«болашақ» Ғылыми-зерттеу институты


ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР



бет3/5
Дата20.10.2023
өлшемі34.01 Kb.
#481192
1   2   3   4   5
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

3. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР


1) жобаның негізгі ғылыми мәселелері мен гипотезаларын сипаттау, зерттеу стратегиясы мен тәсілдерін негіздеу, жобада қолданылатын зерттеу типтері (сипаттаушылық, корреляциялық және/немесе эксперименттік), зерттеулер жүргізудің дәйектілігі:
Математикалық методтарды тәжірибелік материалды өңдеу үшін де, сонымен бірге теорияларды талдап жасау үшін де физикада кеңінен қолданады, олар табиғат құпияларына тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Өз тарапынан физика – математиканың дамуына елеулі әсер етіп отыр.
Мектептік оқытуда да физика мен информатика пәндерінің өзара тығыз байланыста болуы заңды. Математиканың мектептік курсына қойылатын талаптарды тұжырымдай келіп, академик А. Н. Колмогоров былай деп жазды: «Мектептік оқытуда жеткілікті түрде физикалық есептерді жиі шығару арқылы, математика курсының жаңа бөлімдерін ашып, математикалық зерттеулердің бағытының дәлелі қызметін атқаруына тырысу керек».
2) ең маңызды эксперименттердің қысқаша сипаттамасы:
-Математикалық методтарды тәжірибелік материалдарды талдау;
- физика мен информатика пәндерінің өзара тығыз байланысын талдау;
- математика курсының жаңа бөлімдерін ашып, математикалық зерттеулердің бағытын талдау;
- эксперименттік нәтижелерді салыстыру;
3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу ретінде жобада пайдаланылатын зерттеу әдістерін сипаттау, олардың жобаның мақсатымен және міндеттерімен өзара байланысы, өзаралық байланыста болуы:
Жобада пайдаланылатын ғылыми әдістер мен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі, таңдалған тәсілдемелер негіздемесі ретінде сипаттау:
- әдеби, патентті және басқа да көздерден алынан материалдарды жинақтау және оқып танысу. Жиналған материалдарды талдау және байыту;
- жиналған материалдарды талдау қорытындыларын және өзіндік тәжирибелерді ескере отырып ғылыми-зерттеу және зертханалық-эксперименттік базаны құрастыру;
- ғылыми-зерттеу және зертханалық-эксперименттік базаны дайындау және іске қосу;
- жылдың климаттық циклі бойынша әртүрлі органикалық қалдықтардан биогаз алу процесін зерттеу;
- алынған биогазды каскадты тазарту жүйесін құрастыру;
- тазарған биогазды әртүрлі жанғыш газдарға түрлендіру және оның төменгі жану жылуын анықтау;
- жанғыш биогазды жағу үшін тиімді жандырғыш құрылғыны негіздеу.
Өңделген ұсыныстар жасалған ғылыми жұмыстардың, ғылыми жаңалығы мен олардың ұсынылған шешімдерінің деңгейін, олардың техникалық жүзеге асуын, әлеуметтік-экономикалық пайдасының тереңдігін пән ретінде қарастырады. Ұсыныстарды қарастыру процесі кезінде осы облыстағы нақты проблемалар айқындалады, сол арқылы алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге болады.
Осы шешімнің бұдан кейінгі этаптарында теориялық зерттеу сұрақтары шешіледі, ұсынылған шешімдердің техникалық жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін теориялық үлгіні және зертханалық макеттер құрастырылады. Зертханалық макетті сынау кезінде алынған нәтижелер ғылыми-техникалық тұрғыда талқыланады. Ұсынылған шешімдердің техникалық жүзеге асуын бекіту үшін қондырғыға қойылатын техникалық талаптар орындалады. Техникалық жүзеге асушы қондырғының ғылыми, құрылымдық, әдістемелік және техникалық құжаттары жасалады. Осы қондырғы үшін тәжірибелік үлгі дайындалады. Нақты зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
4) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістері, оның дереккөздері және жобаның міндеттерін шешу үшін қолдану, деректерді өңдеу тәсілдері, сондай-ақ олардың анықтығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету:
Осы жобада қойылған мақсатты шешудің әдістемелік қойылымы қарастырылатын сұрақтардың бүгінгі таңдағы күйімен танысу және оларды шешу үшін тізбекті әдістерін шетелдік және Қазақстандық сенімді ақпараттар көздерін таңдау және біліктілік арқылы жасаудан тұрады. Бұнда толық және сенімді ақпараттар таңдалады. Ғылыми этика қағидаттарын және дәйексөз алу қағидаларын қамтамасыз ету үшін ақпарат алмасудың бүкіл әлемге танылған ғылыми базалары, оның ішінде Web of Scince, Scopus, Elsevier платформалары мен құралдары, сондай-ақ ұлттық және шетелдік мемлекеттік ведомстволардың ресми платформалары кеңінен қолданылатын болады. Бұдан әрі, алға қойған мақсатқа қатысты таңдап алынған ғылыми-техникалық және оқулық әдебиеттердің мазмұнымен, видео материалдармен, ғылыми-техникалық мақалалармен, хаттармен танысу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет