Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы


С.Жиенбаев  еңбектерінің  теориялық  мәні



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.68 Mb.
#451158
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Тил билиминин калыптасуыpdf

1.С.Жиенбаев  еңбектерінің  теориялық  мәні  оның  мынандай 

тұжырымдары арқылы айқындалады: 

 

а) Қосарлы (диффуз) дыбыстардың, олардың ішінде қосарлы дауысты 



(дифтонг),  қосарлы  дауыссыз  (аффрикат)  дыбыстардың  табиғатын  ашуға 

бағытталған  тұжырымдары,  аталмыш  дыбыстардың  ана  тіліміздегі  алатын 

орны, тілімізге қатыстылығы туралы пікірлері

 

ә) Сөзжасамның аналитикалық тәсілі, оның ішінде сөзқосым (Термин 



–  Н.Оралбаеванікі.  Қазақ

 

тілінің  сөзжасам  жүйесі.  А-ты.  1989  ж.,  91  б.). 



тәсілі арқылы жасалған сөздерге талдамалар жасап, қазақ тіліндегі біріккен 

сөздердің дыбыстық, тұлғалық табиғаттарын атап көрсеткен, орыс тіліндегі 

сөздердің бірігуінен айырмашылықтардың мәнін түсіндірген; 

 

б) Қазақ тіліндегі түсіндірме (С.Жиенбаевта – академиялық) сөздіктің 



мақсаты  мен  жасалу  принциптеріне  тұңғыш  рет  ғылыми  анықтама  берді, 

сөздіктер жасау ісінің жөн-жобасын көрсетіп берді; 

 

в) Грамматика мен грамматикалық категорияларға байланысты жалпы 



лингвистикалық  мәселелерді  топқа  бөлуді  сол  тұрғыдан  шешуді  ұсынды, 

сөздерді таптастырудың    теориялық негізін қалаушылардың бірі болды; 

 

г)  Қазақ  тілінде  «үйірлі  мүше»  деген  терминді  енгізіп,  аталмыш 



категорияның  мәнін  ашып  көрсетті,  үйірлі  мүшені  шартты  түрде 

сабақтастың  бағыныңқы  сыңарына  пара-пар  қойғанымен,  айтқан  пікірлері 

әлі де маңыздылығын жойған жоқ

 

ғ)  Айқындауыштар  туралы  (С.Жиенбаевта  –  оңашаланған  мүшелер) 



ғылымдағы  бастама  еңбек  С.Жиенбаевқа  тиесілі  (С.Жиенбаев.  Сөйлемнің 

оңашаланған  мүшелері  туралы.  «Халық  мұғалімі».,  1939  ж.,№14;  Тыныс 

белгілері.  1941  ж.,  21-27  б.).  Оның  ішінде  ғалым  саралап  берген  сөз  арты 

айқындауыштары  арнайы  зертеу  нысаны  болса  (Күлкенова  О.,Қазақ 

тіліндегі 

сөз 


арты 

айқындауыштары. 

1978 

ж.), 


сөз 

алды 


айқындауыштарының  табиғатын  айқындай  түсу      әлі  де  ғылыми-зертеу 

нысанына алынбай келе жатыр

 

д) Бірінші сыңарының баяндауыштары көсемшеге біткен, мағыналық 



жағынан  тең  дәрежеде  байланысқан  құрмаластарды  салаластар  қатарында 

қарастыруы негізсіз емес, қазіргі кезде олардың тұлғалық тиянақсыздығына 

сай шартты түрде сабақтастар құрамына енгізіліп жүргені айқын нәрсе; 

 

е) Ғалым еңбектерінде атаулы сөйлемдердің табиғатын айқындауға да 



біршама талпыныстар жасалған, т.б. 

 

 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет