Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» 1-нұсқа


Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым»2-нұсқа



бет3/4
Дата10.01.2023
өлшемі18.06 Kb.
#468289
1   2   3   4
7 бжб 4 тоқсан

Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым»2-нұсқа
_______________________________________________________________________________
1-Тапсырма.Мәтінді мұқият оқып,оқып,негізгі ойды анықтаңыз.
Шақпақатадан шыққан батыр
Бауыржан Момышұлы былай дейді: «Біз майданда болдық. Белуардан қан кештік. Тылда жүріп көз жасымызды көл еттік. Күн, түн демей еңбек етіп, жеңіс үшін тер төктік. Осының бәрін біз тарих алдында, Отан алдында, адамгершілік, намыс алдында ақ ниетпен азаматтық борышымызды өтеу үшін істедік. Сөйтіп оны абыроймен ақтадық. Бұл жеңіс бізге арзанға түскен жоқ. Ел дегенде еңіреген ерлеріміздің қан майданда құрбан болғаны аз емес. Қол-аяғын беріп, мүгедек болып қайтқан ерлеріміз бар. Ұлы Отан – туған елім, туған жерім. Ұлы Отан жалынына шарпылмаған біздің елде бір де бір отбасы жоқ. Соғыс қайғысы, соғыс мұңы әрқайсымыздың басымыздан өтті. Жауынгердің сағынышы, ата-ананың қайғысы, жардың мұңы, жетім-жесірдің көз жасы әрқайсысымыздың көз алдымызда. Мен өзім қырық жылғы қырғында аман қалған жандардың бірімін. Сол сұрапыл қырғын соғыста еліміздің талай саңлақ батырларының, ақылды ерлердің қаза тапқанын мен өз көзімменен қан майданда көргем. Менен артық, менен батыр, менен ақылды жігіттер өліп кеткенін көзіммен көрдім. Олардың иманы жолдас болсын. Олар Ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі үшін жан аямастан соғысты, тәуелсіздік үшін жан тәсілім етті. Имандары жолдас болсын».
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет