БҚО, Орал қаласы 24 тамыз 2015 ж. Ж. Молдағалиев көшесі, 19-үй, 105-бөлме сағ. 10-00



Дата25.02.2016
өлшемі73.43 Kb.
#21618
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсының қатысуға жіберу туралы хаттамасы

БҚО, Орал қаласы 24 тамыз 2015 ж.

Ж.Молдағалиев көшесі, 19-үй, 105-бөлме сағ. 10-00
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: комиссия төрағасы Айтуев Азамат Жұмабайұлы - Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Мұхамбетов Мұрат Құсманұлы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы, комиссия мүшелері: Ашенова Ранида Рафхатқызы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы бөлімінің басшысы, Рысқалиева Галина Сагидоллақызы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, Абдолов Асхат Аманболатович - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маманы; комиссия хатшысы Супығалиева Әсел Ахметқызы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маман-заңгері,мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға тапсырған өтінімдерді қарады.

Қатыспаған:жоқ.



ІІ. Конкурсқа қатысуға өтінімдерде көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігі жөнінде қорытындыларды берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат. Сарапшылар тартылған жоқ.

ІІІ. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімі:

1. «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі (ҚР, БҚО, Орал қ., Қ.Аманжолов көш., 133 үй, 22 пәт., 8 7112 513531) – 19 тамыз 2015 жылы сағат 11.15;

2. «БҚО Жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестігі (ҚР, БҚО, Орал қ., Жамбыл көш., 40 үй, п.13, тел. 8 702 11126 27)- 20 тамыз 2015 жылы сағат 16.30;

ашылды және мыналарды қамтиды:

«Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі - конкурсқа қатысуға өтінімнің тұпнұсқасы; сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің тізбесінің тұпнұсқасы, нотариалды куәландырылған Жарғының көшірмесі; Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; Салық төлеушісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2013 жылғы 9 қаңтардағы №3-15032 хаттың көшірмесі; еңбек кіапшасының көшірмесі; дипомның көшірмесі; біліктілігі туралы мәліметтердің тұпнұсқасы. Конкурстық өтінім 22 (жиырма екі бетте) бетте нөмірленген және тігілген. Аталған конкурстық өтініммен бірге №1 (7 бетте) лоттың техникалық ерекшелігі жалғанған.

«БҚО Жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестігі - конкурсқа қатысуға өтінімнің тұпнұсқасы; сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің тізбесінің тұпнұсқасы; Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2009 жылғы 2 ақпандағы №1 хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі; нотариалды куәландырылған Жарғының көшірмесі; біліктілігі туралы мәліметтердің тұпнұсқасы; жеке куәліктің көшірмелері; еңбек кітпашаның көшірмелері; диплом көшірмесі. Конкурстық өтінім 21 (жиырма бір) бетте нөмірленген және тігілген. Аталған конкурстық өтініммен бірге № 2 (8 бетте) лоттың техникалық ерекшелігі жалғанған.

IV. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілмейді: жоқ.

    V. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері.



    • 1 лот бойынша – «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі

    • 2 лот бойынша- «БҚО Жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестігі

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша шекті мәнді балл санын жинаған жобалық ұсыныстарды ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:

1. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін: «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, «БҚО Жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестігі;

2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін: жоқ.

3. Конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді "2015 жылғы «25» тамыз 17 сағ. 00 мин. қоса алғанда «БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-сі, 090000, БҚО, Орал қ., Ж.Молдағалиев көш., 19, 107а-бөлме, А.А.Супыгалиеваға береді.

4. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 2015 жылдың 25 тамыз 17 сағ. 30 мин. мына мекен-жай бойынша: «БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-сі, 090000, БҚО, Орал қ., Ж.Молдағалиев көш., 19, 105-бөлмеге белгіленсін.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберу туралы осы хаттаманың көірмесі

«Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, «БҚО Жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестіктеріне жіберілсін және осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің нтернет-ресурсына орналастырсын.

Осы шешімге дауыс бергендер:

Жақтаушы дауыс – 5. (А.Айтуев, М.Мұхамбетов, Р.Ашенова, Г.Рысқалиева, А.Абдолов)



Қарсы дауыс – жоқ.




_______________________Р.Ашенова'>____________________________А.Айтуев'>Комиссия төрағасы



____________________



А.Айтуев

Комиссия төрағасының орынбасары


_____________________


М.Мұхамбетов


Комиссия мүшелері:









_____________________

Р.Ашенова





_____________________

Г.Рысқалиева





_____________________

А.Абдолов


Хатшы:

_____________________


Ә.Супығалиева


Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық құжаттамада көзделетін критерийлері

Критерийлері

«Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі,

«БҚО Жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестігі

жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкестігі







ұсынылған жобаның ұйымның миссиясына (жарғылық мақсаттарына) сәйкестігі








ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі







тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері) болуы







жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны







әрбір іс-шара бойынша, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін шығыстар сметасының болуы







жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлердің болуы







жобаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі







жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі






әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы






     1) – 9) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия 0-ден бастап 5 балға дейін бағалайды;



     10) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия  0-ден бастап 5 балға дейін бағалайды.


Комиссия төрағасы



____________________



А.Айтуев

Комиссия төрағасының орынбасары


_____________________


М.Мұхамбетов


Комиссия мүшелері:









_____________________

Р.Ашенова




_____________________

Г.Рыскалиева





_____________________

А.Абдолов


Хатшы:

_____________________


Ә.Супығалиева


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет