Бөлім Қазақ халқының қалыптасуы
|
Тақырып
|
Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 111 тоқсан бақылау жұмысы
|
Оқу мақсаты
|
6.1.1.4 «Қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
«Қазақ» этнонимінің мағынасына түсіндірме жасайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма
«Қазақ» этнонимінің мағынасы туралы ғылыми болжамдарын түсіндіріп, өзіңіздің ойыңызды жазыңыз.
№
|
Пікір
|
1
|
Ежелгі Сібір тайпалары тілінде «қазақ» сөзі «мықты», «берік» деген мағына береді
|
2
|
«Қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, ХІІІ ғасырда «еркін адамдар» деген мағынада қолданылды.
|
3
|
В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді.
|
4
|
Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) монғолдың хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.
|
|
Дескриптор
|
Білім алушы
«Қазақ» этнонимінің мағынасын ғалымдардың пікірлері негізінде түсіндіреді;
«Қазақ» этнониміне қатысты ғылыми болжамды қолдайтындығын/қолдамайтындығын анықтайды.
|