Бодыкова алтынай танлановна



жүктеу 97.4 Kb.
Дата26.06.2016
өлшемі97.4 Kb.
Арал өңірінің экологиялық жағдайлары мен мәселелері

БОДЫКОВА АЛТЫНАЙ ТАНЛАНОВНА

Экономика магистрі,оқытушы

КОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне дәуірден бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын осы өлкеде орын алған экологиялық тоқырау бұзып жіберді. Соның салдарынан табиғат азғындап, шаруашылық кешеннің өнімділігі кеміді, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендеді. Әйтсе де Арал өңірінде қауырт өршіген экологиялық тоқыраудың пәті өткен ғасырдың соңғы он жылдығында бәсеңсіген соң ахуал біршама тұрақтанды. Осы жағымды процесті баянды ету мақсатында өңірде экологиялық жобалар жүзеге асырыла бастады. Солардың бірегейі Солтүстік Арал теңізін (САТ) Көкарал бөгеті арқылы бөлектеу мен Сырдария өзенінде оның құрамдық бөлігі болып табылатын «Ақлақ» су электрстансасын салу және Сырдарияның төменгі ағысында ирригация жүйесінің ірі тармақтарын жаңарту шаралары қолға алынды. Ендігі мәселе Арал өңірінде экологиялық ахуалдың бағытын бақылаудан шығармай басқару арқылы өлкенің табиғи қорларын тиімді пайдаланумен бірге оның потенциалын молайтуға қол жеткізу болмақ. Мәселені түбегейлі шешу үшін өңірде бұрыннан қалыптасқан табиғи процестер мен шаруашылық салаларының даму жолын және қазіргі күйін жан-жақты зерттеп, жаңа экологиялық жағдайға орай өрбіту бағытын айқындау мен басқарудың негізінде табиғи қорларды тиімді пайдаланудың негізін жасау қажет болып отыр. [13].

Бүгінгі таңда Арал теңізі әкелген трагедия жиырмасыншы ғасырдың ең ірі апатты жағдайларының бірі болып отыр. Қолдан жасалған жұмыстардың салдарынан 1976 жылдан бастап Арал теңізіне құятын Сырдария өзені тартылып қалуға дейін барды. Осыдан теңіздің терендігі 17 метрге дейін тайыздап, оның жағалауы 70-150 шақырымға дейін кейін шегініп кетті, суының тұздылығы 4-5 есеге дейін көбейіп, 1 литр судың құрамы 20-30 граммға дейін тұз құрайтын халге жетті.

Суы тартылып, кеуіп қалуға айналған аймақтан ұшқан тұз аспанға көтеріліп, оның зардабы тек жергілікті Арал өңірінде тұрған үш жарым миллиондай ғана халыққа емес, дүниенің түкпір-түкпіріне кеткенін ғалымдардың зерттеуі ашық көрсетуде. Жыл сайын осы 100 млн тоннаға дейін атмосфераға көтеріліп жатқан тұзда инженерлік жүйеге келтірілген егістік жерлерді айналымнан шығарып, табиғи шабындықгар мен жайылымдарды аздырып, бұл аймақтың негізгі күнкөрісі - ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге кері әсерін тигізуде. Ауа райының түбегейлі өзгеріп кету қаупі төнуде, бұл өсімдіктер мен жан-жануарлар әлеміне де кері өсер етіп, құрып кетуіне бет алдыруда. Бұл экологиялық апат Арал өңірі халқын босқынға ұшыратып, соңғы жиырма жылда мындаған адамның туып- өскен жерін тастап, көшіп кетуіне мәжбүр етті.

Қоршаған ортаны қорғауға қажетті дәрежеде назар аударылмайды, ал экологиялық зардаптарды жою оның алдын алудан әлдекайда қымбатқа түседі.

Соңғы жылдары елімізде табиғат қорғау қатынастарын үйлестіруде негізге алатын нормативтік актілер жасалып, қабылданды. Сөз жоқ, олар табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Шетел инвесторлары мен Қазақстан арасындағы жағдай нақтылана бастады. Мұнай мен газ, аса бағалы және басқа түсті металдардың, тағы басқа кең орындарын пайдалануға айқындық енгізуге талаптар жасалуда. Соған қарамастан, Қазақстан кезінде тоталитарлық үкімет жүйесі қалдырған экологиялық дағдарыстан толық шыға алмай отыр. Семей, Каспий маңы, Арал региондарындағы экологиялық зардаптар соның куәсі.

Сондықтан бұл өзекті мәселе - экологиялық проблемаларға жаңаша көзқарас, бұрынғылардан түбегейлі басқа табиғат пайдалануда жаңа идеология қажет;

-экологиялық проблемаларды шешудің альтернативті варианттары (құрылымдық қайта құру, экспорттық саясатты өзгерту, конверсия);

- аз қалдықты және ресурс сақтау технологиясын дамыту, технологиялық өзгерістер;

-тікелей табиғат қорғау шаралары (әр түрлі тазалағыштар, сүзгіштер құрылысын салу, қорғауда болатын территорияларды белгілеу, рекультивация, тағы басқалар). Аталған бағыттар экономикалық дамуды экологизациялау проблемаларын шешу, экономикалық өсудің тұрақты түрін қалыптастыру болып табылады.

Арал теңізінің келешегі мен бүгінгісі және ертеңі туралы көп айтылып, көп жазылды. Сондықтан да қазіргі кездегі өз шешімін таппай тұрған бірден –бір үлкен мәселе осы десек артық емес шығар. Қайтсек теңіз аумағының экологиясын жақсартамыз, суын молайтамыз деп адамзат баласы арпалысып-ақ жатыр. Өйткені Арал маңының ахуалы жыл санап қиындап барады. Аралдан ұшқан тұз соңғы кезде Солтүстік мұзды мұхитқа, енді бір шеті Пакистан мен Үндістан жеріне, Америка жағалауларына дейін жеткен. Ғалымдардың есебіне қарағанда Арал теңізінің суы тартылған табанынан жыл сайын 75-100 млн. тонна қатерлі тозаң көтеріледі екен . Бұл улы тұз тозаңы алдымен ауаны бүлдіріп барып жерге түседі. Демек, уланған тамақты ішіп-жеген, уланған ауамен дем алғандардың денсаулығы аман қалмайтыны анық.

Арал маңын мекендеген адамдар өкпе туберкулезі мен қылтамақ ауруларымен өте жиі ауырады. Ал балалар өлімі еліміздің басқа облыстарымен салыстырғанда 5-6 есе көп.

Қазіргі таңда Арал аймағында аурулардың түрлері көбейіп, халықтың жағдайы өмірге сай болмай тұр. Ауыз су мәселесі- ең басты проблема. Мүнда ауыз су өте тапшы. Ауыл түрғындарының 40%-і нен астамы мемлекеттік стандартқа жатпайтын суды ішуге мәжбүр. Ауыз суының тапшылығынан және оның нашарлай түсуінен Арал өңірінде іш ауруы мен сары ауру көбейген. Әсіресе Арал және Қазалы аудандары қасірет зардабын барынша қатты сезінуде. Себебі, олар апат аймағының ошағында өмір сүруде. Соңғы уақытта санитарлық –эпидемиялогиялық жағдай ушыға түсіп, осының салдарынан халықтың өлімі өсіп, керісінше бала туу кеми түсуде, өте қауіпті жұқпалы аурулардың өріс алуы алаңдаушылық туғызуда. 1999-2004 жылдары республикада көрініс берген 8 оба ауруының тең жартысы Арал аймағында тіркелген. Жаңа туған сәбилердің 7-8% бір жасқа жетпей шетінеп жатыр. Ал анимия ауруы бойынша Арал аймағы республикадағы алдыңғы қатарда тұр. [3].

Облыс тұрғындарының ерекше алаңдаушылығын туғызып отырған тағы бір күрделі мәселе- 40 жылдан бері пайдаланылып, бірақ оның табиғи ортаға келтірген зияны толық зерттелмеген - «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Теңіздің тартылып кеуіп қалуына Байқоңыр ғарыш айлағының да әсері бар екенін ғалымдарымыз дәлелдеп берді. Атап айтқанда, әрбір зымыран ғарышқа ұщқаннан кейін атмосфералық ауаның қалыпты режимі бұзылып, шаңды дауылдың болатынын өзіміз әрдайым көзбен көріп жүрміз. Қазір белгілі болып отырғандай, зымыранды ұшыратын отынның құрамындағы компоненттердің улылығы өте жоғары болғандықтан әр ұшқан сайын аспан әлемін және жер үсті кеңістігін қандай дәрежеде улайтынын болжаудың өзі қиын. Ұшқан зымыранның тірі табиғатқа қаншалықты зиянын тигізетінін түсіну үшін, мысалы «Пратон» зымыранының бірінші сатысының өзі атмосфераға жүз мың автомобильдің газына тең зиянды заттар қалдыратынын айтсақ жеткілікті. Соның салдарынан өсімдіктер мен жануарлар әлемі және өндірістік шаруашылық нысандары зардап шегеді, қалыпты режимін жоғалтады. Демек космодромға байланысты улы және радиоактивті материалдарды тасымалдаудың экономикалық және құқықтық мәселелерін түбегейлі шешетін мезгіл жетті деп санаймыз.

Егер Арал аймағындағы түрғындардың жегендері залалды заттар болса, ішкені уланған су болса, жұтқаны тұз болса, онда медициналық көмек дегеніне жетпейді. Сондықтан да экологиялық апатта қалған адамдарды емдеу емес, тажалды апаттан құтқару керек. Ал адамдарды құтқаруды бүгіннен бастап қолға алу қажет.

Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. [18].

1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның  негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Арал апатына себеп болған факторларға:

-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;

-жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау

-табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км2 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда. Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге мәжбүр болып отырған жағдайы бар.
1960 жылға дейін Арал аймағы қандай болды? Ол КСРО-ның құрлықтық көлдері ішінде төртінші орын алған. Аралдың су қорын толтыратын Орта Азияның екі ірі өзені-Әмудария және Сырдария еді. Олардың суы өте нәрлі, егістікке пайдалы болатын. Арал теңізінен жыл сайын 450 мың тонна бағалы балықтар ауланатын болған. Балықшылар қайығы мен жол қатынас кемелері теңіздің көркі еді. Арал теңізі сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды. Алпысыншы жылдардан бастап екі өзеннің суын егістікке пайдалану өлшеусіз, шамадан тыс қарқын алып, соның салдарынан теңіз суы тартыла бастады. Қазіргі уақытта олардың суы теңізге құймайды [1].

Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен көгалды аймақтары жоғала бастады. Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңдардың 13-ақ түрі қалды. Арал теңізінен балық мүлде ауланбайтын болды. Жер тұзданып, оның өнім беруі тоқтады. Бүкіл Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке айналдырды. Балалар ауру болып тууда.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның  біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

-Сібір өзендерін Қазақстанға бұру

-Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту

-Арал теңізін жартылай сақтап қалу

-Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу

-Жер асты суларын пайдалану

-Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры  - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы Жолдауы, www.president.kz. Сайты

2.Бекмаганбетов Р. «Экономико-экологические факторы и механизмы их развития в условиях рынка»// Экология. Устойчивое развитие№12, дек. 2004 г.

3.Кажымуратова А. «Влияние экологического фактора на уровень жизни населения в Республике Казахстан»// Саясат-Policy №7, 2007 г.

4.Айтуғанова З.Ш. « Экологиялық  қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003 ж.

5.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі  туралы » Заңы, 2008 жыл, 26 маусым.// Егемен Қазақстан газеті.



6.«Қала мен Дала» газеті, «Экологияның өзекті мәселелері» атты мақала, 2009 ж. 26 мамыр.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет