Қорытынды:
Іскерлік – ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі.
Мұндай қадір-қасиетке ие адам (іскер адам) барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды, нышандарды байланыстарды, қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы нәрсені ала біледі. Іскерлікті іс үшін пайдалы олжаларды іздеп тауып, ұтымды пайдалану жолындағы белгілі бір психологиялық бағдар ретінде қарауға болады. Іскерлік кез келген қызметкер үшін, әсіресе, басшылар үшін құнды қасиет болып табылады. Іскерлік жақсы пысықталған, тиімді әлеуметтік технологияларды, ұжымдық еңбекті ұйымдастыру рәсімдері мен ережелерін шеберлікпен пайдалануға негізделеді. Басшының іскерлігі ұйымды басқаруға және қызметкерлерге басшылық жасауға іскерлікпен қарау қағидатын дәйектілікпен іске асыруды көздейді. Іс жүзінде басшының іскерлігі мақсаттарды, міндеттер мен тапсырмаларды дәл де нақты анықтаудан, тәсілдер мен құралдарды, межеленген міндеттерді шешуге, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетін барлық қажетті амалдарды дәл де нақты анықтаудан, межеленген іс-қимылдарды дәйектілікпен, сабырмен (у-шусыз, абыржымай) жүзеге асырудан, жұмыстың кез келген сатысында қызмет нәтижелерін мұқият бағалаудан және бақылаудан, өзінің және өзіне бағынышты адамдардың уақытын ұтымды пайдаланудан және нақты үнемдеуден (бұл әсіресе, іс бабындағы кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуге қатысты) көрініс табады.
Негізгі әдебиеттер:
Ғабитов Т. Философия. Оқулық. Алматы, «Заң әдебиеті», 2018.
Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 2- том, Орта ғасыр философиясы: оқулық. Алматы, 2018.- 400 б
Қ.А. Темірғалиева. А.Т. Бәкірова.Философия: оқу құралы. Алматы, 2016.
Рысқалиев Т.Х. Философия тарихы:оқулық. Алматы, 2015.
Алтаев Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Оқулық. Алматы, 2017.
Хрусталев Ю. М. Философия:учебник. 2015.
Тұрысжанова Р.К. Основы философии. Учебное псобие. Алматы, 2012.
Хасанов М., Петрова В. Ф. Введение в философию. Учебное пособие. Алматы, 2011.
Қосымша әдебиеттер:
1. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. Алматы, 2018.
2. Г.А. Шадинова, Г.Б. Көлеген Философия негіздері. Лекциялық жинақ. – Түркістан: Тұран. 2018.
3. А.И. Иваненко, А.В. Московский Философия: учебно-методическое пособие. Санкт-Петербург, 2015
WEB сайттар тізімі:
1.Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 1- том, Орта ғасыр философиясы. Астана, 2018.-408 б. http://rmebrk.kz/
2. Горелов А.А. Основы философии. Москва. 2013 http://rmebrk.kz/
Достарыңызбен бөлісу: |