Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары


Тарау 4 Салқындату жүйесі



бет16/34
Дата07.09.2024
өлшемі2.25 Mb.
#503448
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Жұмыс дәптері Автомобильдермен қозғалтқыштар теориясы пәнінен Автомобиль теориясы

Тарау 4 Салқындату жүйесі


4.1. Қозғалтқыштың салқындату жүйесі

Салқындату жүйесі қозғалтқыштың қолайлы жылу режимін қызған бөлшектерден жылуды күштеп алып кетіп, ол жылуды қоршаған ортаға беру арқылы ұстап тұру үшін қызмет етеді.


Заманауи қозғалтқыштарда жылудың қозғалтқыш цилиндрлерінде бөлінетін жылудың тек 25...42 % ғана пайдалы жұмысқа айналады, қалған жылу пайдаланылған газдар, салқындатушы сұйықтық немесе ауамен кетеді де қажалуға, қозғалтқыштың сыртқы беттерімен қоршаған ортаға таратылуына жұмсалады.
Пайдалы жұмыс атқаруға кететін жылу мен оның аталған шығындарға жұмсалатын шығыстары қозғалтқыштың жылу балансын құрайды.
Қозғалтқыштағы жану 2200.2300 °С жететін жоғары температурада іске асатындықтан,цилиндр, піспек және клапандардың бағыттаутөлкелері мәжбүрлеп салқындатпаса майдың өртену (тұтану)температурасынан әлдеқайда асып түсетін еді. Сол себепті түйіндер мен механизмдер жұмысының қалыпты жылу режимін ұстап тұру үшін өзара әрекеттесуші бөлшектердің қызып кетуін болдырмай, олардан жылуды алып кетіп отыру керек. Салқындату жүйесі алып кетуі тиіс жылу мөлшері қозғалтқыш қуаты мен жұмыс режимдеріне байланысты болады.
Қозғалтқыш қызған кезде қажалу күші мен бөлшектердің тозуы артып, жылу саңлаулары кішірейіп, күйік тұрып қалып, карбюраторлы қозғалтқыштар цилиндрлеріне жанғыш сұйықтықтың толтырылуы, ал дизельдердің таза ауаға толуы нашарлайды. Алайда жылуды шектен тіс көп алып кеткенде қозғалтқыш суып кетіп, майдың жабысқақтық қасиетңн өзгертеді және бұл бөлшектер тозуының артуы мен қажалудың механикалық шығынының артуына, қозғалтқыш қуаты мен үнемділігінің төмендеуіне апарып соғады. Сол себепті қозғалтқышқа түсетін ауыртпалыққа қарамастан, оның жылу режимін 85.95 °С шамасында ұстап тұру керек.
Ауамен салқындату жүйесі жылуды қатты қызған бөлшектерден алып кету үшін жағдай тудыратынына қарамастан, үрлеу желдеткішін іске қосу үшін қозғалтқыштың мол қуаты қажет етіледі және төмен температурада ыстық сумен қыздыру мүмкіндігі болмағандықтан, қозғалтқышты төмен температурада іске қосу қиындайды. Сол себепті салқындату сұықтығын күштеп айналдыратын сұйықтық жүйелер кеңінен таралды. Мұндай жүйелер жұмыста неғұрлым тиімді және іске қосу құрылғыларымен бірге қоршаған ауаның қолайсыз температурасы кезінде қозғалтқышты оңай іске қосып, оның жұмысындағы шуды азайтады.
Салқындатушы сұйықтық ретінде су немесе оның этиленгликоль қоспалары — антифриздер қолданылады. Төмен температурада қататын қоспалар кеңінен қолданылды: Тосол А-40М, ОЖ-40 «Лена» мен Тосол А-65. Антифриздерді этиленгликольді сумен араластыру арқылы аладый. Мысалы, Тосол А-40М судың этиленгликольмен 50 %-дық қоспасы, ол -40 °С температурада мұзға емес, радиатор мен цилиндрлер блогының зақымдалуын болдыратын қою массаға айналады.
Сұйықтық сорап. Салқындату жүйесіндегі салқындатқыш сұйықтықты күштеп айналдыруды ортадан тепкіш типті сұйықтық сорап іске асырады (5.2-сур.). Сорап цилиндрлер блогының алдыңғы бөлігінде орналасқан және иінді біліктің тегершігінен сына-белдікті беріліспен іске қосылады. Ол өзара төсем 6 арқылы қосылған корпустан 7, қалақшадан 5 және мойынтіректер корпусынан 10 тұрады. Сораптың білігі 4 майды ұстап тұру үшін тығыздамалармен қамтамасыз етілген екі шарикті мойынтіректерде
3айналып тұрады. Алдыңғы піспекті тірек сақинасы 2 тіркеп, ал артқысы қашықтық төлкенің 11 орын ауыстыруынанұсталынып тұрады.

1-сурет. Ортадан тепкіш сорап пен желдеткіш:


1 — желдеткіш; 2 — тірек сақина; 3 — шарикті мойынтіректер; 4 — білік; 5 — қалақша; 6 — төсем; 7 — сорап корпусы; 8 — ағындар; 9 — апарушы құбыр; 10 — мойынтіректер корпусы; 11, 12 — төлкелер; 13 — күпшек; 14 — тегершік; 15 — қалақшалар; 16 — ұңғыма; 17 — тығыздау шайбасы; 18 — үстеме

Пластмасса қалақша 5 біліктің артқы бөлігіне металл күпшек көмегімен бекітіледі. Қалақша айналғанда әкелуші құбырдан 9 сұйықтық оның ортасына барып түседі, сосын оны қалақшалар қармап алып, ортадан тебетін күш әсерінен сорап 7 корпусының қабырғаларына лақтырылады, ол жерден іші қуыс ағындар 8 арқылы қозғалтқышты салқындату мұқабасына беріледі.


Сорап 7 корпусында айналып тұратын бөлшектерге ауа кірмеуін өздігінен қозғалатын тығыздама қамтамасыз етеді, ол қақпақшаға орнатылған және тығыздау шайбасы 17, резина үстеме 18 және тағаздаушы шайбаны 17 мойынтіректер корпусының дөңбегіне тақап тұрады. Тығыздау шайбасы 17 өзінің дөңестерімен қалақшаның ойықтарына 5 кірейді және ұңғымамен16 бекітіледі.Біліктің 4 алдына төлке 12 көмегімен күпшек 13 орнатылған,оған сорап пен желдеткіш жетегінің тегершігі 14 бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет