Бөлім: Космология



бет2/3
Дата10.09.2023
өлшемі31.32 Kb.
#477059
1   2   3
үлкен жарылыс теориясы 11 А

Инфляция дегеніміз не? Үлкен жарылыстан кейін Ғаламның диаметрі кенеттен өте жылдам ұлғайды деп пайымдалады: мұны инфляция деп атайды. Ғаламның диаметрі шамамен 10-32 секундтай (немесе бір секундтың триллионнан бір бөлігінің миллиардтан бір бөлігі) өте аз уақыт ішінде триллион триллион есе ұлғайған.
Ғарыш кеңістігінде гелий мөлшерінің көп болуы.
Шартәрізді шоғырлардағы ең кәрі жұлдыздардың химиялық құрамы біздің әлемге 13—15 млрд жыл болғанын көрсетті.
Аспан денелері мен олардың жүйелерінің (мәселен галактикалар) эволюциялық өзгерісіне тұрақсыз құбылыстар және жарылыс процестері (жұлдыздың тұтануы, асқын жаңа жұлдыздардың жарылуы т.б.) негізгі себепші болған.
Бұдан 15 млрд жылдай бұрын алапат жарылыс біздің әлемді жасады. Кеңістікті, уақытты, барлық материяны және бізді қоршаған энергияны тудырған "Үлкен жарылыс" деп аталған табиғат өзгерісінен кейін барлық әлем пайда бо лды деп айту ақылға қонымсыз сияқты.
Әлем ерекше тез кеңею сатысын басынан өткізді. Кеңістік орасан зор мөлшерде энергия бөліп шығара отырып өзінен өзі кеңейе берді. Осы сәтте Әлем пайда болды. Ол кеңейген сәтте салқындай бастады. Алғашында Әлем белгісіз көлем мен концентрациядағы элементтерден тұрды. Осы күйде заттар өте жоғары температураға дейін қызған және кеңеюдің бірінші секундында сәуле шығарумен жылулық тепе-тендікте болды. Үлкен жарылыс кезінде жанып тұрған отты шар жан-жаққа лақтырылып, барлық бағытта шашырап кеткен. Отты энергияның жарылысы болып ол кейін салқындай келе материяға айналды. Әлем 300 мың жыл бойы өзара әрекеттесетін және барлық Әлемді біркелкі толтыратын электрондардан, протондардан, нейтрондардан және сәуле шығарудан тұрды. Әрі қарай Әлемнің кеңею процесінде заттардың тығыздығы және сәуле шығаруы, температуралары төмендеді. Температура 4000 К жеткенде сәуле шығару заттармен әрекеттесуін тоқтатты. Сөйтіп, олардың әрқайсысының эволюциясы өз бетінше жүрді. Әлемнің кеңеюінің басталғанына шамамен миллион жыл өткеннен соң тұрақты атомдардың қалыптасу уақыты келді.
Қараңғы материя (ағылш. Dark matter) — электромагнитті сәуле шығармайтын және онымен қатынасқа түспейтін материя формасы. Яғни, астрофизика ғылымында жарықпен әсерлеспейтін, бірақ тартылыс күшінің ықпалына ұшырайтын (гравитациялық эффекті) заттыҚараңғы материя деп атайды. Бұл қасиет оған бақылау жүргізуге мүмкіндік бермейді. Бірақ оның жасайтын гравитациялық эффектілерінің көмегімен оны байқауға болады
Жарылыстан кейінгі көптеген миллион жылдар бойы сол жарылыстың энергиясынан пайда болған жарықтан әлем жарқырап тұрды. Әлемнің пайда болуының жарылыстың сипатын дәлелдейтін деректерді ғалымдар осы уақытта да тауып жатыр. Олар:

  • ғарышта Әлемнің пайда болу кезінен кездесетін қалдықты сәуле шығару аясы;

  • кеңіген Әлемнің қозғалысын көрсететін галактика спектріндегі қызыл ығысу;

  • ғарыш кеңістігінде гелий мөлшерінің көп болуы (Үлкен жарылыс теориясы болжап айтқандай, сутегінің 12 атомына гелийдің бір атомы сәйкес келеді. Гелийдің мұндай мөлшерін жұлдыздардың сутегін "қайта жасау" нәтижесінде өндіру мүмкін емес. Әлемнің кеңеюі басталғаннан кейінгі оныншы секундта гелий синтезделе алды, ол кезде заттың температурасы жүздеген миллион градус болған).

Үлкен жарылыстан кейін Әлем кеңейіп, салқындай бастады. Элементар бөлшектер протондар мен нейтрондарға бірігіл, ал олар өз кезегінде электрондарды қармап алып атомдар пайда болды. Атомдар әрі қарай бірігіп химиялық элементтердің кірпіштеріне айналды. Жүздеген миллион жыл бойы гравитациякүштері материяны орасан зор қоймалжыңға жинап, ғарыштың архитектурасын даярлады.
Жүздеген миллион жылдар өткеннен кейін сутегінің зор бұлттары қазір бақылап отырған галактикаға жинақталды.
Ал осы галактиканың ішіндегі аз гравитациялық өрістер сутегілерді ыстық жұлдыздарға жинады. Олардың температуралары жұлдыздың қойнауында сутегіні әлде қайда ауыр элементке айналдыратын термоядролық реакциялардың басталуына жеткілікті болды
Қызыл ығысу деген не?
Ұлғаю Жарықтың алыс галактикалардан қызыл ығысуы олардың бір-бірінен алшақтап қозғалатынын көрсетеді, және бұл Үлкен жарылысқа дәлел бола алады. Қозғалыстағы заттар толқын шығарғанда, толқынның ұзындығы мен жиілігі өзгереді. Мәселен, пойыз бір орында тұрған бақылаушыға қарай қозғалса, пойыздан шығатын дыбыстың жиілігі қозғалыссыз тұрған пойыздың жиілігінен көп болып естіледі. Егер пойыз бақылаушы жанынан өтіп, бақылаушыдан ұзап бара жатса, дыбыстың жиілігі азайғандай болады. Мұның себебі, қозғалыстағы пойыз шығаратын дыбыс толқындары алдын-ала шығып қойған толқындарға ілеседі не олардан алшақтайды, бұл толқындардың арақашықтығын азайтады немесе арттырады. Яғни, келіп жатқан толқындардың арасындағы уақыт азаяды немесе көбейеді. Дененің жылдамдығын осы жиіліктің өзгерісі арқылы өлшеуге болады. Жарықта да осы эффект жүзеге асады. Егер дене бақылаушыға қарай қозғалса, толқын ұзындығы спектрдің соңына қарай, “көк” түске қарай жылжып, азая бастайды. Ал егер дене бақылаушыдан қарсы бағытта қозғалса, ол “қызыл ығысуға” ұшырайды. Алыс галактикаларды бақылағанда, олар қызыл ығысуға ұшыраған сияқты болып көрінеді. Мұның екі себебі бар: біріншіден, галактикалар бір-бірінен алшақтап қозғалуда; екіншіден, жарық ұлғайып жатқан ғарыш кеңістігі арқылы өткенде, оның толқын ұзындығы артады, бұл да қызыл ығысуға алып келеді.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет