БөЖ тапсырмалары 1-2 апта. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия пәні мен әдісі


-апта. Болмыс. Онтология және метафизика



бет3/4
Дата14.03.2023
өлшемі31.46 Kb.
#470772
1   2   3   4
Назок Философия

4-апта. Болмыс. Онтология және метафизика.
М. Хайдеггердің онтологиясының басты категориялары
Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды. Оның осы болмыс (Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы шығармаларында айтылатын адам еркіндігінің субъективті өздігімен тең қарауға болмайды. Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның көптеген идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда кең талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде Солтүстік Америка құрлығында оның ілесушілері көп болды.
Ол заманауи мода болған ұғымдардан – шындық, құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Ол өз идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға қарсы болды. Осы секілді жағдайлар ол туралы көптеген қате түсініктер туғызды. Әсіресе оның саяси ұстанымы мен жеке әрекеттері қоғамның, оқымыстылардың сын садағына көп ілікті.
Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жәй барболушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Әзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мәңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жәй ғана инструмент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс Хайдеггердің ойынша. Неміс ойшылының тіл туралы ілімі мүлде бөлек. Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тән нәрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нәрсе. Ол өз-өзін басқаратын нәрсе. Тіл субъект - объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік әлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді. Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс философтары Платоннан бастап болмыстың мәнін қате түсінумен болды. Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың түйіні болушы (Beings) ретіндегі жеке затты – субстанцияны және оның қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы – танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресіне көтерген артқы тиянақты тану болатын. Бірақ, философтар бұл болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен болды. Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар аударуға тиіс.
ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Хайдеггер батыстың философия тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық, герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггердің айтуынша, бүгінге дейінгі философия кестесі дүниені жалаң жағынан жалқы түсінуге негізделген, тоғыспалы толықтық пен жан-жақты қамту кем, яғни, философиялық жалаңдық метафизиканың негізгі белгісі болды.
Хайдеггердің ойынша, метафизиканың осылай жалаң түрде дүниені түсіндіруі қазіргі заман "технологиясында" шегіне жете көрініс тапты. "Технология" ұғымы мұнда "бейтарап тұрған, мақсатқа жеткізетін құрал" ғана емес, қайта біздің дүниені тануымызды өзгерткен нәрсе. Технология себебінен біз қасиетті қара жерді қолданылмалы мағынада түсіндік. Технологияның жаһандануына және оның табиғи байлықтарды тежемсіз пайдалануына қарап, Хайдеггер Технология бойынан қарсы тұру қиын жойқын қатерді көрді.
Хайдеггердің пікірінше, өнер қай-қашанда техниканың қарсы жағы есептелді. Әсіресе Гельдерлин өлеңдеріне сүйеніп, жалаң Технологиялық дүниемен байланысудан құтылудың жолын қарастырды. Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен құтылып, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология мәселесі дәл "Болмыстың мәні" мәселесі есептеледі.
Хайдеггер көптеген ойшылдарға ықпал етті. Олардың арасында Ганс Гадамер, Ханс Йонас , Эммануил Левинас , Ханна Арендт , Ксавье Зубири, Карл Левит , Морис Мерло-Понти , Жан-Поль Сартр, Жак Деррида , Мишель Фуко, Жан Люк Нанси , Филипп Лаку-Лабарт қатарлылар Хайдеггер шығармаларын зерттеумен арнайы шұғылданған болатын.
1934 жылы нацистер тағайындаған ректорлықтан бас тартып, нацизмнен бойын аулаққа салғанымен, бәрібір 1933 жылы мамырдан 1945 жылы мамырға дейін неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының мүшесі болуы оның атына үлкен кір келтірді. Оның өз сөзімен айтқанда бұл іс оның "өміріндегі ең сорақы ақымақтық" есептеледі. Оны ақтап сөйлеген Ханна Арендт секілді жақтастар оның нацистерді қолдауын "пенделік жеке қателік" ретінде философиясымен қатысы жоқ іс деп есептеді. Ал, оған сын айтқан Эммануил Левинас. және Карл Левит. секілді оқушылары болса Хайдеггердің нацизммен байланысын кешіруге болмайтын моралдық қателік ретінде бағалап, бұл оның идеясының шикілігін көрсетеді деп есептеді.
1950 жылдардан кейінгі шығармашылығында ол тіл мәселесіна барынша назар аударады. Ол тілдің жетіліп-кемелдеуіндегі тарихи алуан қайнарларын анықтап, метафизикалық жалаңдықтан сақтану ыңғайын қарастырды. Оның әйгілі нақылы — "Тіл - болмыстың үйі" сөзі әлемде кең тараған философиялық тіркестердің бірі есептеледі. Хайдеггер адамды дүниенің орталық тұлғасы деп есептемейді, ол төрткіл дүниемен байланыстар тізбегінде тұрған буын деп есептейді. Адам осынау төрткіл дүниедегі уақыттық байыздаушы қонақ ретінде жер шарын тізгіндеуге берілмей, оны аялауға мән беруі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет