Болатұлы керей хан



Дата24.02.2016
өлшемі13.05 Kb.
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН
Болатұлы Керей хан (?-1473 ж.) – қазақ хандығының негізін қалаушы, Көк Орданың ханы Өрістің (Орыстың) шөбересі.

Шайбан әулетінен шыққан Дәулет – шайхтың баласы Әбілқайыр ханның көк кесене төңірегіндегі шайқаста Үз-Темір Тайшы басқарған ойрат әскерінен ойсырай жеңілуі – Барақ ханнан кейін биліктен айрылған Өріс хан әулеті сұлтандарының бас көтеріп, жеке бөлініп шығуына мүмкіндік туғызады. Осы мүмкіндікті жұрыс пайдаланған Өріс ханның ұрпақтары – Болатұлы Керей мен Барақ ұлы Жәнібек өздеріне қарайтын тайпаларды бастап, Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, Моғолстан жеріне кетеді. Онда оларды Моғолстан ханы Есен-бұға аса құрметпен қабылдап, өз мемлекетінің батыс жағынан Шу бойы мен Қозыбасы өңірін оларға бөліп береді. Осы арада олар жаңа Қазақ хандығының шаңырағын көтереді. Хан тауында Керейді ақ киізге отырғызып, хан көтерді.

Керей хан немере інісі Жәнібекпен біріге отырып, жас мемлекеттің іргесін бекітіп, шаңырағын биіктету үшін үлкен еңбек сіңіреді. Моғолстан ханымен бірлесіп, ойрат тайпаларына қарсы күреседі.

1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болып, оның ордасында таққа талас басталады. Осы тақ таласы Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына қайта оралып, мұндағы күреске белсене араласуларына мүмкіндік береді. Әбілхайырдың ұлы, ханның мирасқоры Шейх-Хайдардың жеңіліп, жақын адамдарымен бірге қырғын табуы – ұлыстағы бар биліктің Керей ханның қолына көшуіне жағдай жасайды. Осы кезден бастап Қазақ хандығы іргелі мемлекетке айналуға бет алды.



Керей ханның есімі 1472-1473 жылдардың тарихи деректерінде Бұрыш оғылан деген сұлтанның Моғолстан ханы Жүністің ордасына жасаған шабуылына байланысты соңғы рет аталады, содан кейін еш жерде кездеспейді. Сондықтан оның қашан және қандай жағдайда қайтыс болғанын анықтау қиын. Тек кейінгі оқиғалардың даму барысына қарағанда, ол сол 1473 жылдың оқиғаларынан кейін көп ұзамай қайтыс болған секілді.
Каталог: ld
ld -> 2 Б. Майлиннің өмірі
ld -> Мазмұны Кіріспе 4
ld -> Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды
ld -> 2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
ld -> 5 Қоғамның қалыптасу кезеңдері
ld -> Первичными числами являются: 618, 786, 27, 618
ld -> Окисление и галогенирование действием галогенов и галогенидов: экспериментальное и теоретическое исследование реакций, новые методы синтеза вицинальных ди-, поликарбонильных соединений и арилгалогенидов 02. 00. 03 органическая химия


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет