Бөж тақырып: Іскерлік (бизнес) философиясы Орындаған: Абдилат Ә,Мақажан а топ: ппп-011 ф қабылдаған: Шадинова г жоспар



бет2/3
Дата22.10.2022
өлшемі70.26 Kb.
#463255
1   2   3
БӨЖ философия

II.Негізгі бөлім
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол — өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Бизнес немесе кәсіпкерлік дегеніміз- адамның өзінің ойын іске асыру арқылы пайда табуға бағытталған іс-әрекетті мен амалы.Бірақта кезкелген іс-әрекетті бизнес немесе кәсіпкерлік ретінде қарастыруға болмайды. Мысалы, заңға қайшы және қоғам (басқа адамдарға) мен қоршаған ортаға зиян мен залал келтіретін іс әрекеттер (ұрлық, алаяқтық, алдау және тағы басқа).Сонымен қатар, біреуге жолданып жұмыс істеу немесе біреудің тапсырмасымен іс-әрекет қылуды да бизнес реттінде қарастыруға болмайды.
Сондықтанда бизнестің (кәсіпкерліктің) тек өзіне ғана сай белгілері бар. Олар:
Біріншіден — кезкелген бизнестің мақсаты, ол пайда табу;
Екіншіден — кезкелген бизнес тәуекелге (риск) бару болып табылады;
Үшінщіден — бизнес әрқашанда ақша салумен байланысты;
Төртіншіден — бизнес жаңашылдықпен байланысты (яғни жаңа тауар сату немесе нарықты жаңа қызмет түрін ұсыну);
Бесіншіден, бизнес ол әрқашанда жауапкершілік (яғни, қарыз алсаңыз қарыз берушінің алдындағы жауапкешілік, тауар сатсаңыз тауардың сапасына байланысты жауапкершілігіңіз және тағы басқа);
Алтыншыдан, экономикалық тәуелсіздік (яғни бизнесті жүргізушінің тауар мен қызметі сату мен алуда біруге тәуелді емес).
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Бизнес-үдерістерді басқару кезінде компания бір қадам артқа қарай жacaйды және бapлық осы үдерістерді тұтастай және жекe қapaйды. Ол ағымдағы жағдaйды талдайды және неғұрлым тиімді және нәтижелі ұйым құру үшін жетілдірy бaғыттарын aнықтaйды.Бизнeс-процecc - бұл нaқты мақсатқа жету үшін мүдделі тараптар тобы орындайтын бірқатар қaдамдap болып табылады. Бизнec - үдерістің әрбір қадамы қатысушыға тағайындалған міндетті білдіреді. Бұл бизнec-процестерді басқару, процестерді автоматтандыру және т. б. сияқты бірнеше бaйланысты идеялap үшін іргелі құрылыс блогы. Бизнес-үдерістердің маңыздылығы біздің көзқарас бойынша бірнеше топтарға бөлінеді.
Бизнес-үдерістің қажеттілігі мен артықшылықтары ірі ұйымдарда айқын келеді. Процесс кез келген бизнес үшін өмір жолын қалыптастырады және оған қызметтің жекелеген түрлерін оңтайландыруға және ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуге көмектеседі. Біз қарастырып жатқан бизнес-процестің 3 фазасы бар. Кейбір негізгі себептерінің бар-жоғын анық белгілеу ушін, бизнес-процестерді қарастыру мақсатында қолданылатын талаптар:
- Сіздің ipi бизнес мақсаттарыңыз үшін қандай міндеттер маңызды екенін анықтаңыз.
- Тиімділігін арттыру үшін оларды реттеу.
- Нақты міндеттерді орындау үшін адамдар / функциялар / бөлімдер арасындағы коммуникацияны оңтайландыру.
- Ресурстарды тиімді пайдалану және есеп берушілікті қамтамасыз ету үшін орынды болып табылатын тұжырымдардың иерархиясын орнату.
- Сіздің күнделікті операцияларға жорамалданады хаос ұстану.
- Сіздің бизнесіңіз үшін шынымен маңызды міндеттерді орындау үшін процедуралар жиынтығын стандарттау.
Бизнес -Процестерді басқару маңыздылығына тоқталсақ, олар ұйымдаспаған және жүйесіз қалған кезде, жүйесіз бизнес- процестер хаосқа әкелуі мүмкін. Жеке деңгейде адамдар процестің тек бір бөлігін ғана көреді, және ол басталады және аяқталады, онда процестің барлық әсерлерін өте аз сканерлейді және көре алады, қажетті негізгі деректер, және әлеуетті тар орындар мен тиімсіз жатқан жерде. Басқарылмайтын, хаотикалық процестер бизнеске зиян келтіреді және осы сценарийлердің біріне немесе бірнешеуіне әкеледі:
- Жұмсалған уақыт
- Көп қателер
- Ұлғайту кінәлілігі
- Деректердің болмауы
- Деморализацияланған қызметкерлер
- Ұйымның бизнес-процестерін басқаруды қолдана отырып, өз процестерін жақсарта алады және операциялардың барлық аспектілерін сақтай алады оңтайлы жұмыс істейді.
амыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан –жақты дамыту болып табылады.Олардағы кәсіпорындардын жалпы соның ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80 –нен 90 % дейіңгі мөлшерде қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімің 50% -не жуығын елдердің қамтамасыз етіп отыр.
Шағын кәсіпорындар шаруашылықта жүргізудегі икемділігі ғылыми – техникалық прогретін негізгі бір қозғаушы күшінің айналуы.
Мысалы: Жапондық мамандардын есептеуінше екінші дүние жүзілік соғыстан кейіңгі кезенде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден -бір себепші болған нәрсе шағын кәсіпкерлікті дамыту.
Тұрақты экономикалық жүйеде шағыын кәсіпкерлік динамикалық түрде дамуы мүмкін:

  • тұтынушылардың сұранысының өзгерісіне тез бейімделе алады

  • бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді

  • жаңа жұмыс орындарын ашады

  • жаңа кәсіпкерлік тап пне меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды

  • елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен қаржы салаларын береді

Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай басым рөл атқарады;

  • Сауда

  • Автосервис

  • Құрылыс

  • Қызмет көрсету салалары

Қазір шағын кәсіпорындар жоғары техналогиялық, химялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет ,инфарматика, телекомуникация салаларына әр тараптандырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.
Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алды. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады.
Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес – бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салдарда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.
Ғылыми қауымдастық және iскерлiк әлем кәсiби бизнесмендер iскерлiк операцияларды жүргiзуде сондай-ақ, «қоғам алдында корпорациялық жауапкершiлiктер», «Әдептiлiк сана сезiм» қажеттiгiн жетiлдiру туралы келiсiмге келдi. 1980 жылдар басында АҚШ-та бизнес мектебiнiң көпшiлiгi сонымен бiрге кейбiр университеттер өздерiнiң оқу бағдарламасында әдеп бизнесiн өткiзедi. Бизнес этикасында бизнестiң мораль мәселелерiнiң 3 негiзгi әдiсi бар. Үш негiзгi жолдамаға тiрелетiн утилитаризм, деонтикалық әдеп, және «әдiлеттiлiк әдебi». Америка ғалымдары М. Валаскес, Дж. Ролза, Л. Нэш еңбектерiңде көрсетiлген. Қазiргi уақытта бизнес әдебiнiң курсына Ресей және Қазақстан оқу орындарының кейбiр оқу жоспарына кiредi.
Бизнес әдебiнде ең негiзгi лауазымдардың бiрi болып утилитаризм тұжырымдамасы табылады. Моральды ақталған болып соңында ең аз пайдалы тиiмдiлiкке әкелетiн әрекет табылады.
Барлық мүмкiн болатын iс-әрекет нұсқалары негiзiнде табыс пен шығын түрiнде жағымды не негативтi тиiмдiлiгiн ескеру қажет, сондай-ақ оның салдарын болжау, оның iшiнде әрбiр жалған нәтижелерiн теориялық утилитаризм ережесiн қолдану, толыққанды мәселелерiмен байланысты, оның қатарындағы ең негiзгiсi «қоғамдық пайданы» толығымен анықтау қажеттiлiгi. Кейбiр жағдайда табыс пен шығын өлшемге берiлмейдi. Көп жағдайда табыс пен шығын мөлшерiн болжау, сондай-ақ оларды сан жағынан бағалау мүмкiндiгi болмайды.
Сонымен өте белгiлi фундаментальдi ғылыми зерттеулердiң табысы мен шығысын анықтау мүмкiн емес.
Теориялық нормалар утилитаризмiнiң жағдайларын келесi принциптермен көрсетуге болады:
1) әдеп көз қарасы жағынан қандай болмасын акция заңды, тек қана мораль нормаларының реализациясының қажеттiлiгi болған жағдайда ғана;
2) мораль нормасы түзу тек қана, онымен жүретiн табыс, альтернативтi норманы қадағалау нәтижесiндегi жалпы табысынан гөрi жоғары көрсеткiштi болса.
Iскер өмiрдiң мәселерiне басқа тұрғыдан қарау деонтикалық әдептi және борыштық әдептi ұсынады. Осы тұрғыда түсiнiк орталығы құқық болып табылады. Бұл түсiнiктi кез-келген бизнесмен кездестiредi. «Құқық» терминi адамның кез-келген нәрсеге қарым-қатынаста моральдi түрде қолдануы. Индивид кез-келген адаммен немесе нақты бейнемен қарым - қатынас жасағанда қандай да бiр құқықтарды игередi.
Моральдi құқықтың 3 ерекшклiгi бар. Олар: жауапкершiлiкпен, автономды және тең құқықты мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн мақсатты таңдауды, iс-әрекеттiң және қамқорлық жасаудың немесе басқа адамдарға көмектесумен байланысты.
Утилитарлық тұрғы және моральдық құқықтық позициялық тұрғының арасындағы басты екi айырмашылықты бөлiп қарауға болады. Моральдiк құқық моральдiк талаптардың бейнесi болып табылады, ал утилитарлық моральдiк нормалар мәнi бойынша ұжымдық болып табылады да, онда нормативтiк базалар қоғамдық пайдалы және сапалы факторлар ретiнде бейнеленедi.
Бизнес этикасы келесi категориялық императивтi құрастырады: «адамгершiлiк мақсат ретiнде өзiне немесе басқа адамдарға тек бiр құрал ретiнде қарастырылсын» Кант өз еңбектерiнде жауапкершiлiк заңдылықтарын этикалық шешiмдердi барлық адамдарға тән рационалистiк этиканы қалыптастыра отырып қарастырған. Iскерлiк өмiрдiң мәселелерiн 3 тұрғыдан қарастырғанда бизнес категориясына әдiлдiктi қолдануға талдау жасауымен байланысты. Утилитаризм этикасы және деонтикалық этиканың арасындағы айырмашылық «әдiлдiк этикасын» қолданумен айрықшаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет