№
р\н
|
Жүргізу қадамдары
|
1
|
Берілген жұмыстарды жүргізуге арналған жабдықтарды тексеру
І.а. спирті бар спирт шамы (спиртовка)
І.б. бактериологиялық ілмек
І.в. физиологиялық ерітінді
І.г. поливалентті коли сарысулары О26,О55,О111
І.д. заттық әйнекше
І.е. Рессель ортасы
|
2
|
24 сағаттан кейін табақшаны термостаттан алады. Эндо ортасында өсіп шыққан колонияларды бақылап, зерттеп, сипаттайды, қызыл түсті немесе металл жылтыры бар колонияларды таңдап алады. Табақшаның астының сыртқы жағынан белгіленген колонияны стеклографпен шеңбер жасап қоршап алады. .
|
3
|
Спиртшамды жағу қажет.
|
4
|
О26,О55,О111 – коли сарысуларының қоспасымен болжамды агглютинация реакциясы қойылады.
|
5
|
Ілмекпен заттық әйнектің бір шетіне агглютинациялық коли сарысуды тамызып, ілмекті отқа қыздырып алып, суытып физиологиялық ерітіндіні алып заттық әйнекшенің екінші шетіне тамызады.
|
6
|
Ілмекті қыздырып, суытады (табақшаның шет жағасына немесе бактерия өсіндісі жоқ жеріне е тигізеді).
|
7
|
Ілмекпен колонияның аз ғана бөлігін алып, агглютинациялық сарысуға араластырады. Ілмекті отқа қыздырып, суытып, штативке орналастырамыз. .
|
8
|
Ілмекпен колониялардың екінші бөлігін алып, физиологиялық ерітіндіге араластырамыз. Ілмекті отқа қыздырып, суытып, штативке орналастырамыз. .
|
9
|
Затты әйнекті ақырын шайқап қозғалтып, агглютинацияның пайда болуын бақылайды.
|
10
|
Егер, агглютинациялық сарысуда агглютинация пайда болса, реакция оң болып есептелінеді. Онда бұл колония эширхия тұқымдастығына жатады.
|
11
|
Таза дақыл бөліп алу үшін ілмекті отқа күйдіріп, суытып, колонияның қалған бөлігін алып Рессель ортасына себеді.Алдымен Рессель ортасының бағаналы бөлігіне укол әдісімен пісіп егеді, сонан соң агардың қиғаш бөлігіне штрих әдісімен себеді. Пробирканың сыртын толтырып, 370 және 24 сағатқа термостатқа қояды.
|