұйқы безі сөлі құрамына кіреді:
*+Амилаза
*Инсулин
*Брадикинин
*Интерлейкин
*Альдостерон
#556
*!Аталғандардың қайсысы біріншілік панкреатит үшін этиологиялық фактор болады:
*Темекі тарту
*+Алкоголизм
*Цитостатиктер
*Астенизация
*Гиподинамия
#557
*!Аталғандардың ішінде ішкі секреторлы жетіспеушілікпен жүретін созылмалы панкреатит емінде қолданылатын дәріні көрсетіңіз:
*Креон
*+Инсулин
*Аллохол
*Алмагель
*Контрикал
#558
*!Аталған дәрілердің ішінде қайсысы созылмалы панкреатит өршуі кезінде гиперферментемияны бейтараптау үшін қолданылады?
*Креон
*Фестал
*Омепразол
*+Контрикал
*Панзинорм
#559
*!Аталған дәрілердің қайсысы ұйқы безі функциясын төмендетеді:
*Холеретиктер
*Седативті заттар
*Спазмолитиктер
*+Антисекреторлы заттар
*Антиангиналды заттар
#560
*!Аталған симптомдардың қайсысы созылмалы панкреатит кезінде сыртқы секреторлы жетіспеушілік үшін тән:
*+Диарея
*Никтурия
*Дисфагия
*Артралгии
*Спленомегалия
#561
*!Аталған симптомдардың қайсысы созылмалы панкреатитке тән:
*Анемия
*Полиурия
*Аменорея
*+ Полифекалия
*Лейкоцитурия
#562
*!Аталған дәрілердің қайсысы сыртқы секреторлы жетіспеушілікпен жүретін созылмалы панкреатит кезінде тағайындалады:
*Баралгин
*Мотилиум
*+Панзинорм
*Омепразол
*Контрикал
#563
*!Аталған лабораторлы өзгерістердің қайсысы холестаз синдромына тән:
*+Сілтілі фосфатазаның жоғарылауы
*Сары судағы темірдің жоғарылауы
*Холестерин деңгейінің төмендеуі
*Трансаминаза деңгейінің жоғарылауы
*Миоглобин деңгейінің жоғарылауы
#564
*!Өт қабының жедел және созылмалы қабыну кезіндегі бастапқы алып келуші факторлар болып табылады?
*+өт іркілісі
*созылмалы гепатит
*созылмалы панкреатит
*аз қимыл козғалыс
*құрамында көп майлы диета
#565
*!Созылмалы холециститте негізгі зерттеу әдісі
*+УДЗ;
*эзофагодуоденоскопия;
*компьютерлі томография
* өт қабын контрастпен зерттеу
*эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография
#566
*!Созылмалы холециститте аталғандардың қайсысы негізгі клиникалық симптом болып табылады?
*метеоризм;
*сарғаю синдромы;
*+ауыру синдромы;
*асқазан ішек қан кету синдромы;
*мезенхимальды-клеткалық қабыну синдромы.
#567
*!Вирусты гепатита С кезінде қандай серологиялық маркер тән
*анти HBsAg IgM
*анти HBcAg IgG
*анти HBeAg IgM
*+анти HCV IgG
*анти HBsAgIgG
#568
*!Созылмалы гепатит кезінде геморрагиялар аталған қай синдромның көрінісі болып табылады:
*Цитолиз синдромының
*Холестаз синдромының
*Экскреция бұзылысының
*Мезенхимальді қабынудың
*+Бауырлық- жасушалық жетіспеушіліктің
#569
*!Аталған асқынулардың қайсысы бауыр циррозына тән:
*Фуникулярлы миелоз
*Анемиялық синдром
*+Гепаторенальді синдром
*Тыныстық жетіспеушілік
*Циркуляторлы – гипоксиялық синдром
#570
*!Аталған көріністердің қайсысы бауыр циррозының бауырдан тыс көріністеріне жатады:
*Гипертрихоз
*+Гинекомастия
*Рейно синдромы
*Лимфоаденопатия
*Гипохромды анемия
#571
*!Гепатит В маркерлерінің қайсысы қан сарысуында анықталмайды?
*HBsAg.
*+HBcAg.
*HBeAg
*Анти-HBeIgG
*Анти-HBeIgM
#572
*!Жалғыз синтезделетін орын бауыр болып табылады
*+Альбуминдерге;
*Альфа-глобулиндер;
*Бета-глобулиндер;
*Щелочной фосфатаза;
*Гаммаглутамилтранспептидаза
#573
*!Аталғандардың қайсысы вирусты гепатит С сипаттамасына кірмейді ?
*Бұл РНК-құрамды вирус
*6 генотип артық вирус анықталды
*+Дефектті РНК-құрамды вирус
*Флавивирус туыстастығына жатады
*Вирустың негізгі берілу жолы – парэнтеральды
#574
*!Аталған серологиялық маркерлердің қайсысы В вирусының белсенді репликация көрсеткіші болып табылады?
*Анти-HBs.
*+HBeAg.
*Анти-HBcIgG
*Анти-HBe
*НвsАg бауырда
#575
*!Көрсетілген стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың қайсысы барынша гепатотоксинді?
*Диклофенак натрия;
*+Индометацин;
*Ибупрофен;
*Аспирин;
*Напроксен
Ішкі аурулар. Гастроэнтерология* 2*59*3*
#576
*!Аталғандардың ішінде қайсы рентгенологиялық симптом асқазан ойық жарасына тән:
*+«табақша»
*«шағала»
*«пробойник»
*екілік контур
*«құм сағат»
#577
*!Гастроэзофагиальді рефлюксті ауру диагностикасында қай әдіс ЕҢ мәліметті болып табылады?
*Ирригоскопия
*Колоноскопия
*Асқазанды зондтау
* Холецистография
*+ Эзофагогастроскопия
#578
*!Аталған факторлардың қайсысы гастроэзофагиальді рефлюкстті ауру дамуының қосымша себебі болып табылады:
*Стрес
*+Семіздік
*Ашығу
*Арықтау
*Гиподинамия
#579
*!ГЭРА кезінде аталған қай аурумен ажырату диагностикасын жүргізеді?
*Созылмалы бронхит
*Созылмалы гастрит
*Аутоиммунды тиреоидит
*Омыртқа остеохондрозы
*+Жүректің ишемиялық ауруы
#580
*!Аталған жағдайлардың қайсысы ГЭРА асқынуы болып табылады:
*Лимфоаденопатия
*Жедел гастродуоденит
*Привратник стриктурасы
*+Өңештің пептикалық жарасы
*Гастро-дуоденальді рефлюкс
#581
*!Аталған аурулардың қайсысы дисфагия симптомдарымен бірге жүреді:
*+Склеродермия
*Созылмалы колит
*Созылмалыгастрит
*Созылмалы дуоденит
*Созылмалы панкреатит
#582
*!Ер кісі 42 жаста қыжылдауға, төс артында түйілу сезіміне, ұзақ уақыт қышқылмен кекіруге шағымданады. Қыжылдау, түйілу сезімі алмагель қабылдағаннан кейін айтарлықтай басылады. Темекі шегеді, алкоголь қабылдайды. Объективті: өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, АҚ 120/70 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Қан анализі мен ЭКГ- қалыпты.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*ЖИА, үдемелі стенокардия
*Созылмалы тассыз холецистит
*+Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
*НР –ассоциацияланған созылмалы гастрит
*Он екі елі шектің ойық жара ауруы
#583
*!Аутоиммунды гастритке тән:
*Дуодено-гастральді рефлюкс
*Helicobacter pylori табылуы
*Теміртапшылықты анемия дамуы
*Тұз қышқылы секрециясының жоғарылауы
*+Асқазанның кілегейінің астарлы жасушаларының бұзылысы
#584
*!Аталғандардың ішінде созылмалы атрофиялық емес гастритке тән нәрсені таңдаңыз:
*Асқазан эпителий атрофиясы
*Фундальді бөлігінің зақымдануы
*Асқазанның кардиальді бөлігінің стенозы
*Асқазанның секреторлы қызметінің төмендеуі
*+Асқазанның сектреторлы қызметінің жоғарылауы
#585
*!Ер кісі 59 жаста тамақтанғаннан кейін эпигастрий тұсында ауырлық сезімінің пайда болуына, жеген тамағымен кекіруге, бұлшықетінде әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, шашының түсуіне шағымданады.Объективті: терісі бозғылт, құрғақ. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімді. ЖҚА: эритроциттер 2,6х10№І/л, Нв 79г/л, түстік көрсеткіш 0,9. ФЭГДС: асқазан денесі аймағында шырышты қабат атрофиясы.
Аталғандардың қайсысы ЕҢ ықтимал диагноз?
*Созылмалыдуоденит
*Асқазанның ойық жара ауруы
*+Созылмалы аутоиммундыгастрит
*Созылмалы атрофиялық емес гастрит
*Алып гипертрофиялық гастрит
#586
*!Әйел 25 жаста тамақтанғаннан 1,5 сағаттан кейін және аш қарынға эпигастрий тұсында ауру сезімінің пайда болуына, ащы дәммен кекіруге, іш қатуға шағымданады. 6-7 айдан бері ауырады. Объективті: тілі ылғалды, түбінде ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімді. Қан анализі – қалыпты. ФЭГДС: асқазанның антральді аймағының гиперемиясы.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы дуоденит
*Созылмалы панкреатит
*Созылмалыхолецистит
*Асқазанның ойық жара ауруы
*+Созылмалы атрофиялық емес гастрит
#587
*!Әйел 32 жаста тамақтанғаннан кейін эпигастрий тұсында ауырлық сезіміне, жеген тамағымен кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, тұрақсыз үлкен дәрет, әлсіздің, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, құрғақ,ерін бұрыштарында «ауыздықтар».Тілі ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімді. Қанда: гиперхромды анемия. ФЭГДС: асқазан денесі, түбі аймақтарында атрофия ошақтары.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы дуоденит
*Созылмалы панкреатит
*Асқазанның ойық жара ауруы
*+Созылмалы аутоиммунды гастрит
*Созылмалы атрофиялық емес гастрит
#588
*!Ер кісі 32 жаста эпигастрий тұсында «аштық»және түнгі ауру сезіміне шағымданады, ауру сезімі тамақтанғаннан кейін басылады, сонымен қатар қыжылдауға, ащы дәммен кекіруге, іш қатуға шағымданады. Аталған шағымдар 2 жылдан бері мазалайды. Объективті: тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында оң жақта ауру сезімді. ФЭГДС: асқазанның антральді бқлігінің шырышты қабатының гиперемиясы.Биопсиялық материалдың цитологиялық зерттеуі және хеликобактерлік инфекцияға экспресс-уреаздық тест +.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Асқазанның ойық жара ауруы
*Реактивті рефлюкс - гастрит
*Созылмалы атрофиялық гастрит
*Созылмалы эозинофильді гастрит
*+Созылмалы атрофиялық емес гастрит
#589
*!Аталған жағдайдың қайсысында «шалпыл шуы» анықталатынын көрсетіңіз:
*Ойық жара тесілуі
*Ойық жара малигнизациясы
*Қалыпты жағдайда анықталады
*Асқазаннан қан кету
*+Асқазан қалтқысы стеноздануы
#590
*!Аталғандардың ішінен ойық жара ауруы асқынуын көрсетіңіз:
*Амилоидоз
*Тыртықтану
*Секвестрация
*Кальцификация
*+Стеноздану
#591
*!Ер кісі 40 жаста тамақтанғаннан бірнеше сағаттан соң, аш қарынға, түнде эпигастрий тұсында пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. 1,5 – 2 жалдан бері ауырады. Темекі шегеді. Об-ті: Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ 17 рет мин. Жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ 76 рет мин. АҚ 120/80 мм с.б.б.Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімді. Ұрғылау симптомы теріс.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+Созылмалы гастрит
*Созылмалы панкреатит
*Созылмалы холецистит
*Өт шығару жолдары дискинезиясы
*Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
#592
*!Аталған симптомдардың қайсысы асқазан диспепсиясына жатады:
*+Қыжылдау
*Метеоризм
*Арықтау
*Іште құрылдау
*Тұрақсыз үлкен дәрет
#593
*!Ер кісі 40 жаста тамақтан кейін ұзақ уақыт төс артында пайда болатын, алға еңкейгенде күшейетін күйдіру сезіміне, төс артында түйілу сезіміне, қыщқылмен кекіруге шағымданады. Объективті: Артық салмақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚ 130/80 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Төс артында «күйдіру»кезінде ЭКГ қалыпты.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*ЖИА, үдемелі стенокардия
*Созылмалы тассыз холецистит
*+Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
*НР – ассоциацияланған созылмалы гастрит
*Он екі елі ішектің ойық жара ауруы
#594
*! Аталған диагноздардың қайсысы шығарылған диагноз болып табылады?
*Крона ауруы
*Тоқ ішектің ісігі
*Ішек поллипозы
*Спецификалық емес жаралы колит
*+Ішек тітіркендіру синдромы
#595
*!Аталған дәрі-дәрмектердің ішінде қайсысы тітіркенген ішек синдромы кезінде жедел ауру сезімін басу үшін ЕҢ көрсетілген?
*Фестал
*+Бускопан
*Баралгин
*Промедол
*Метоклопрамид
#596
*!Аталған дәрі-дәрмектердің қайсысы тітіркенген ішек синдромы кезінде қолданылатын миотропты спазмолитиктерге жатады?
*Смекта
*Бисакодил
*+Мебеверин
*Мезим форте
*Метоклопрамид
#597
*!Әйел 55 жаста кейде іш кебуге, іш айналуға, үлкен дәретінің бұзылуына шағымданып келді. Аталған шағымдары бірнеше жылдан бері мазалайды.
Бұл жағдайда қайсы клиникалық синдром ің ықтимал?
*Цитолитикалық
*Сидеропениялық
*+Ішек диспепсиясы
*Асқазан диспепсиясы
*Функционалды диспепсия
#598
*! Қандай дәрілік препараттың іш қату түрінде жанама әсері бар?
*Антибиотиктер
*+Темір препараты
*Ферментті препараттар
*Өт қышқылының препараттары
*Магния сульфат препараты
#599
*! Аталған жағдайлардың қайсысында ирригоскопия қарсы көрсеткіш болып табылады?
*Арты өтіс аймағында ауыру сезімі
*нәжіс бұзылыс іш қату, іш өту
*+Анальды каналдың жедел жарығы
*Артқы өтістен шырыш немесе ірің бөлінуі
*Сигма тәрізді және тік ішек ауруларына күдік
#600
*! Аталған симптомдардың қайсысы ішек тітіркендіру синдромы кезінде ең тән?
*Ауамен кекіру
*Қыжылдау кезінде төс артында ауыру сезімі
*Оң қабырға астында ауыру сезімі
*Тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрии аймағында ауыру сезімі
*+Ішектің толық емес босансу сезімі
#601
*! Ішек тітіркендіру синдромы мен созылмалы панкреатит арасында салыстырмалы диагностика мақсатында аталғандардың қайсысы маңызды:
*Анемия
*Лейкоцитоз
*трансаминаз жоғарылауы
*+Стеаторея, креаторея, амилорея
*Жасырын қанға нәжісті тексеруде оң нәтиже
#602
*! Функциональды сипаттағы диарея кезінде аталғандардың қайсысы жиі кездеседі?
*Анемия
*Лейкоцитурия
*Трансаминаз жоғарылауы
*Стеаторея, креаторея, амилорея
*+Қосымша вегетативті бұзылыстар
#603
*! Функциональды сипаттағы диарея кезінде дефикация жиілігін көрсетіңіз?
*+2-4 рет
*5 реттен көп
*10 реттен көп
*15 реттен көп
*маңызды емес
#604
*! Жасы ұлғайған қарт адамдарда ішек тітіркендіру синдромы іш қатуы кезінде ең тиімді препарат болып табылады?
*Смекта
*+Дюфалак
*Сены препараты
*Кастор майы
*Магнезии сульфат
#605
*! Ішек тітіркендіру синдромы кезінде нәжіс көлемін ұлғайтатын препарат ?
*Смекта
*Маалокс
*Бифиформ
*Мебеверин
*+Мукофальк
#606
*! Ішек тітіркендіру синдромы мен шгеморроидальды веналар кеңеу арасында салыстырмалы диагностика мақсатында аталғандардың қайсысы маңызды:
*Тромбоцитоз
*Лейкоцитурия
*Трансаминаз жоғарылауы
*+Дефекция соңында нәжісте қанның болуы
*Колоноскопия кезінде ісіктің анықталуы
#607
*! Ішек тітіркендіру синдромы метиоризмен болғанда ең тиімді препарат болып табылады?
*Лоперамид
*Макроголь
*Панкреатин
*Ранитидин
*+Симетикон
#608
*!Аталғандардың ішінде қайсысы созылмалы панкреатит кезінде ауру сезімінің себебі болуы мүмкін:
*Ішек дисбактериозы
*Ұйқы безі капсуласының спазмы
*Өткізгіштік жол жүйесінде қысымның төмендеуі
*Асқазанның арнайы бездерінің жоғалуы
*+Ұйқы безі капсуласының созылуы
#609
*!Аталғандардың ішінде қайсысы бауыр асты сарғаюдың ең ықтимал себебі:
*Созылмалы гастродуоденит
*Дуодено-гастральді рефлюкс
*Созылмалы вирусты гепатит
*Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
*+Таспен бауыр іші және сырты обтурациясы
#610
*!Аталған симптомдардың қайсысы созылмалы панкреатит кезінде ішкі секреторлы жетіспеушілік үшін тән:
*Гиперкалиемия
*+Гипергликемия
*Гиперферментемия
*Гипербилирубинемия
*Гиперхолестеринемия
#611
*!Аталған жағдайлардың қайсысы созылмалы панкреатит кезінде дамиды:
*Холедохолитиаз
*Дуодено-гастральді рефлюкс
*Гастро-эзофагиальді рефлюкс
*Тітіркенген ішек синдромы
*+Ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігі
#612
*!Ер кісі 39 жаста жиі көп мөлшерде майлы үлкен дәреттің болуына, іш кебуге, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Алкогольді көп ішеді, 10 жылдан бері ауырады. Объективті: аз салмақты. Дене терісінде "рубин тамшылары", іші кепкен. Копрограммада – тамақ қалдықтары, бұлшықет талшықтары.
Қайсы болжам диагноз ЕҢ ықтимал:
*Созылмалы колит
*Созылмалы дуоденит
*Созылмалы холецистит
*+Созылмалы панкреатит
*Созылмалы рефлюкс-гастрит
#613
*!Әйел 55 жаста майлы тамақты тойып жегеннен кейін эпигастридің оң жағында ауру сезімі ұстамаларына, жүрек айну, кейде қыжылдауға шағымданады. 5 жыл бұрын өт тас ауруына байланысты холецистэктомия жасалған.Объективті: көзге көрінетін шырышты қабаты мен терісі субиктериялық. Пальпация кезінде кіндіктен жоғары орталық сызықтан оңға қарай ауру сезімі анықталады. Қанда: глютаматдегидрогеназа, аминотрансфераза белсенділігі жоғарылаған, жалпы билирубин-39 мкмоль/л. ФЭГДС: шырышты қабаты гиперемияланған және ісінген бола тұрып дуоденальді емізікше 1,2 см-ге дейін ұлғайған.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы холангит, өршуі
*+Постхолецистоэктомиялық синдром
*В типті созылмалы гастрит, өршуі
*Созылмалы дуоденит өршу сатысында
*Созылмалы холестатикалық гепатит, өршуі
#614
*!Емханаға 33 жастағы әйел қаралды, шағымдары майлы тамақтан кейін оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына, ауызында ашыған дәмнің болуы. Ауырғанына 5 жыл. Қарап тексергенде – тілі сары жабыңдымен қапталған, өт қапшығы проекциясында аздаған ауру сезімі бар.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай диагностика зерттеу әдістерін жүргізу қажет?
*Ректороманоскопия
*Экскреторлы урография
*Бүйрек, бүйрек үсті безі УДЗ
*Асқазан сөлінің Нр-метриясы
*+Бауыр және өт қабы УДЗ
#615
*!51 жастағы науқаста ұзақ уақыттан бері оң жақ қабырға астында кернеген ауру сезімі байқалады. Об-ті: пальпация кезінде өт қабы проекциясы нүктесінде ауру сезімі күшейеді. Холецистография: сопақ формада өт қабы ұлғайған , өттің бөлінуінің төмендеуімен.
Аталғандардың ішінде қайсы болжам диагноз ЕҢ ықтимал?
*Ішек дискинезиясы
*Созылмалы холангит
*Созылмалы аутоиммунды гепатит
*Созылмалы холестатикалық гепатит
*+Созылмалы тасты холецистит
#616
*!Төменде аталған синдромдардың қайсысы лактатдегидрогеназа ферментінің белсенділігінің жоғарлауы маркеры болып табылады?
*холестаз
*цитолитикалық
*геморрагиялық
*мезенхимальды -қабыну
*+бауыр- жасушалық жетіспеушілік
#617
*!Науқас 32 жаста, қуырылған майлы тағам қабылдағаннан кейін оң қабырға астында ауыру сезімін байқайды. Об-но: пальпациялағанда – өт қабының проекциясы нүктелерде ауыру сезімінің күшейуі. УДЗ: Өт қабы: қабырғасы қалендаған,өт қабында тастар.
Сіздің болжама диагнозыңыз ?
*Ішек дискинезиясы
*Созылмалы холангит
*Созылмалы аутоиммуннды гепатит
*Созылмалы холестатикалық гепатит
*+Созылмалы калькулезды холецистит
#618
*!Әйел 65 жаста майлы тамақты тойып жегеннен кейін эпигастридің ауру сезімі ұстамаларына, жүрек айну, кейде қыжылдауға шағымданады. 2 жыл бұрын өт тас ауруына байланысты холецистэктомия жасалған.Объективті: көзге көрінетін шырышты қабаты мен терісі субиктериялық. Пальпация кезінде кіндіктен жоғары орталық сызықтан оңға қарай ауру сезімі анықталады. Қанда: ЭТЖ26 мм.сағ, жалпы билирубин-39 мкмоль/л. ФЭГДС: шырышты қабаты гиперемияланған және ісінген бола тұрып дуоденальді емізікше 1,2 см-ге дейін ұлғайған.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы холангит, өршуі
*+Постхолецистоэктомиялық синдром
*В типті созылмалы гастрит, өршуі
*Созылмалы дуоденит өршу сатысында
*Созылмалы вирусты гепатит, өршуі
#619
*!Созылмалы холециститтің кардиалгиялық формасы төмендегі симптомдардың қайсысымен көрінеді?
*өкпенің төменгі бөліктеріндегі іркіліспен;
*артериялық қысымның төмендеуі;
*+синустық брадикардияның көрінуі;
*кеуденің артында «қанжармен сұққан» тәрізді аурудың пайда болуы ;
*акроцианозбен, перифериялық ісіктермен;
#620
*!Созылмалы холециститтің эзофагиалды формасы қандай симптомдармен көрінеді??
*диаремен;
*метеоризммен;
*+тұрақты қыжылдау;
*синустық брадикардияның көрінуі;
*кеуденің артында «қанжармен сұққан» тәрізді аурудың пайда болуы.
#621
*!Емханаға қаралуға 40 жастағы әйел майлы кәуаптан соң, оң жақ қабырға астының ауруына шағымданып келді:.
Қандай аурулармен дифференциальды диагностика жасау қажет?
*Созылмалы холецистит, өршуі.
*+Өт шығару жолдарының дискинезиясы
*Созылмалы гастрит, өршуі.
*Созылмалы панкреатит өршу сатысында.
*Созылмалы вирусты гепатит, өршуі.
#622
*!Жалпы тәжірибиелік дәрігерге қаралуға жүкті әйел оң жақ қабырға астының ауруына, температурасының көтерілуіне, өтпен құсуына шағымданып келді.
Науқасты зерттеуде қандай зерттеудің артықшылықтры бар?
*Холецистография;
*Дуоденальді зондтау;
*+УДЗ бауырдың, өт қабы;
*Билирубиннің деңгейін анықтау;
*Бактериологиялық өтті зерттеу.
#623
*!40 жастағы ер кісі жиі көп мөлшердегі майлы нәжіске, ішінің ісінуіне,салмағының төмендеуіне шағымданады. 10 жылдан бері ауырады. Объективті: тәбетінің төмендеген, іші ісінген. Капрограммада – тамақ қалдықтары, бұлшықет талшықтары, стеркобилиннің құрамының төмендеуі байқалады.
*Созылмалы холангит, өршуі.
*Өт шығару жолдарының дискинезиясы
*Созылмалы гастрит, өршуі.
*+Созылмалы панкреатит өршу сатысында.
*Созылмалы вирусты гепатит, өршуі
#624
*!47 жастағы ер кісі созылмалы гепатит С ауырады.
Аталған лабораторлық әдістердің қайсысы вирустың концентрациясын анықтау үшін қажет ?
*Вирусты генотиптеу
*Сапалық ПЦР әдісі
*Серологиялық ИФА әдісі
*Биохимиялық қан талдауы
*+Сандық ПЦР әдісі
#625
*!Бауырдың біріншілік билиарлы циррозы кезінде аталғандардың ішінде қайсысы арнайы тест болып табылады?
*LE-клеткалары
*Гипергаммаглобулинемия
*Тегіс салалы бұлшық етке антидене
*+Aнтимитохондриальды антидене (AМA)
*Бауырлық-панкреатикалық антигенге антидене (LP).
#626
*!Ер адам 43 жаста созылмалы гепатитпен, ИФА қан анализінде анықталды: HbsAg, HBeAg, HBсAbIgM, HBсAbIgG, ПЦР HBV анықталған.
Диагнозыныз?:
*Созылмалы гепатит D, репликация фазасы
*Созылмалы гепатит C, репликации фазасы
*Созылмалы гепатит G, репликации фазасы
*Созылмалы гепатит B, интеграции фазасы
*+Созылмалы гепатит B, репликации фазасы
#627
*!Созылмалы гепатит кезінде бауыр-жасушалық жетіспеушілікке тән лабораториялық өзгерістер:
*Қанда альбумин деңгейінің жоғарлауы
*+Қанда протромбин деңгейінің төмендеуі
*Амилаза концентрациясының қан плазмасында төмендеуі
*Сілтілі фосфотаза жоғарлауы
*Ферритиннің қан плазмасында жоғарлауы
#628
*!Аталған қайсы клиникалық жағдайда іркілген бауыр циррозы дамуы мүмкін:
*Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
*Тамырішілік гемолиз
*+Констриктивті перикардит
*Ұйқы безінің атрофиясы
*Жаралы колит
#629
*!Созылмалы гепатиттің бауыр циррозынан морфологиялық ерекшелігі не?
*Фиброз болмауы;
*Бауырдың бөліктік құрылымының бұзылысы;
*+Бауырдың бөліктік құрылымының сақталуы;
*Айқын емес припортальды фиброз;
*Әлсіз фиброз портопортальды септами.
#630
*!Гиперхолестеринемия аталған синдромның қайсысының маркеры болып табылады?
*+Холеститикалық;
*Цитолитикалық;
*Геморрагиялық;
*Мезенхимальды-қабыну;
*Бауыр жасушалық жетіспеушілік.
#631
*!Бауыр циррозының негізігі асқынуына жатпайды:
*+Холецистит;
*Бауырлық энцефалопатия;
*Гепатоцеллюлярлы карцинома;
*Гепаторенальды синдром;
*Өңештің варикозы кеңейген веналарының жыртылуы
#632
*!Біріншілік билиарлы цирроздың аталғандардың қайсысы ерте клиникалық белгісі болып табылады :
*Асцит
*Сарғаю
*+Тері қышуы
*Спленомегалия
*Веналардың варикозы кеңеюуі
#633
*!Бауыр цирроы мен созылмалы гепатиттің клиникалық ерекшелігі не?
*Цитолитикалық синдромның айқындылығы;
*Геморрагиялық синдромның айқындылығы;
*Портальды гипертензия синдромының болуы;
*+Портальды гипертензия синдромының болмауы;
*Мезенхимально-қабыну синдромының айқындылығы
#634
*!Бауырлық кома дамиды:
*Таралған фиброзда
*Айқын холестаз синдромы
*+Бауыр жасушаларының массивті некрозы
*Бауыр микроциркуляция бұзылысы
*Қосымша бауыр жеткіліксіздігі
Ішкі аурулар .Гастроэнтерология *3*38*2*
#635
*!Ер кісі 51 эпигастрий тұсында ауру сезімі, тамақтанғаннан соң эпигастрийде толу сезіміне, тез тойып қалу, кекіруге шағымданып келді. Аталған шағымдары соңғы жылда мазалайды.
Бұл жағдайда қайсы клиникалық синдром ең ықтимал?
*Мальабсорбция
*Холестатикалық
*Ішек диспепсиясы
*Ашу диспепсиясы
*+Асқазан диспепсиясы
#636
*!Емхнаға 29 жастағы әйел соңғы 2 айда мазалайтын қыжылға, шаымданып келді. Жүктілік 29-30 апта. Қан талдауы, ЭКГ қалыптыдан ауытқымаған, хеликобактер инфекциясына серологиялық тест теріс.
Аталғандардың қайсысы қыжылдың ықтимал себебі болады?
*Одди сфинктерінің атониясы
*Қышқылдықтың жоғарлауы
*Құрсақ ішілік қысымның төмендеуі
*+Құрсақ ішілік қысымның жоғарлауы
*Он екі елі ішектің қысымының төмендеуі
#637
*!Ер кісі 43 жаста төс артында ұзақ уақытқа созылатын және тамақтанған соң басылатын күйдіріп ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі соңғы 2 айдың көлемінде мазалайды. Төс артында күйдіріп ауру сезімі кезіндегі ЭКГ қалыпты.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?
*+ Эзофиброгастродуоденоскопия
*Эхокардиография (ЭхоКГ)
*Ұйқы безінің УЗД
*Дуоденальді зондтау
*Ретроградты холангиография
#638
*!Ер кісі 48 жаста, бірнеше айдан бері мазалайтын эпигастрий тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде ревматоидты артрит, сол бойынша метотрексат, преднизолон 40 мг қабылдайды. Қарап тексергенде: Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ 17 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 76 рет мин. АҚ 120/80 мм с.б.б.Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімді. Ұрғылау симптомы теріс. ФЭГДС: асқазанның пилорикалық аймағында ойық жаралы дефект.
Бұл жағдайда аталған факторлардың қайсысы асқазан ойық жарасының дамуына алып келуі мүмкін?
*Химиялық
*Алиментарлы
*Аутоиммунды
*Helicobacter pylori
*+Медикаментозды
#639
*!Ер кісі 40 жаста тамақтан кейін ұзақ уақыт төс артында пайда болатын, алға еңкейгенде күшейетін күйдіру сезіміне, төс артында түйілу сезіміне, қыщқылмен кекіруге шағымданады. Объективті: Артық салмақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚ 130/80 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Төс артында «күйдіру»кезінде ЭКГ қалыпты.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*ЖИА, үдемелі стенокардия
*Созылмалы тассыз холецистит
*+Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
*НР – ассоциацияланған созылмалы гастрит
*Он екі елі ішектің ойық жара ауруы
#640
*!Ер кісі 43 жаста төс артында ұзақ уақытқа созылатын және тамақтанған соң басылатын күйдіріп ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі соңғы 2 айдың көлемінде мазалайды. Төс артында күйдіріп ауру сезімі кезіндегі ЭКГ қалыпты.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?
*+Фиброгастродуоденоскопия
*Эхокардиография (ЭхоКГ)
*Ұйқы безінің УЗД
*Дуоденальді зондтау
*Ретроградты холангиография
#641
*!Әйел 25 жаста тамақтанғаннан кейін, түнде пайда болатын эпигатрий тұсында ауру сезіміне, кекіруге, іш қатуға шағымданады. Ұзақ уақыттан бері шағымданады, амбулаторлы созылмалы гастрит бойынша емделген. Объективті: тілі ылғалды, түбінде ақ жабындымен қапталған.
Созылмалы гастрит өршуін дәлелдеу үшін және хеликобактерлі инфекцияны анықтау үшін мынаны жүргізу қажет:
*Дуоденальді зондтау
*Жасырын қанға нәжіс анализі
*+Дәлдік биопсиямен ФЭГДС
*Асқазанның контрастты рентгенографиясы
*24-сағаттық асқазан іші рН-метриясы
#642
*!Ер кісі 29 жаста созылмалы гастритпен ауырады.ФЭГДС зерттеуінде: асқазанның антральді бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы. Биопсиялық материалдың ПТР-нда хеликобактерлік инфекция анықталды.
Осы жағдайда аталған терапияның қайсысы негізгі болып табылады?
*+Эрадикациялық
*Вирусқа қарсы
*Спазмолитикалық
*Гастропротективті
*Дезинтоксикациялық
#643
*!Ер кісі 26 жаста, бас айналуға, құлақта шуға, шөлдеуге, айқын әлсіздікке шағымданып келді.Анамнезінде ойық жара ауруы бар. Кешеден бері қара нәжіс байқады. Об-ті: тері жабындылары бозғылт, жабысқақ тер басқан.Пульс әлсіз толумен және кернеумен.АҚ 80/60 мм.с.б.б.ЖҚА: эритроциттер 2,9х1012/л, Нв – 90 г/л, түстік көрсеткіш 0,9, лейкоциттер9,0х109/л.
Бұл жағдайда аталғандардың ішінен ойық жара ауруының қайсы асқынуы дамыған:
*Пенетрация
*Перфорация
*+Қан кету
*Малигнизация
*Стеноздану
#644
*!Әйел 62 жаста эпигастрий тұсындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Жүйелі қызыл жегі ауруымен ауырады, күнделікті преднизолон 20 мг, плаквенил 400 мг қабылдайды. Қарап тексергенде: Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ 17 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 66 рет мин. АҚ 130/80 мм с.б.б.Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімді.Ұрғылау симптомы теріс.
Емдік тактиканы көрсетіңіз:
*Санаторлы-курортты ем
*В тобы витаминдерін тағайындау
*+ГКС дозасын азайты немесе тоқтату
*Орын басушы терапия тағайындау
*Эрадикациялық терапия тағайындау
#645
*!Әйел 62 жаста кейде қыжылдауға шағымданады. Аталған шағымы бірнеше айдан бері мазалайды. Ұзақ уақыттан бері артериалды гипертензияға байланысты кальций антогонистерін қабылдайды.ЭКГ-да – сол қарынша гипертрофиясы. ФЭГДС жасаудан бас тартты.
Сіздің дәрігерлік тактикаңыз:
*Үнемі антацидтер тағайындау
*+Кальций антогонистерін алмастыру
*Ұзақ уақыт прокинетиктер тағайындау
*Эрадикациялық терапия тағайындау
*Антисекреторлы терапия тағайындау
#646
*!Науқас 65 жаста 2 ай бұрын пайда болған өңеш арқылы тамақтың өтуінің қиындауы, аса салмақ тастауына, сұйықтықты және тағамды қолданғанда пайда болатын кенеттен болатын төс артындағы ауру сезімі, жөтел, цианоз бойынша дәрігерге шағымданып келді.
Науқаста қандай асқыну бар?
*эзофагит
*кардиоспазм
*Баррет өңеші
*өңештің дивертикулы
*+эзофаго- трахеалық жыланкөздің түзілуі
#647
*!Ер бала 15 жаста ЖТД іштің кебуіне, іштің қорылдауына, іш қатуға шағымданып келді. Төменде көрсетілгендердің ішінде ТІС кезінде жасөмпірімдерде ең жиі кездесетін белгілер қандай?
*Қыжылдау
*Тәбеттің жоғарлауы
*Метеоризмнің болмауы
*+Агрессивтілігі, тұйық мінездік
*Жоғары физикалық белсенділік
#648
*!Ер кісі 34 жаста сұйық нәжіске күніне 3-4 рет болатын, іштегі ынғайсыз сезімге, іштің кебуіне шағымданады. Айтылған шағымдар 4 ай мазалайды, жұмыс орнын ауыстырғаннан кейін. Лабораторлы-аспаптық зерттеу барысында қан, нәжіс анализдерде, сигмо және колоноскопияда ауытқулар анықталмаған. Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ең ықтимал?
*Өттас ауруы
*Созылмалы панкреатит
*Бейспецификалық жаралы колит
*12 елі ішектің ойық жарасы
*+Тітіркендірген ішек синдромы
#649
*!Іштегі ынғайсыз сезімі, іш қатуы бар 33 жастағы ер кісіде потенцияның төмендеуі дамыды. Зерттеуде ешқандай ауытқулар анықталмады. Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ең ықтимал?
*Крон ауруы
*Созылмалы простатит
*Созылмалы панкреатит
*Бейспецификалық жаралы колит
*+Тітіркендірген ішек синдромы
#650
*!Әйел 30 жаста іштегі ынғайсыз сезіміне, іш қатуы мен диарея алмасып отыруына шағымданады, менструалды циклдің бұзылысы дамыды. Зерттеуде ешқандай ауытқулар анықталмады. Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ең ықтимал?
*Крон ауруы
*Созылмалы панкреатит
*Созылмалы сальпингит
*Бейспецификалық жаралы колит
*+Тітіркендірген ішек синдромы
#651
*!50 жастағы ер кісіде қан аралас нәжісі, сол жақ мықын аймағындағы диаметрі 5см түзілісі бар. Сигматәрізді ішектің рагы деген күдік пайда болды. Болжама диагнозды төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы дәлелдейді?
*Кіші жамбас мүшелердің УДЗ
*Ректалды зерттеу
*+Биопсиямен колоноскопия
*Іш қуыстың мүшелердің УДЗ
*Нәжісті жасырын қанға зерттеу
#652
*!Әйел 24 жаста Іштің қатуы, іштегі ынғайсыз сезімі, дефекация кезінде шырыштың бөлуіне шағымданады. Жоғарыда айтылған шағымдар 3 ай мазалайды, стресспен байланыстырады. Лабораторлы-аспаптық зерттеудің нәтижелері: қанның, нәжістің анализдері – қалыпты. Колоноскопия – патологиясыз. Төменде көрсетілген диагноздардың ішінде ең ықтимал?
*Созылмалы холецистит
*Бейспецификалық жаралы колит
*Он екі елі ішектің ойық жарасы
*+Тітіркендірген ішек синдромы
*Созымалы атрофиялық емес гастрит
#653
*!Әйел 29 жаста амбулаторлы жағдайда тітіркендірген ішек синдромы ойынша ем алып жатыр. Әйелде көңіл күйі төмен, емі айқын емес нәтижемен. Төменде айтылған мамандардың ішінде қайсысы науқасқа кеңес?
*Онкологтың
*Хирургтың
*Кардиологтың
*+Психотерапевттің
*Колопроктологтың
#654
*!Ер кісі 50 жаста, 3 ай қан аралас нәжісі мазалайды. Оның алдында бір жыл бойы іш қатулар, сол жақ мықын аймақтағы ауру сезімі мазалады. Қарап тексергенде: қанағаттанарлық тамақтануы, өкпеде патологиясыз, ЖСЖ 76 рет минутына, АҚҚ 140/90 мм с.б.б.; тілі ылғалды, іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімді, осы жақта диаметрі 5см түзілісі бар, консистенциясы тығыз. Бауыры қабырға доғаның қырымен, ректалды зерттеуде патологиясыз. Төменде көрсетілген диагноздардың ішінде ең ықтимал?
*+Сигматәрізді ішектің рагы
*Созылмалы холецистит
*Бейспецификалық жаралы колит
*Он екі елі ішектің ойық жарасы
*Тітіркендірген ішек синдромы
#655
*!Әйел 28 жаста іштің қатуы, іштегі ынғайсыз сезімі, жұрек тұсындағы сыздап ауыратын ауру сезім, бұл барлығы 4 ай мазалайды. Зерттеуде: қанның анализдері, нәжістің анализдері қалыпты, ФЭГДС, колоноскопия, іш қуысындағы мүшелер УДЗ, ЭКГ, ЭХОКГ – патологиясыз. Төменде көрсетілген диагноздардың ішінде ең ықтимал?
*Ревматикалық миокардит
*Бейспецификалық жаралы колит
*Он екі елі ішектің ойық жарасы
*+Тітіркендірген ішек синдромы
*Гастроэзофагиалды рефлюксті ауру
#656
*!Әйелде 32 жаста күніне 3-4 рет болатын сұйық нәжіске, іштегі ынғайсыз сезімге, іштің кебуіне шағымданады. Тітіркендірген ішек синдромы анықталды. Осы жағдайда төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау Ең ықпал?
*+Лоперамид
*Лактулоза
*Панкреатин
*Омепразол
*Эссенциале
#657
*!Әйелде 30 жаста тітіркендірген ішек синдромы бар, ұйқыссыздық, айқын ипохондрия байқалады. Төменде көрсетілген препараттың қайсысын комплексті терапияда тағайындау қажет?
*Миорелаксант
*Кальций антагонисі
*Валериана препараты
*Селективті бета-блокатор
*+Үшциклдік антидепрессант
#658
*!Әйел 53 жаста емханаға жиі қан аралас құсуға, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып келді. Бауыр циррозы бойынша бақылауда тұрады; бұл жағдайының нашарлауы тойып тамақтанғаннан , алкоголь қабылдағаннан соң тәулік ішінде.Объективті: беті ісіңкі, тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, склералары сарғыш, қышыну іздері, дене масса индексі төмендеген. АҚ 90/50 мм.с.б.б., пульс 104 рет/мин. Іші «Бақа тәрізді» . Бауыры–қабырға доғасында, тығыз.
Науқаста қайсы ЕҢ ықтимал асқыну дамыған:
*Асқазан диспепсиясы
*Гиперспленизм синдромы
*Бауырлық энцефалопатия
*Гепаторенальді синдром
*+Өңеш венасынан қан кету
#659
*!51 жастағы науқаста ұзақ уақыттан бері оң жақ қабырға астында көбіне қуырылған, майлы тағам жегеннен кейін пайда болатын ауру сезімі байқалады, 39С температураның жоғарлауға шағымданады. Об-ті: пальпация кезінде өт қабы проекциясы нүктесінде ауру сезімі күшейеді. Өт қабы УДЗ: қабырғасының қалыңдауы, өт қабы қуысында өлшемі 2,5 және 3,0 см конкременттер бар.
Ең дұрыс емдеу әдісі қандай?
*антибиотиктер
*холеретиктер
*холекинетиктер
*+холецистоэктомия
*пероралді литолитикалық терапия
#660
*!Емханаға 33 жастағы әйел қаралды, шағымдары майлы тамақтан кейін оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына, ауызында ашыған дәмнің болуы. Ауырғанына 5 жыл. Қарап тексергенде – тілдің түбірі сары жабыңдымен қапталған, өт қапшығы проекциясында аздаған ауру сезімі бар.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай диагностика зерттеу әдістерін жүргізу қажет?
*Ректороманоскопия
*Экскреторлы урография
*Бүйрек, бүйрек үсті безі УДЗ
*Асқазан сөлінің Нр-метриясы
*+Бауыр және өт қабы УДЗ
#661
*!Әйел 52 жаста оң қабырға астында ауру сезіміне, дірілдеу, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, терісінің қышынуына шағымданады. 3 жыл бұрын- өт тас ауруына байланысты холецистэктомия болған. Об-ті: тері жамылғылары және склералары сарғыш, қышыну іздері. Бауыры қабырға доғасынан 5 см-ге шығып тұр, тығыз, шеті үшкірленген. Қан биохимиясы: қандағы билирубин – 63,8 мкмоль/л, холестерин - 7,9 ммоль/л, сілтілі фосфатаза - 8 мкмоль/л. Ретроградты холангиография: жалпы өт жолының обструкция белгісі.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы аутоиммунды гепатит
*Біріншілік билиарлы бауыр циррозы
*+Екіншілік билиарлы бауыр циррозы
*Постхолецистэктомиялық синдром
*Созылмалы тасты холангит
#662
*!Ер кісі 40 жаста жүрек айнуға, әлсіздікке, арықтауға шағымданады. Анамнезінде: тамырішілік есірткіні қолданған. Объективті: склералары иктериялық. Бауыры қабырға доғасы астынан 1 см-ге шығып тұр. Биохимиялық қан анализі: трансаминазалар, тура емес билирубиннің жоғарылауы.
Аталған диагностика әдістерінің қайсысы оң болуы ЕҢ ықтимал?
*+В және/немесе С вирусты гепатит маркерлері
*Біріңғай салалы бұлшықетке антиденелер
*Қанда альфа-фетопротеинді анықтау
*Сілтілі фосфатаза деңгейін анықтау
*Антимитохондриальді антиденелерді анықтау
#663
*!Әйел 52 жаста біріншілік билиарлы циррозы бар. Қарап тексергенде: сарғыштық, тері жабыңдыларының гиперпигментациясы, қасыған іздері, көптеген ксантомалары бар. Қанның биохимиялық анализінде – гипербилирубинемия.
Аталған препараттардың қайсысы таңдаулы болып табылады:
*+Урсофальк
*Ламивудин
*Омепразол
*Сульфасалазин
*Метоклопрамид
#664
*!Әйел 61 жаста ентігуге, әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, эпигастрий тұсында ауырлық сезіміне, ішінің кебуіне, соңғы аптада зәр бөлінуінің шектелуіне шағымданып келді.Бауыр циррозы бойынша бақылауда тұрады. Объективті: Склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема.Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 4-5 см-ге шығып тұр, тығыз, шеті үшкірленген. ЖҚА: Нв-118 г/л, тромб-194 мың. ЭТЖ-21 мм/сағ. Қан б/х: креатинин 152 мкмоль/л. ЖЗА: белок 0,099 г/л. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 450 мл, салыстырмалы тығыздығы1014–1020 аралығында.
Аталған асқынулардың қайсысы дамыған:
*Асқазандық диспепсия
*Гиперспленизм синдромы
*Бауырлық энцефалопатия
*+Гепаторенальді синдром
*Өңеш веналарынан қан кету
#665
*!Ер кісі 56 жаста жүрек айнуға, қан аралас құсуға, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, оң қабырға астында ауру сезіміне шағымданады. Бауыр циррозы бойынша бақылауда тұрады. Объективті: астеник, склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан шықпайды, тығыз. Спленомегалия. Қан анализінде: Нв-70 г/л, эритроциттер 3,9х1012/л, лейкоциттер – 4,1 х109 /л.
Аталған асқынулардың қайсысы осы науқаста дамыды?
*Асқазандық диспепсия
*Қақпа венасы тромбозы
*Гепаторенальді синдром
*Бауырлық энцефалопатия
*+Өңеш венасынан қан кету
#666
*!Әйел 74 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезімі,ауырлыққа, жүрек айну, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Аталған шағымдары 3 айдан бері мазалайды. ЖИА-мен ауырады, бір жыл бұрын миокардтың Q-инфарктын алған; антиангиналды, зәр айдағыш дәрілер қабылдайды. Қарап тексергенде: ортопноэ, өкпенің төменгі аймақтарында – бірен-саран крепитацияланған сырылдар, гепатомегалия, аяқ басында, балтырында ісінулер, пульс 88 рет мин, АҚ 130/80 мм с.б.б. Қан анализінде: гиперхолестеринемия, трансаминазалар жоғарылаған, В, С гепатит маркерлері теріс. ЭКГ: миокардта тыртықты өзгерістер.
Бауыр зақымдануының ең ықтимал себебін көрсетіңіз:
*Бауырдың уытты зақымдануы
*Созылмалы вирусты гепатит С
*Созылмалы вирусты гепатит В
*Сол қарыншалық жетіспеушілік
*+Оң қарыншалық жетіспеушілік
#667
*!Әйел 49 жаста үнемі жанына батып мазалайтын тері қышынуына шағымданады, қышыну түнгі уақытта және ваннадан кейін күшейеді, сонымен қатар тері құрғақтағына, дірілдеу, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздікке шағымданады. Ауру дебюті алақан терісінің қарауытуынан, тері қышынуынан басталған. Объективті: тері жамылғылары мен склерасы сарғыш, қышыну іздері, қабағында, шынтағында, алақанында ксантомалар, алақан гиперпигментациясы. Бауыры 2 см-ге ұлғайған, тығыз, шеті үшкірленген. ЖҚА: Нв 87 г/л, эритроциттер 3,0х10№І/л, тромбоциттер 90 мың. Биохимиялық қан анализі: қандағы билирубин – 63,8 мкмоль/л, холестерин - 7,9 ммоль/л, сілтілі фосфатаза - 8 мкмоль/л. Бауыр гистологиясы: өт жолдары пролиферациясы, септальді фиброз.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы вирусты гепатит
*Созылмалы аутоиммунды гепатит
*Екіншілік билиарлы бауыр циррозы
*Постхолецистэктомиялық синдром
*+Біріншілік билиарлы бауыр циррозы
#668
*!Ер кісі 55 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, тері қышынуына, терісінің құрғақтығына, арықтауға, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде ұзақ уақыт ішімдік ішкен. Объективті: беті ісіңкі, тері жамылғылары мен склерасы сарғыш, қышыну іздері, Дюпюитрен контрактурасы, дене массасы индексі төмендеген. Бауыры қабырға доғасынан 4 см-ге шығып тұр. Қан анализдерінде: лейкоцитоз, анемия, ГГТП белсенділігі жоғары. ФЭГДС: өңеш веналарының варикозды кеңеюі.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+Алкогольді бауыр циррозы
*Созылмалы вирусты гепатит
*Созылмалы алкогольді гепатит
*Біріншілік билиарлы бауыр циррозы
*Екіншілік билиарлы бауыр циррозы
#669
*!Әйел 33 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбетінің төмендеуі, тері қышынуы, кейде мұрыннан қан кетуге бір ай бойы шағымданады. Анамнезінде өкпе туберкулезі бойынша ем жүрген. Объективті: терісі және склерасы сарғыш, қышыну іздері. Бауыры қабырға доғасы астынан 5-6 см-ге шығып тұр, ауру сезімді.Аздаған спленомегалия. Қан анализдерінде: билирубин -118,6 мкмоль/л, АЛТ-2,8 мкмоль/л, тимол сынамасы-11 бірлік, сілтілі фосфатаза-9,3 мкмоль/л.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы гепатит
*+Дәрілік гепатит
*Аутоиммунды гепатит
*Билиарлы бауыр циррозы
*Жедел вирусты гепатит
#670
*!Әйел 46 жаста әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, арықтау, іш кебу, буындарында ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде жарақаттан кейін қан кұюлар болған. Объективті: склералары субиктериялық. Буындары – өзгеріссіз. Бауыры қабырға доғасы астынан 2 см-ге шығып тұр, ауру сезімді, шеті доғалданған.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Бауыр циррозы
*+Вирусты гепатит
*Ревматоидты артрит
*Аутоиммунды гепатит
*Созылмалы панкреатит
#671
*!Ер кісі 48 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, дірілдеуге, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке шағымданады. Об-ті: тері жамылғылары мен склералары сарғыш. Бауыры қабырға доғасынан 1 см-ге шығып тұр, тығыз, шеті үшкірленген. Спленомегалия. Қан анализінде: трансаминазалар, билирубин деңгейі жоғарылаған. Серологиялық диагностика: анти-НСV– оң. ПТР: НСV-РНК анықталды, гепотип 1b. ФЭГДС: өңеш веналарының варикозды кеңеюі.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+Вирусты бауыр циррозы
*Алкогольдібауыр циррозы
*Созылмалы вирусты гепатит
*Біріншілік билиарлы бауыр циррозы
*Екіншілік билиарлы бауыр циррозы
#672
*!Әйел 49 жаста оң қабырға астында ауырлық сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Ревматоидты артритпен ауырады, метотрексат 15 мг/аптасына, сульфасалазин 3г/тәулігіне қабылдайды. Объективті: склералары сарғыш. Бауыры қабырға доғасы астынан 2 см шығып тұр, тығыз, ауру сезімді. Қан анализдерінде трансаминазалар, тура емес билирубин деңгейі жоғарылаған.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+Дәрілік гепатит
*Аутоимунды гепатит
*Созылмалы вирусты гепатит
*Біріншілік билиарлы бауыр циррозы
*Екіншілік билиарлы бауыр циррозы
Достарыңызбен бөлісу: |