Бөж тақырыбы: юнеско бүкіл әлемдік мәдени байлықтары тізіміне енген ҚР аумағындағы мәдени және тарихи ескерткіштер


Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері



бет3/4
Дата14.03.2023
өлшемі1.02 Mb.
#470775
1   2   3   4
казак тылы софия

Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері.

Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері – Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан. 2008 жылдың 7 шілдесіне Квебекте (Канада) өткен Әлемдік Мұра Комитетінің 32-сессиясында қабылданған болатын. Нысан Қазақстанның далалық аймағында орналасқан жалпы ауданы 450344 га. құрайтын екі қорықтан тұрады: Қорғалжын қорығы және Наурызым қорығы. Нысан тұщы және ащы сулы екі өзендер тобын қамтып, солтүстіктегі Арктикаға және оңтүстіктегі Арал-Ертіс бассейніне құятын өзендердің су айырығы болып табылады. Сонымен қатар, жыл сайын Африка, Үндістан және Оңтүстік Еуропадан Батыс және Шығыс Сібірде орналасқан ұя салу орындарына миграциялайтын миллиондаған жыл құстары үшін маңызды аялдау жері болып есептеледі.

Қостөбе қалашығы.
Бұл нысан 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне алынса, 2017 жылы Қостөбе қалашығына республикалық дәрежедегі тарихи мәдени орын мәртебесі берілген болатын Қалашық орнына жүргізілген зерттеу жұмыстары оның VІ-ХІІ ғасырларға жататын археологиялық ескерткіш екенін дәлелдеді. Жазба деректерде Қостөбе қаласының атауы Жамұқат деп аталады. Сол дәуірден жазба мәлімет қалдырған тарихшы Нершахид қаланың аты бұқаралық Жамұқтың атымен аталғанын растайды. Жамұқ VІ ғасырда дәл осы қаланы салуға Бұқарадан арнайы келген жұмысшылардың басшысы болған екен. Ортағасырлық тарихшы Әл-Максиди жазбаларында Жамұқат және қабырғалы мешіттері мен базарлары бар қала ретінде сипаттайды. Шығыстанушы В.В. Бартольд бұған дейін Қостөбе қалашығына қатысты зерттеушілер келтірген мәліметті жоққа шығарып, оның Сырдарияда емес, Талас аңғарында жатқанын дәлелдейді. Шын мәнінде қаланың орналасуына қатысты ғалымдардың шатасуы бекер емес. Өйткені қаланың орналасуы әрі ондағы құрылыс нысандардың салынуы да сол дәуірдегі Суяб, Навакет, Ақбешім, Краснаяречка қалаларына ұқсас келеді. Аталған қалалардағы сәулетіндегі басты ерекшелік оның биік әрі ұзын қамал қоршауында болуын айтуға болады. Сондай қала рабад, шахристан, орталық бөлік сынды бөліністерден тұрған. Қостөбе қалашығының орнында өз заманында қаланың шаруашылық аумағы саналған орталық бөлігі жеткен. Биік етіп қаланған қабырғалармен қоршалған өлшемі 460х375 метр болатын аумақ Жамұқат қаласының сауда-саттық, шаруашылық бөлігі болғандығын зерттеушілер де растап отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет