Еңбектің негізгі тұжырымы интонация басты амалдардың бірі екендігіне
тоқталып , «Дауыс ырғағы – сөздің сөйлемде тұрғандағы мәнісіне байланысты,
сөйлемдегі сөздердің өзара байланысынан туатын мәселе. Әсіресе, сөйлем
болмаған жерде жеке сөзді ақырын, қатты айтудың ешбір мәнісі, ешбір
қажеттілігі жоқ»(
Көрсетілген еңбек 3 б.) - дейді. Алайда, интонацияны тыныс
белгілерін тудырушы негізгі фактор ретінде қарамайды, тыныс белгілері туралы
мынандай тоқтамға келеді: «Сөйлемдегі сөздердің арасында түрліше кідіріс
болады – бірде аз, бірде көп. Олардың бәрі бірдей тыныс белгісі арқылы
белгілене бермейді. Тыныс белгісі негізінде сөздердің синтаксистік байланысына
сәйкес қойылады . Басқа жерлердегі тыныс (пауза) сөздің мағынасынан
байқалады. Тыныстың ешбір жазба белгімен көрсетілмеген жерлері толып
жатыр» (Көрсетілген еңбек. 3б.)
. Жалпы айтқанда , С.Жиенбаев тыныс
белгілерінің қойылуын сөздердің синтаксистік байланысына қатысты шешеді.
Оның пікірінше, «Тыныс белгісі, негізінен, сөздердің синтаксистік байланысына
сәйкес қойылады»(
Көрсетілген еңбек. 3 б.).
Автор бұл еңбегінде өзіне дейінгі оқулықтарда қалыс қалған немесе өзі
келіспейтін пунктуациялық ережелерге көбірек назар аударып, бұрынғыларды
қайталамауды мақсат етеді .
Аталмыш кітаптың екінші бөлігі «Сөйлемнің оңашаланған мүшелері
туралы» (Көрсетілген еңбек. 21-27 б.) деп аталады. Осы аттас мақаласы «Халық
мұғалімі» журналының 1939 жылы 14-нөмірінде жарық көрген-ді, кітапқа,
негізінен, сол мақала қайталанып басылған. Бұнда алдыңғы мақаладан гөрі сөз
алды айқындауыш мүшелері туралы ойларын толықтырып, олардың тыныс
белгілік ерекшеліктерін талдап көрсетеді. Қазіргі кезеңде дейін арнайы зерттеу
нысаны болмай келген оңашаланған айқындауыштардың бұл түрі туралы
ғалымның синтаксиске қатысты мұраларын әңгіме еткенде толығырақ
тоқталатын боламыз.
1
|