3.2. ГТМ-нің құрылымы және бөлшектері
Клапандары жоғары қалыптағы газ таратқыш механизм мен клапаны төменгі қалыпта орналасқан газ таратқыш біліктің клапандары беріліс бөлшегі арқылы жетекке ие (итергіш, қарнақ, иін).
Итергіш. Олар таратқыш иіннен алған күшті қарнақ арқылы иінге жіберуге арналған. Оны болаттан және шойыннан дайындайды. Итергіштер (сурет 3.2) цилиндрлі және иінтірек-роликті болады. ЯМЗ-236М2 және -238М2 дизельдерінде таратқыш иіннің үстіндегі осьте 1 орнатылған тербелмелі типті иінтірек-роликті итергішті қолданады (сурет 2, а). Итергіш 3 ролигі 2 таратқыш иіннің жұдырықшасына тіреледі. Роликтің осьі ине тәрізді мойынтіректе айналады, сондықтан ролик жұдырықша бойынша жылжығанда үйкелуі тербеліс түрінде болып, итергіштің ұзақ жарамды болуын қамтамасыз етеді, итергіш үстінен қарнақ тіреледі 4.
ЗИЛ-508, ЗМЗ-511 және КамАЗ-740, Д-245.12 дизельдерінде арнайы бағыттаушы-тетікте орнатылған цилиндрлі итергішті 7 (сурет 2, б) қолданады. КамАЗ-740 дизельінде алынбалы бағыттаушы қолданылады. Итергіштің ішкі жағында майды ағызатын тесігі 9 бар.
Сурет 3.2. дизельдің клапанды жетек бөлшектері:
а — ЯМЗ; б — КамАЗ; 1 — ось; 2 — ролик; 3, 7 — итергіш; 4 — қарнақ; 5 — реттеуші бұранда; 6 — иін; 8 — қарнақтың сфералық қабаты; 9 — майды ағызу тесігі; 10 — итергіштің бағыттаушы қабаты; 11 — ұшы; а және b — иінағаштың иығы
Болат итергіштердің бүйірлі қабатының 10 жұмыс төзімділігін арттыру үшін жұдырықшамен жанасатын жерін арнайы қажалмайтын шойынмен қаптайды.
Қарнақтар. Итергіштен күшті иінге жіберу үшін қарнақ көмектеседі, оның ұштары шыңдалып болат шыбықтан жасалады (ЗИЛ-508 қозғалтқыштары) немес болат сфералық ұшы бар қалайы ерітіндісінен (ЗМЗ-511 және -4022 жасайды).
ЯМЗ, КамАЗ, Д-245.12 дизельдерінде қарнақні 4 (сурет 2, б) қарапайым болат трубадан жасайды.
Қарнақ шеттеріне болат сфералық ұшты тығыздайды 11, олар бір жағымен реттеу бұрандасының 5 иінағашқа 6 бұрылған сфералық бетіне (сурет 3.6, а), ал екінші жағымен — итергішке тіреледі.
Иінағаш. Қарнақден күшті клапанға жеткізетін иінағаш болып табылады, оның иығы тең емес, болаттан немесе шойыннан жасалады. Иінағаш а иығы b иығына қарағанда шамамен 1,5 есе үлкен. Иінағаштың иығының ұзын болуы итергіш пен қарнақнің қозғалысын азайтып қана қоймайды, сонымен бірге олардың қозғалысы барысында пайда болған инерция күшін азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |