Тарау 3 Газ таратқыш механизм
3.1 ГТМ-нің қызметі, механизмнің түрлері
Газ тарату механизмі цилиндрге уақытылы жанармай қоспасын (карбюраторлы қозғалтқыш), немесе тазартылған ауаны (дизель) жеткізіп және игерілген газды шығару үшін арналған.
Піспекті төрт ырғақты карбюраторлы қозғалтқыш жанармай қоспасын жіберу және игерілген газды шығару төменгі және жоғарығы қалыпта тұратын клапандар арқылы жүзеге асырылады. Төменгі қалыпта орналасқан клапан цилиндр блогында орналасқан, ал жоғарғы қалыпта орналасқан клапан цилиндр басында орналасқан.
Заманауи қозғалтқыштар көбіне газ тарату механизмінде клапандар жоғарғы қалыпта орналасқан, мұндай жағдайда жанатын камера кешенді болады, цилинардің толу мүмкіндігі артады, клапандарды реттеу оңай жүреді және салқындатқыш сұйықтықпен жылуды жоғалту айтарлықтай азаяды (автомобиль қозғалтқыштары ЗИЛ-431410, КамАЗ-5320, ГАЗ-3110 «Волга», ВАЗ-2109, -2110).
Клапандары жоғарғы қалыпта орналасқан бір қатар қозғалтқыштарда (3.1 сурет) таратқыш біліктің бағдартқыш 17 күші итергішке 16 беріледі, одан – қарнаққа 15 беріледі. Қарнақ реттеу бұрамасы арқылы 14 иіннің қысқа иығына әсер етеді 11, яғни, осьімен айналып 12 бір ұшымен клапанның желісін басады 2. Сонымен серіппе 6 қысылады, ал клапан астына басылады да еріктен ауытқып 1, клапанның міндетіне байланысты жанармай қоспасын іске қосады немесе игерілген газды шығарады. Жұдырықшаның дөңес жері 17 итергіштен 16, шыққаннан кейін клапанды механизм серіппенің 6 әсерінен қалыпты жағдайына келеді. Цилииндр басында тығыздатылған 5 бағыттаушы тығынның қалыпы тоқтатқыш сақинаға 4, ал реттеуші бұрама 14 — контргайкаға бекітіледі 13. Клапан өзегінің жоғарығы ұшы тығын 9 көмегімен тарелкада 8 орналасқан сухарикке 10 бекітіледі.
Таратқыш біліктер клапанның жоғары қараған қалпында цилиндр болгына орналасуы мүмкін — төмен (ЗИЛ-431410, -4331, КамАЗ-5320 автомобиль қозғалтқыТаратқыш біліктің жоғары қараған қалпында (сурет 3.2) итергіш пен қарнақ болмайды, соның салдарынан клапанды механизмнің инерциялы күші мен массасы азаяды, ол иінді біліктің айналу жиілігін арттыруға және қозғалтқыш жұмысы барысында шуды азайтуға мүмкіндік береді.
ВАЗ автомобильінің артқы жетегіндегі қозғалтқышында (сурет 1, а) таратқыш білік цилиндр блогы басының 2 жеке картерінде орналасқан және мойынтірек жылжуымен айналады.
Бір қатарға орналасқан клапан жетегі 1 бір иінтіректің иіні (рокер) 3 арқылы таратқыш біліктің 4 тікелей жұдырықшасынан жүзеге асады. Бір иінтіректі клапан өзегіне, екінші жағымен —бұранданың 5 сфералық басына сүйенеді және оған 7 шпильді серіппе көмегімен тіреледі.
Сурет 1. Автомобильдердің таратқыш білігі жоғары қалпындағы қозғалтқыштың газ таратқыш механизмдері:
а — ВАЗ-2105, -2107 «Жигули»; 6 — ИЖ-2126 «Ода»; в — ВАЗ-2109, -2110; г - ГАЗ-3110 «Волга»; 1 — клапан; 2 — цилиндр басы; 3 — иінтірек; 4 — жұдырықша; 5 — бұранда; 6 — контргайка; 7 — шпильді серіппе; 8 — сфералық ұшы; 9 — иін; 10 — таратқыш біліктің корпусы; 11 — реттеуші шайба; 12 — май қайтарғыш қақпақша; 13 — бағыттаушы тығын; 14 — клапан ершігі; 15 — итергіш; 16 — гидроитергіш; 17 — таратқыш білік; 18 — гидроитергішпен шығаратын клапан; 19 — екі қабатты серіппе; h — жылу саңылауы
электромагнитті бүріккіш трубасына жанармайды таратып шашу (жұмыс тәртібіне сәйкес) жүйесі орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |