Бойынша оқитын білімгерлерге арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешенін қҰрастыру және рәсімдеудің Әдістемелік нұСҚаулары смж қН 02/036 2012 тараз 2012



Дата07.07.2016
өлшемі312.91 Kb.
#183223



Қгруппа 5АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ





ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ











БЕКІТЕМІН







Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры







_________ Р.Амандосова







«___» ______ 2012ж.



ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ

БОЙЫНША ОҚИТЫН БІЛІМГЕРЛЕРГЕ

АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК

КЕШЕНІН ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ РӘСІМДЕУДІҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
СМЖ ҚН 02/036 – 2012


ТАРАЗ 2012
УДК (075.5):087.3
Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК). Әдістемелік нұсқаулар оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін қамтамасыз ететін оқытушыларға арналған.

ПОӘК құрамдары берілген және ПОӘК құрастыру барысында шешілетін міндеттер қарастырылған. Тараз, ТарМПИ, 2012, 14 бет



Құрастырғандар: Р.С. Амандосова, Ю.В. Дубский

Рецензенттер: п.ғ.д., профессор Т.К.Кенжебаев, п.ғ.к. К.Б.Сматова
ТарМПИ ғылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітілді

Хаттама №1, 15 қыркүйек 2012 ж.






Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 3 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1




Кіріспе
Оқытудың кредиттік технологиясы оқытушының жұмысын өзгертуді талап етеді, өзін-өзі әрдайым жетілдіріп отыру қажеттілігін тудырады, әсіресе білімгерлердің өзіндік жұмысының жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Оқытудың кредиттік технологиясында білім алушылардың мүддесі қарастырылады, олардың білім қажеттілігін қамтамасыз ету, оқытушылар арасында бәсекелестік тудыру, оқытудың әртүрлі әдістерін жетілдіру және қолдану, соның ішінде оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етілудің сапасын жақсарту болып табылады. Білім беру жүйесінде қоғамның әлеуметтік тапсырысын іске асыру оқу және оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) жасауды және енгізуді көздейді.

Білімгерлерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені (БПОӘК оқу-шығармашылық үрдісінің ұйымдастыру-әдістемелікпен қамтамасыз етілуінің негізі болып табылады. Пәндердің БПОӘК үздіксіз білім берудің барлық звенолары мен тармақтарын ақпараттық кеңістіктермен, ресурстармен қамтамасыз етуді нығайту және дамытудың негізгі факторы болып табылады.
Білімгерлерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешенінің

мақсаттары мен міндеттері
Білімгерлерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені (БПОӘК) - нақты бір курстың концепциясын анықтайтын құжаттар жиынтығы.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 5.03.007 – 2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Кәсіптік білім беру бағдарламалары» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мазмұнына және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастырылады.

ПОӘК-ң мақсаты – оқытылатын пәннің негізгі мазмұнын көрсету, бұл білім алушының пәнді таңдауын және осыған сәйкес оқу траекториясын жеңілдетеді.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) құрастыру және пайдалану келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

білім бағдарламасының логикалық пәнаралық байланысын

- жүзеге асыру;

- оқу уақытын сабақтардың тақырыптары мен түрлеріне қарай бөлу;




Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 4 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1


- аудиторияда және аудиториядан тыс білімгерлердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру;

- білімгерлердің танымдық және шығармашылық қызметін белсендіру;

- оқу және зерттеу үрдерісінің өзара байланысын қамтамасыз ету.


2. Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы
ПОӘК – оқу үдерісінің барлық аспектілерін реттейтін құжаттар жиынтығы. ПОӘК-ң әрбір құрамдас бөлігі белгіленген тәртіп бойынша қарастырылып, бекітіледі. Сондықтан ПОӘК толығымен бекітілмейді, кафедра мәжілісінде «Толық құрастырылған» немесе «Жартылай құрастырылған» деп белгіленеді.

Пәннің оқу-әдістемелік кешеніне мыналар енеді:

1. пәннің типтік оқу бағдарламасы (міндетті компоненттер пәндері үшін), оқу бағдарламасы (таңдау пәндері үшін);

2. оқытушыларға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (әдістемелік нұсқауды қараңыз);

3. білімгерлерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus) (әдістемелік нұсқауды қараңыз);

4. пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі;

5. лекциялық кешен (лекция тезистері, иллюстративтік және таратылым материалдары);

6. семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспары;

7. пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы;

8. типтік есептерді, есептік-графикалық, зертханалық және курстық жұмыстарды т.б. орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар;

9. Білім алушының өзіндік жұмысының материалдары: үй жұмысының мәтіндер жинағы, әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылаудың материалдары, ағымдық жұмыстар түрі бойынша тапсырмалардың орындалуы, еңбек көлемі және әдебиеті көрсетілген рефераттар мен басқа үй тапсырмалары;

10. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикаларды өту туралы әдістемелік нұсқаулар, есеп құжаттарының формалары;

11. Білім алушылардың оқу бағасының жетістіктері және бақылау бойынша материалдары (жазбаша бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.);

12. Арнайы аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі.






Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 5 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1




3. Оқу-әдістемелік кешені бөлімдерінің мазмұны

1. Типтік оқу бағдарламасы міндетті компоненттер пәндерінің мазмұнын анықтайды.



Оқу бағдарламасы - мамандықтың жұмыс оқу жоспарында көрсетілген таңдау пәнінің мазмұнын анықтайтын ішкі қолданыстағы құжат. Оқу бағдарламасы 2007 жылғы 6 ақпандағы институттың ғылыми-әдістемелік кеңесі мәжілісінің №5 хаттамасымен бекітілген оқытушыларға арналған әдістемелік құралға сәйкес дайындалады және бекітіледі.

2. Оқытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасын сол пәнді оқытатын оқытушы дайындайды. Жұмыс оқу бағдарламасы 2005 жылғы 25 ақпандағы институттың ғылыми-әдістемелік кеңесі мәжілісінің №3 хаттамасымен бекітілген «Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы» әдістемелік нұсқауына сәйкес дайындалауы тиіс.

3. Білімгерлерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sillabus)

Жұмыс оқу бағдарламасы 2005 жылғы 25 ақпандағы институттың ғылыми-әдістемелік кеңесі мәжілісінің №3 хаттамасымен бекітілген «Білімгерлерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы» әдістемелік нұсқауына сәйкес дайындалауы тиіс.



  1. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі төменде берілген форма бойынша толтырылады:


Қазақ тілінде оқитын білім алушылар үшін «__________________» пәнінің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі




Оқулық және оқу құралының атауы

Білімгерлер контингенті

Бар (данамен)

Кітапхана-да

Оқу залында

кафедрада





































Орыс тілінде оқитын білім алушылар үшін «__________________» пәнінің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі




Оқулық және оқу құралының атауы

Білімгерлер контингенті

Бар (данамен)

Кітапхана-да

Оқу залында

кафедрада







































Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 6 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1






  1. Лекциялық кешен. Лекциялардың қысқаша конспектісі. Әрбір лекцияның тақырыбы, сұрақтардың тізімі және олардың қысқаша мазмұны көрсетілуі тиіс. Лекцияның мақсаттары мен міндеттері, негізгі және қосымша әдебиеттері көрсетіледі. Әрбір лекцияның көлемі 0,5 беттен аспауы керек.

Демонстрациялық (көрсетілім) және қосымша материалдардың кешеніне слайдтар, таратылым материалдары, иллюстрациялар, көрнекі құралдар, электрондық нұсқалар, видеофильмдер, оқытудың техникалық құралдарының кешені және т.б. жатады. Иллюстрациялардың мынадай түрлері бар: диаграммалар, графиктер, таблицалар (кестелер), карталар, сызулар, фотосуреттер, сюжеттік суреттер және т.б.

6. Оқытушы әрбір тақырып бойынша семинарлық және зертханалық сабақтардың жоспарын, семинарлық сабақтардың тапсырмаларын, оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқауларды дайындайды. Әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

7. Пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқауда оқытудың әдістері, құралдары және формалары көрсетіледі.

8. «Тараз мемлекеттік педагогикалық институтындағы курстық жұмыс Ережесіне» сәйкес курстық жұмыс жүргізетін кафедра курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау дайындайды.

Әдістемелік нұсқауда курстық жұмысты орындаудың толық алгоритмі, жұмыстың міндеттері, жұмыстың әрбір бөлімінің және түсініктеме хатының көлемі мен мазмұны, ұсынылған әдебиеттер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі көрсетіледі. Түсініктеме хаты мен графикалық материалдарды рәсімдеу жұмыстары, әрбір бөлімнің еңбек сыйымдылығы көрсетілген жұмысты орындаудың календарлық графигі беріледі.

9. Білімгердің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқауларда («Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында білімгерлердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру туралы Ереже») БӨЖ түрлерін орындау бойынша қысқаша нұсқаулар беріледі (курстық жұмыс, эссе, реферат және т.б.).

10. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы практиканы өту жөніндегі әдістемелік нұсқауда практика бойынша тапсырмалар, оларды орындау әдістемесі, алған материалдарды практика барысында өңдеу, практика есебінің, сабақты талдаудың, сыныптың, оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесінің, тәрбие іс-шараларының схемасының үлгілері беріледі.

11. Білім алушылардың оқу бағасының жетістіктері және бақылау





Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 7 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1




бойынша материалдары. Жазбаша жұмыстардың қатарына реферат, курстық жұмыстар, бақылау жұмыстары жатады. Жазбаша жұмыстардың тақырыптары, оны орындау әдістемесі, білімгерлердің курс бойынша алған білімін өз бетінше тексеруге арналған тест сұрақтары беріледі. Тест материалдарымен қоса дұрыс жауаптар кілті, білімді бағалау критерийлері, аралық аттестация тапсыруға арналған емтихан сұрақтары беріледі. Емтихан сұрақтарының мазмұны пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек.

Лекция курсы бойынша мини-тест, карточкамен жұмыс, терминологиялық диктант, сонымен қатар екі рубеждік бақылау жүргізіледі.

Курсты оқу барысында сабақтың келесі түрлері қолданылады:


  • ұжымдық тренинг

Тренинг – білімгердің практикаға қажетті біліктер мен дағдыларды қолдана білуіне ықпал ететін әдістер мен тапсырмаларды қамтитын сабақ түрі.

  • карточкамен жұмыс

Бұл жұмысты білімгер жеке немесе «кіші топтар» орындайды және эвристикалық мәселелерді шешудегі немесе қандай да бір ситуацияны немесе концепцияны талдаудағы білімгердің мүмкіндігін анықтайды.

- бақылау жұмысы

Курстың бір немесе бірнеше тақырыптары бойынша жүргізіледі. Тақырыптың санына қарай оқытушы бақылау жұмысының уақытын белгілейді. Бақылау жұмысы, оның тақырыбы мен өткізетін уақыты туралы білімгерге алын-ала ескертіледі.


  • жеке тапсырма

Бұл тапсырма білімгерге жеке-жеке беріледі. Ол құжаттың, гипотезалар мен концепциялардың салыстырмалы талдау түрінде берілуі мүмкін. Білімгер тапсырманы оқытушы бекіткен мерзімде орындауы тиіс және ол орындалған тапсырманы оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс сабағында тапсырады.

  • тапсырманы қорғау

практикалық сабақта немесе ОЖБӨЖ (СРСП) тапсырманы ауызша немесе жазбаша түрде (ауызша түсініктеме береді) тапсырады. Тапсырманы ауызша қорғаған кезде басқа білімгерлердің талдауы қарастырылады..

  • ауызша сұрау

Жеке немесе топта әлеуметтану бойынша қандай да бір проблеманы талдау түрінде жүргізіледі.

  • коллоквиум



Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 8 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1


Жұмыстың бұл түрі курстың бір немесе бірнеше тақырыптары бойынша білімгерлердің алған білімін тексеру мақсатында әңгімелесу түрінде жүргізіледі. Коллоквиумның сұрақтары білімгерлерге алдын-ала беріледі.



  • конспект құрастыру

Жұмыстың бұл түрі практикалық сабақтарға немесе ОЖБӨЖ (СРСП) дайындалу барысында орындалады. Бұл жұмысты білімгер берілген материал бойынша қысқаша жазбаша түрде дайындайды.

  • глоссарий жүргізу

Глоссарий дегеніміз – терминдер мен түсініктердің сөздігі. Глоссарий жүргізу – білімгердің міндетті жұмысы болып табылады. Бұл жұмыс білімгердің тестке, бақылау жұмыстарына, коллоквиумге дайындалуына жеңілдік жасайды.

- ғылыми баяндама дайындау

Ғылыми баяндама дайындау үшін білімгерге тарихи ғылымның кішігірім проблемалары беріледі. Баяндау дегеніміз - практикалық сабақта проблемаларды қысқаша айту (5-7 минут), соңында бұл мәселені топпен бірге талқылау.


  • рефераттық жұмыс

Көлемі 3-5 бет болатын рефератты білімгер белгілі бір тақырып бойынша орындайды. Реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, кесте, сызба, суреттер түріндегі қосымшадан (қажет болған жағдайда) тұрады.

Білімгер рефератты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруы керек. Рефератты оқытушы тексеріп болғаннан кейін білімгер оны практикалық сабақта немесе ОЖБӨЖ (СРСП).



  • мини-тестер

Жұмыстың бұл түрін оқытушы білімгердің білімін тексеру мақсатында ескертусіз практикалық сабақтарда, лекция кезінде жүргізе алады.

Мини-тестер 5-8 сұрақтан тұрады, оны өткізуге 8-10 минут беріледі.



  • Терминологиялық диктант

Диктант практикалық сабақ барысында курстың бір немесе бірнеше тақырыптарының терминдері бойынша жүргізіледі. Білімгерге тақырыптар туралы алдын-ала ескертеді. Диктант жазбаша түрде өткізіледі.

12. Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалар тізімі төменде көрсетілген кесте бойынша толтырылады:






Ғимараттың, аудиторияның, кабинеттің, зертхананың №

Аудиторияның, кабинеттің, зертхананың атаулары












Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 9 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1




Оқу-әдістемелік кешенін техникалық рәсімдеуге қойылатын

жалпы талаптар
Бет форматы - А4.

Бет параметрлері: жоғарғы және төменгі шеті - 2 см, сол және оң жақ - 1,9 см; жоғарғы колонтитул - 1,25 см, төменгі - 1,5 см.

Негізгі мәтіннің шрифті және бетті номерлеу Times New Roman немесе Times New Roman KZ; шрифтің өлшемі - 11 кегль; азат жол - 0,8 см.

Теңестіру - формат бойынша; жоларалық интервал - бір.

Бетті номерлеу: шрифтің өлшемі - 10 кегль.




Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 10 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1





ПОӘК алғашқы бетінің үлгісі
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
____________________________________________________________

(пәннің атауы)
Кредит саны

Пән форматы

Оқытушының Т.А.Ә.

Кафедра


Мекен-жайы
Телефоны, электронды почтасы

қызметтік

үй

Т а р а з -2012



Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 11 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1





КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Қызметі

Аты-жөні, тегі

Қолы

Мерзімі

Келісілді:

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

Р.С.Амандосова



















Заңгер

Б.Н. Нұрматов



















СМЖ бөлімінің бастығы

К.А.Сасықбаева



















Әзірленді:

Оқу-әдістемелік басқармасының бастығы

Ю.В.Дубский











Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 12 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1




ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ПАРАҒЫ




Бөлім №

Парақ №

Енгізу күні

Негіздеме

Өзгерістер

Қолы

1

2

3

4

5

6

7



































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 13 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1




ТАНЫСУ ПАРАҒЫ



р/н

Аты-жөні, тегі (қызметі)

Қолы

1

2

3


















































































































































































































































































Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/036

ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік басқарма

14 беттің 14 беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011

Баспа 1. Дана №1




ТАРАТУ ПАРАҒЫ



р/н

Дана нөмірі

Берілген күні

Құрылымдық бөлім

Берілді

(Аты-жөні, тегі, қолы)

Алды

(Аты-жөні, тегі, қолы)

1

3

4

5

6

7



















































































































































































































































































































































































































































































































































































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет