Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы



Дата17.07.2016
өлшемі148.15 Kb.
#206365
Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын

балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың

схемасы мен тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына сәйкес Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 12-қосымшаларына сәйкес Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбi бекiтiлсiн.

2. Осы қауылының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсін.

3. Қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі Н.Рахымжанов

Аудан әкімдігінің

«___»_______2015 жылғы №____
қаулысына №1 қосымша



Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы



Б.Жаникешов интернаты

Ауылдың атауы

Балаларға арналған алаңшаның атауы

Баратын ауылдың атауы

Бисен ауылы

Б.Жаникешов интернаты

Жиекқұм ауылы

Жиекқұм ауылы

Т.Масин атындағы ОЖББМ-і алаңшасы

Көктерек ауылы

Көктерек ауылы

З.Жиеналиев атындағы бастауыш мектебі алаңшасы

Жамбыл ауылы

Жамбыл ауылы

Жамбыл бастауыш мектебі алаңшасы

Бисен ауылы

Маншүк Маметова интернаты

Ауылдың атауы

Балаларға арналған алаңшаның атауы

Баратын ауылдың атауы

Сайқын ауылы

М.Маметова интернаты

Шунгай ауылы

Шунгай ауылы

Шунгай бастауыш мектебі алаңшасы

Сайқын ауылы

Сайқын ауылы

М.Маметова интернаты

Мамбет ауылы

Мамбет ауылы

М.Маметова бастауыш мектебі алаңшасы

Жәрменке ауылы

Жәрменке ауылы

Жәрменке бастауыш мектебі алаңшасы

Сайқын ауылы

А.Құсайынов интернаты

Ауылдың атауы

Балаларға арналған алаңшаның атауы

Баратын ауылдың атауы

Мұратсай ауылы

А.Құсайынов интернаты

Тайғара ауылы

Тайғара ауылы

Тайқара бастауыш мектебі алаңшасы

Мұратсай ауылы

Мұратсай ауылы

А.Құсайынов интернаты

Әжен ауылы

Әжен ауылы

Әжен ауылдық алаңшасы

Мұратсай ауылы

Жәңгір хан интернаты

Ауылдың атауы

Балаларға арналған алаңшаның атауы

Баратын ауылдың атауы

Хан Ордасы ауылы

Жәңгір хан интернаты

Сейтқали ауылы

Сейтқали ауылы

Алғашық бастауыш мектебі алаңшасы

Хан Ордасы ауылы

Хан Ордасы ауылы

Жәңгір хан интернаты

Қарасу ауылы

Қарасу ауылы

Қарасу бастауыш мектебі алаңшасы

Үштерек ауылы

Үштерек ауылы

Үштерек бастауыш мектебі алаңшасы

Хан Ордасы ауылы



Аудан әкімдігінің

«___»_______2015 жылғы №____
қаулысына №2 қосымша


Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi

  1. Жалпы ережелер


      1. Бөкей ордасы ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртiбi (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес әзірленген. 
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

2. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

1) білім алушының /тәрбиеленушінің/ ата-анасы немесе заңды өкілінің баланы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына тегін тасымалдаумен қамтамасыз етуге арналған 1-қосымшасына сәйкес өтініші;

2) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі. Туу туралы куәліктің, жеке куәліктің түпнұсқасы көшірмемен салыстыру үшін беріледі және кейін қайтарылады.;

3) 2-қосымшаға сәйкес оқу орнынан анықтама.

3. Өтініштің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке куәлігі және оқу орнынан алынған анықтама аталған қызметті көрсетуге жауапты әкімдіктің әлеуметтік мәселеге жетекшілік ететін маманының кабинетіне тапсырылады.

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін 3-қосымшаға сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.

5. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының өзі немесе оның өкілі өтініш берген жағдайда (ресми куәландырылған тиісті құжаттар болған кезде) өтініш түскеннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң беріледі.

6. Мемлекеттік қызметті алушының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға бас тартуға негіз болады.
3. Жұмыс қағидаттары

7. Әкімдіктің қызметі:

1) Қазақстан Републикасының заңнамасын сақтау;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

3) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметті уақтылы ұсыну;

6) нақтылық және сыпайылық қағидаттарына негізделеді.




  1. Тасымалдаушыға және автокөлiк құралдарына тасымалдау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлігiнде қойылатын талаптар

8. Балаларды тасымалдау 2 аптада бір рет, балалардың оқуына кедергі келтірмейтін уақытта (сабақтан кейін) арнайы автобустармен жүргiзiледi.

9. Балаларды тасымалдау мынандай жағдайда ұйымдастырылады егер: aвтомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе; автомобиль жолдарының жай-күйi және олардың жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес болған жағдайда.

10. Балаларды тасымалдауға мынандай тасымалдаушылар жiберiледi: 

автомобиль көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiктiлiгi және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаты болғанда;

тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге құқықтық нормативтiк актiлер талаптарына сай келетiн және тиiстi тасымалдау түрiне жарамды көлiк құралдары бар.

11. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтiлген жол қозғалысының ережесiн өрескел бұзбаған.

12. Автобустарда жүк бөлiмiнен тыс жерлерде, жүк тасымалдауға жол берілмейді.

Автокөлiк құралдарын пайдалану тасымалдаушының мiндеттi азаматтық-құқықтық сақтандыру шарттарындағы жауапкершiлiктi орындаған жағдайда жүргiзiледi. Сондай-ақ мiндеттi сақтандыруға тасымалдаушының жолаушылар алдында жол жүру және жүк тасуға арналған автокөлiктi пайдалану барысында, олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлiктерiне залал келтiрмеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi жатады.

13. Балаларды тасымалдау осы тәртіптің талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.

14. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.

15. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы жүргізушілердің еңбек және демалысын ұйымдастыру қағидасының талаптарына сәйкес мынадай жағдайларды ескере отырып:

     ұзақтығы 12 сағатқа дейiн бiр жүргiзушiмен, 12 сағаттан жоғары екi жүргiзушiмен ұйымдастырады.


  1. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар


      16. Балаларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен көлiк құралдары жiберiледi. Бұл ретте автобустардың конструкциясы мен техникалық жағдайы тиiстi стандарттардың талаптарына сай болуы қажет. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен:
1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төртбұрыш айыратын белгiмен;

2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);

5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен;

8) санитарлық паспортымен жабдықталған болуы тиiс.

17. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы қажет:

      ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;

      жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
     берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;

     жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

     тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.

     Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс; шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары. Терезе ойығын ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30 %-дан артық жабуға тыйым салынады;

     жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.
      18. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластану шамасы бойынша жүргiзiледi.
     19. Сыртқы кузовты жуу аусымнан кейiн өткізіледі.

     20. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың алдында және артында «Балаларды тасымалдау» деген айырым белгiлерi мен сары түстi жарқылдауық шамдар орнатылады. Жазу шрифт биiктiгi кемiнде 120 миллиметр қара түспен ресімделеді және тiк төртбұрышты қоршамаға салынады.




  1. Балаларды тасымалдау тәртiбi

21. Балаларды тасымалдау техникалық жағдайы автомобиль көлiгi мен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарына жауап беретін, кемiнде екi есiгi бар автобустармен жүзеге асырылады.

22. Тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

23. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.


24. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

     25. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.


     26. Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
     27. Балаларды 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) тыйым салынады.

     Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.

      28. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.

      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

      29. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын; отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасуы тиiс.

30. Жергiлiктi атқарушы орган балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жастан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).

31. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға тыйым салынады:

     1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

     2) жүру маршрутын өзгертуге;

     3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;


     4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

     5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;


     6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.



7. Қорытынды

      32. Осы шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттелінеді.


«Шалғайдағы ауылдық елді
мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау» тәртібіне
1-қосымша

 

Өтініш үлгісі

 

Кенттің, ауылдың (селоның),


ауылдық
(селолық) округтің әкіміне
(өтініш берушінің аты-жөні)
тұратын мекенжайы, телефоны:
_____________________________

Өтініш

Сізден менің кәмелетке толмаған (Т.А.Ә. туған жылы), (елді мекеннің, ауданның атауын көрсету) тұратын және (жалпы білім беретін № мектептің толық атауы, сыныбында оқитын) баламды 20.. - 20.. (оқу жылын көрсету) оқу жылы жалпы білім беру ұйымына және үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз етуіңізді сұраймын.

Күні «___»__________ж.
Өтініш берушінің қолы _____________
«Шалғайдағы ауылдық елді
мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»
тәртібіне 2-қосымша

 

Оқу орнынан анықтаманың үлгісі

АНЫҚТАМА

 

______________________________________________________ берілді


(білім алушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә.)

Ол ________________________________________________________


(мектептің толық атауын көрсету)
_____ сыныбында ______ ауысымда (оқу кезеңі сағат ___ дан ____ дейін) оқиды және тасымалдауға мұқтаж.
Анықтама талап еткен орынға көрсету үшін берілді.

№____ мектептің директоры Т.А.Ә._______________


(мектептің атауын көрсету) (аты-жөні және қолы)
 

«Шалғайдағы ауылдық елді


мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»
тәртібіне 3-қосымша

 

Тұтынушыдан құжаттардың алынғандығы туралы қолхаттың үлгісі

 

Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі


_____________________________________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, облыстың атауы)

құжаттарды қабылдау жөніндегі № ______ қолхат

________________________ дан төмендегі құжаттар алынды:
1. Өтініш
2. Туу туралы куәліктің (жеке куәліктің) көшірмесі
№ ________ __________ кім берді ____________________________
3. Оқу орнынан анықтама.

Әкімдіктің қабылдаған маманы _____________ (қолы)

"__" _____________ 20__ ж.

«Шалғайдағы ауылдық елді


мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»
тәртібіне 4-қосымша

Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз ету туралы анықтаманың үлгісі

Анықтама

 

______________________________________________ берілді.


(оқушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә.)

Ол № __________________________ жалпы білім беру ұйымына және


(мектептің атауы)
үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілетін болады.
Анықтаманың оқу жылы бойы күші бар.

Кенттің, ауылдың (селоның),


ауылдық (селолық)
округтің әкімі
_______________________ Т.А.Ә._______________________
(елді мекеннің атауы) (аты-жөні және қолы)

М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет