Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары



бет11/34
Дата07.09.2024
өлшемі2.25 Mb.
#503448
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Жұмыс дәптері Автомобильдермен қозғалтқыштар теориясы пәнінен Автомобиль теориясы

Сермер. Сермер піспектің өлі нүктеден шығуын жеңілдетеді. Жұмыс кезінде энергияны жинақтай отырып, ол қосымша ырғаққа көмектеседі. Сермер массасы айналымдардың жоспарлы өзгеруін қамтамасыз етеді. Қозғалтқышты іске қосу үшін, әсіресе іске қосатын тұтқышпен (стартер) сермерге тісті тәж нығыздалған. Сермерлер сұр шойыннан құйылады. Бұл ретте, металдың негізгі массасы шеңберде инерция кезеңін ұзарту үшін шеңберде орналасады.
Піспек. Піспек жұмыс кезінде және қосымша такт – қосу, сығылысу, өңделген газдың шығуы мен газдың жарылу күшін қабылдау үшін қажет. Піспек жұмысының шарты үлкен механикалық және жылу жүктемелерімен сипаттас келеді. Нақтырақ айтсақ, жоғары (2500 °С), қысым 10 МПа (100 кгс/см2) дейін және жылдамдық (піспек қозғалысының күші 15...20 м/с). Піспек қозғалысының әркелкілігі цилиндр ұзындығының орташа бөлігі маскималды жылдамдықпен қозғалады, өлі нүктеге қозағысты азайтып, тоқтап қалады, инерцияның бар күшінің пайда болуына әкеледі. Піспектің үйкелісуінен механикалық тозу пайда болады, ал температура көтерілген кезде оның әрекеті жұмыс кезінде эрозиялық және коррозиялық тозуға ұшырайды. Сондықтан піспек материалы төмендегі құрамнан тұруы тиіс:
• жоғары механикалық беріктік пен жоғары температурада жұмыс істеуге төзімді;
• құрамы үйкеліске төзімді:
жылу өткізгіш;
• сызықтық кеңеюдің төмен коэффиценті;
• коррозияға төзімді.
Мұндай жұмыс жағдайын қанағаттандыру үшін АК-4, АЛ-4, -25, -30 алюминий қорытпалары мен басқалары тиімді материалдар болып келеді.
Алюминийден жасалған піспектердің кемшіліктеріне сызықтық кеңеюдің үлкен коэффицентін және температураны арттыра отырып, механикалық сапаның бұзылуын жатқызуға болады. Мұндай кемшіліктерді жою үшін піспектер термиялық өңдеуден – жасанды түрде ескіруден өтеді. Піспектің негізгі бөлігі 1 түбі бар басы 10 және піспектің жанындағы бағытталған, белдемше деп аталатын 13 ( сурет 2) қабырға болып табылады. Піспек басының ішкі бөлігінде беріктік қабырғалары болады. Піспекті шатунмен біріктіру үшін дөңесше 3 шығыршықты жырашық қызмет етеді. Піспектің бастиегіне компрессиялық 6 және аз алмалы шығыршықтарды 4 орнатуға арналған шығыршықты жырашық орнатылған.



Сурет 2. Піспек және піспекті шығыршықтар:
а — піспек; б — піспек шығыршықтары; в — піспек шығыршықтарын орнату; 1 — піспек; 2 — піспек сұққыштарының тоқтатқыш шығыршығына арналған жырашық; 3 — піспек сұққышын орнатуға арналған дөңесше; 4 — шағын салмалы шығыршықты құруға арналған жырашық; 5 — піспектегі дренажды арналар; 6 — компрессиялық шығыршықты құруға арналған жырашық; 7 — піспек түбіндегі құрылатын қасқалша; 8 — беріктік дөңесше қабырғалары; 9 — піспек тобы көлемін белгілеу; 10 — піспектің түбі; 11 — компрессиялық шығыршықтың жоғары шойын ендірмесі; 12 — піспектің жанындағы температура тілімі; 13 — піспектің (белдемше) жанындағы қабырғалардың бағытталған бөлігі; 14 — май сылғыш шығыршықтың шығыршықты дискі; 15 — май сылғыш шығыршықтың шығыршықтың радиалды кеңейткіші; 16 — май сылғыш шығыршықтың осьтік кеңеюі; 17 — төменгі компрессиялық шығыршық; 18 — жоғарғы хромдалған компрессиялық шығыршықтар; 19 — түбімен қоса бастиек жасайтын піспектің бүйір қабырғасының нығыздалған бөлігі

Жоғары компрессиялық шығыршық үшін піспектің басына шойын ендірме қойылады 11. Оған компрессиялық шығыршық үшін жырашық кесіп жасалған. Май сылғыш шығыршыққа піспектің ішіне өтпелі бұрғылау – дренажды арна 5 жасалған. Сол арқылы цилиндрдің қабырғасынан алынған майдың артық қалдығы піспектің ішіне, бұдан кейін қозғалтқыш картерінің тұғырығына ағады. Цилиндрге піспекті іріктеу суық күйінде жүзеге асырылады. Піспек пен цилиндрдің арасын қыздыру кезінде піспектің желінуінің алдын алатын саңылау қалдырылады, майлы қабықша құруды қамтамасыз етеді. Биіктікте піспекті қыздыру бірдей жүргізілмейді. Әсіресе, жоғары бөлігі қатты қыздырылады. Бұл жерден піспек басы мен цилиндр арасындағы саңылаудың биіктігі бойынша көлемі әркелкі. Белдемшенің төменгі жағында осы саңылау кішірейе түседі.


Піспек шығыршықтары. Шығыршықты жырашықтарда піспектердің бастиектеріне піспек шығыршықтары орнатылады. Көптеген қозғалтқыштарға екі компрессиялық және бір майсылғыш шығыршық салынады. Компрессиялық шығыршық цилиндрде қайтымды-iлгерiлемелі қозғалысында піспектің нығыздау қызметін атқарады. Піспек басынан цилиндрлерге жылжудың бөлінуі мен жану камерасынан қозғалтқыш картеріне газдың жарып өтуінің алдын алады.
Шатундар. Шатун қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде сұққы арқылы піспекке және піспектен қозғалтқыштың иінді білігіне күш береді. Ол піспектің қайтымды-iлгерiлеме қозғалысын иінді біліктің айналмалықозғалысына қайта өзгертеді.

Сурет 3. Шатун:


1 — сомын; 2 — бұрандама; 3, 14—майға арналған саңылау; 4 —шатунның өзегі; 5 — қола төлке; 6 — піспек сұққысына май өтетін саңылау; 7 — шатунның жоғарғы бастиегі; 8 — төменгі бастиектің нөмірі; 9 — шатунның төменгі бастиегі; 10 — төменгі бастиегінің қақпасы; 11 — тоқтатқыш сомын; 12 — белгі; 13 — ішпектер; 15 —мұртша; 16 — шатун


Піспек сұққылары. Піспек сұққылары піспектің шатунмен топсалы қосылуына арналған. Олар өте берік болуы тиіс, себебі жұмыс кезінде бағыты мен көлемі бойынша өзгеретін бар салмақты қабылдайды. Көміртекті немесе аз көміртекті болаттан жасалады. Аз көміртекті болат сұққылары тереңдігі 1...1,5 мм үстіңгі кірігуге және жиілігі жоғары токтың үстіңгі шынығуына, бұдан кейін белгілі бір қаттылыққа дейін ұшырайды. Көміртекті болат сұққылары тереңдігі 1...1,5 мм шынығуға тап болады. Үйкелісті азайту үшін сұққылардың жоғарғы қабаты жылтырай түседі. Термиялық өңдеуден кейін сұққылардың қатты төтеп бергіш қабаты мен тұқыр өзек пайда болады. Бұл екпінді және айнымалы таңбалы жүктеме жағдайында өте қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет